Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 2– Банк балансын экономикалық талдаудың әдістері



Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні және міндетін, экономикалық талдау ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын ашу.

Мазмұны

1. Коммерциялық банк балансының құрылу схемасы және принциптері.

2. Банк балансына қойылатын талаптар және талдауды жүргізудің негізгі бағыттары.

3. Банк қызметін талдаудың негізгі әдістері мен сатылары.

4. Салыстыру, топтастыру, коэффициенттік көрсеткіштер, индекстік, жүйелік талдау, элиминириялық, талдау нәтижесіне сызба – көрнектілік әдістеріне сипаттама.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: тікелей талдау; көлденең талдау; тренді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау; қаржылық козффициенттер әдісі, экспресс-талдау әдісі және т.б.

Қаржылық есептілікті ұсыну тұтынушыларды банктің қаржылық жағдайы туралы және банк қызметінің нәтижелері жөнінде және оның есепті мерзімдегі өзгерістері жөнінде пайдалы маңызды және анық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаулысымен «№21 Бухгалтерлік есеп стандарттарын бекіту жөніндегі №399 2001 жылдың 15 қазанындағы «Банктердің қаржылық есептілігіне»» сәикес екінші деңгеилі банктер үшін жылдық қаржылық есептіліктің келесі нысандары бекітілген:

Бухгатерлік баланс (нысан №1);

Қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері жөніндегі есебі (нысан №2);

Ақша қозғалысы жөніндегі есебі (нысан №3);

Капиталдағы өзгерістер жөніндегі есебі (нысан №4);

Түсіндірме қағаз.

Сонымен қатар екінші деңгеилі банктердің жылдық қаржылық есептілігі құрамына осы қаулы боиынша тоқсандық қаржылық есептілік нысаны әрекет етеді. Банктер сондаи-ақ аилық және күндік баланстарды да ұсынып отырады.

Баланстар, оған қосымшалар және қосымша мәліметтер банктермен қолда бар электронды байланыс құралдарымен Ұлттық Банктің есептеу жұмыстары боиынша Департаментіне екінші деңгеилі банктердің статистикалық есептілік ақпараттарын жинақтау және өңдеу боиынша «Статистика» жүиесі арқылы деректерді жіберіп отырады. Сонымен қатар бантік қадағалау Департаментіне қолжазба түрінде де есептіліктерін өткізуі қажет.

Банктер ҰБ есептеу жұмыстары боиынша Департаментіне екі жұмыс күннен ұзартпай - күндік баланстарын, ал айлық баланстарын – үш күннен асырма кешіктірмей өткізіп отыруы тиіс. Құрамында оннан астам филиалы бар банктер күндік баланстарын 3 жұмыс күннен ұзартпай, айлық баланстарын – келесі айдың 5 жұмыс күн ішінде өткізіп отыруы тиіс.

Жылдық есептілікті өткізу мерзімдері қорытынды айналымдарын ескере отырып, ҰБ-пен анықталады.

Екінші деңгейлі банктердің есептілігі жылдық бухгалтерлік баланс, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері жөніндегі есебі түрінде сәйкесінше аудиторлық тексерістен кейін жылдың 01.05. –нен қалмай кешіктірмей жариялануы тиіс. Жариялау жөніндегі ақпараттар Банктік қадағалау Департаментіне есепті жылдың 15 майынан кешіктірмей тапсырылуы тиіс.

Ең алдымен қаржылық есепті дайындамас бұрын банктер жылдық есепті дайындау уақытында келесі қорытындылаушы операцияларды жүргізуі тиіс:

− Жіктелуші активтер мен шартты міндеттемелер бойынша толық көлемде провизияларды қалыптастыруы қажет;

− Шетел валютасының, бағалы металдар мен бағалы қағаздар құнының қайта бағалауын жүргізу.

− Ностро есеп шоттары бойынша Қазақстанда және онан тыс территориядағы банктерде ашылған корр.шоттардың сәйкестігін тексеру;

− Сәйкес баланстық шоттар бойынша бухгалтерлік жазулар көмегімен негізгі құралдар мен материалдардың инвентаризациясының нәтижелерін көрсету;

− Банкте әрекет етуші ережелерге сәйкес еңбек ақы, сый ақы, еңбек демалыстары бойынша есептеулер жүргізіп және сәйкесінше бухгалтерлік жазулар жасау;

− Бухгалтерлік принциптерге сәйкес барлық жасалған келісім шарттар бойынша (депозиттер бойынша, несиелер бойынша, ішкібанктік есептесулер бойынша) талдау жасау және оларды сәйкес есеп шоттарда бейнелеу;

− құрылған провизиялар есебінен мерзімі өткен активтер мен мерзімі 180 күннен өткен тоқтатылған несиелерді және 60 күннен асқан мерзімі өткен сыйақыны баланстан алып тастау қажет және оларды баланстан тыс есепке енгізу керек.

− 30 күннен асқан сыйақыны төлемеу жағдайында несиелер бойынша сыйақыны төлеуді тоқтату;

− Болашақ мерзімнің есеп шоттарында есепте тұрған барлық қаржыларды салыстырып, бух есеп принциптері бойынша банктің шығындарының сәйкесінше есеп шоттарына енгізу қажет

− Болашақ мерзімнің табыстардың есеп шоттарындағы қалдықтарды талдап, оларды бух.есеп принциптері бойынша табыстардың сәйкесінше есеп шоттарына енгізу қажет;

− Барлық жиынтық дербес есеп шоттар бойынша тексеру ведомостарын дайындау қажет;

− орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша күрделі салымдар және банктің негізгі қызметі бойынша жабдықтаушылар мен сатып алушылармен дебиторларды тексеруді жүргізу. Осындай тексеруді кредиторлық қарыз бойынша жүргізу;

− транзиттік есеп шоттардағы, дебиторлар мен кредиторлар есеп шоттарындағы барлық қаражатты (тенге және валютадағы) талдау қажет, және оларды заңды және физикалық тұлғалардың сәйкесінше дербес шоттарына түсіру бойынша шаралар қолдану;

− аяқталмаған құрылыс бойынша орындалған жұмыстар көлемін тексеру және құрылыс басынан бастап жұмсалған шығындардың мөлшерін айқындау.

Кесте 1.4. - Коммерциялық банк шоттарын топтастыру

Актив 1.10. 200 х жылға 1.10. 200 х жылға Пассив 1.10. 200 х жылға 1.10. 200 х жылға
1. Касса     1.Жарғылық қор    
2. Қ.Р.Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шот     2.Резервтік қор    
3.Резервтік шот     3. Банктің басқа да қорлары    
4. Мемлекеттік қарыз облигацияларының инвестициялануы     4. Мекеме және ұйымдардың есеп айырысу, ағымды шоттарындағы қаржылар    
5. Несиелік операциялар: - қысқа мерзімді - ұзақ мерзімді - қайтарылу мерзімі өткен банктерге және несиелендіру мекемелеріне берілген ссудалар     5. Салымдар және депозиттер    
6.Дебиторлар     6. Банктердің және несиелендіру мекемелерінің кредиттері    
7. Факторингтік операциялар     7.Есеп айырысудағы қаржылар (Средства в расчетах)    
8. Шаруашылық қызмтеіне қатысу үшін мекемелерге аударылған (берілген) қаржылар     8.Кредиторлар    
9.Негізгі қаржылар     9.Дебиторлар    
Баланс     Баланс    

Табыстар мен шығындар бойынша барлық жазбаларды жүргізгеннен соң қалдықтар өзара жабылып, 4999 «Салыққа дейінгі табыс» баланстық есеп шотқа жатқызылады. Осымен қатар бірмезгілде осы 4999 баланстық есеп шоттан 5999 «Табысқа салық» баланстық есеп шотында ескерілетін төленуі тиіс табыс салығы сомасы жойылады. Табыстың қалған бөлігі 3599 «Бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян)» баланстық есеп шотына ағымдық жылына жеке дербес есеп шотын ашумен қатар бағытталады. Шығындардың табыстардан басымдылығы барысында 4999 баланстық есеп шотында дебеттік қалдық қалады, ол толық мөлшерде 3599 баланстық есеп шотына жеке дербес есеп шот ашумен қатар ауыстырылады.

3599 баланстық есеп шотында тұрған бөлінбеген таза табыс мөлшерін анықтағаннан соң есепті қаржылық жылға өз активтерін қайта бағалаудан оң мәнді курстық айырмашылық сомасына қайта бағалау резервтері: 3581 «Өткен жылдағы шетел валютасын қайта бағалау резервтері», 3582 «Өткен жылдағы бағалы металдарды қайта бағалау резервтері», 3585 «Өткен жылдағы несиенің валюталық эквивалентін белгілеумен несиені тенге түрінде қайта бағалау бойынша резервтер» және 3586 «Өткен жылдағы депозиттің валюталық эквивалентін белгілеумен депозиттердің тенге түрінде қайта бағалау резервтері» құрылады.

Акционерлер жиналысының шешіміне дейін келесі қаржылық жылдың басына 3599 есеп шотта тұрған қалдық шеңберінде бөлінбеген таза табыс сомасы 3580 «Өткен жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» баланстық есеп шотына ауысады. Банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша есепті жылдың бөлінбеген таза табысы бөлінеді:

− жіктелмеген активтер сомасынан 5 пайыздан төмен емес шамада резервтік капиталға;

− дивиденттерді төлеуге;

− төленген жарғы капиталының мөлшерін арттыруға;

− басқа мақсаттарға.

Дивиденттерді есептеу барысында тиісті ақша 3580 есеп шотынан өшіріліп, 2853 «Акционерлермен есептесу» шотына бағытталады. Осы қалдық шамасында алдын ала алдыңғы кварталдар үшін есептелінген және төленген 1853 «Акционерлермен есептесу (дивиденттер бойынша)» баланстық есеп шотында тұрған дивиденттер жабылады. Қалған бөлігі акционерлердің есеп шотына жіберіледі.

Егер қаржылық жыл аяғында банк шығындары оның табыстарынан басым болса, онда 3599 баланстық есеп шотында бейнеленген зиян сомасы 3580 есеп шотындағы өткен жылдардың бөлінбеген таза табыстары есебінен, сонымен қатар 3510 «банктің резервтік капиталы» баланстық есеп шотында тұрған қаражат есебінен жабылуы мүмкін.

Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің басты нысаны болып табылады. Ол есепті күнге банктің қаржылық жағдайы жөнінде ақпарат беріп отырады.

Баланс қаржылық есептіліктің жиынтық балансы және қорытынды айналымдарды ескере отырып құралады. Банк өз активтері мен пассивтері үшін жіктемені өзі тандай алады. Басқаша айтқанда олар «өтімділік» графасында анағұрлым кең ұғымда берілуі мүмкін. Алынуға тиісті сома немесе төленуі тиіс сома «12 ай ішінде» және «12 айдан соң» деп бөлінеді. 12 ай ішінде алынуы мүмкін емес активтер ұзақмерзімді деп, ал алынуы мүмкін активтері – ағымдық деп аталады. Банк өз активтері мен міндеттемелерін қысқамерзімді және ұзақмерзімді деп бөледі. Егер осылай берілмесе, онда активтер мен міндеттемелер олардың өтімділігі деңгейіне қарай беріледі. Сонымен қатар жабылуы тиіс сома да (суммы к возмещению или погашению)12 ай ішінде және одан ұзақ мерзімді деп бөлінеді.

Коммерциялық банк балансы

Актив Пассив
Нақты ақшалар Акциялар
Резервтер Салымдар: -мерзімдік - талап еткенге дейіегі
Ссудалар: - мерзімдік - талап еткенге дейінгі Қарыздар
Меншікті активтер Пайдалар
Барлығы Барлығы

Баланста бейнеленетінқысқамерзімді активтер құрамына төмендегі кіреді:

− қарапайым операциялық цикл ішінде өткізуге, сатуға немесе тұтынуға бағытталған активтер;

− 12 ай ішінде сатылу үшін тұрған активтер;

− пайдалануына шек қойылмайтын ақшалай қаржылар немесе олардың эквиваленттері.

Баланста бейнеленетін қысқамерзімді міндеттемелер құрамына төмендегі кіреді:

− қалыпты операциялық цикл ішінде төленуі тиіс міндететтемелер;

− 12 ай ішінде орындалуы тиіс міндеттемелер.

12 ай ішінде төленуі тиіс ұзақмерзімді пайыздық міндеттемелер баланста «ұзақмерзімді» деп жіктелуі мүмкін, егер:

− бастапқы мерзімі 12 айдан жоғары болса;

− міндеттемені қайта қаржыландыру ойы болса және ол келісім шартпен бекітілген болса.

Еншілес компанияның таза активтеріндегі аздық үлесі жылдық бухгалтерлік баланста міндеттемелерден және меншікті капиталдан бөлек «Аздық үлесі» статьясы бойынша көрсетіледі және еншілес компанияның таза активтері шамасын бейнелейді.

Кесте 1.5. - Банк балансын талдаудың сатылары

Операция түрлері Опреация мазмұны Қолданылатын талдау әдістемелері
Алдын алу сатысы (этапы)
Құрылымдық құрастыру   Бақылау   Калькуляциялау   Салыстыру   Иллюстрациялық материалдар дайындау а) баланстық актив және пассив статьяларын топтастыру б) әртүрлі бағыт бойынша талдаудағы кейбір актив және пассив статьяларының сәйкестігін тексеру в) нормативтік және бағалық көрсеткіштерді есептеу г) есептеп шығарылған көрсеткіштердің салыстырмалық сипаттары д) иллюстративтік массивтер динамикасын талдау және зерттеу көрсеткіштерінің құрылымын таңдау, көрнектік көрініс түрін анықтау Топтастыру әдістемесі Экономика –статистикалық және салыстыру әдістемелері
Аналитикалық сатысы
Талдау Есептелініп шығарылған көрсеткіштерді жазып көрсету  
Қорытынды сатысы
Эксперттік бағалау Талдау нәтижелерін баяндау және ұсыныстар мен рекомендациялар жасау  

Қаржылық есепті оқып-танудың негізгі тәртібінде пайдаланатын талдау түрлері: тікелей (вертикальды) талдау; көлденең (горизонтальды) талдау; тренді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау; қаржылық козффициенттер әдісі.

1) Тікелей талдау – бұл көрсеткіштердің абсолютті және қатысты айырмашылықтарын анықтау.

2) Көлденең талдау – қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау немесе қорытынды көрсеткішке бөлек статьялардың үлес салмағын анықтау.

Тікелей және көлденең талдау бірін-бірі толықтырып отырады.

3) Тренді талдау – бұл есептің әрбір позициясының алдыңғы жылдар көрсеткіштер қатарымен салыстырылуы. Бұл жерде біздің мақсатымыз көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын немесе трендті анықтау (базисті жылдың деңгейімен бірқатар жылдарды салыстырамыз және де көрсеткіштердің барлығы базисті деңгейге 100% деп алынады).

4) Салыстырмалы талдау – бұл кәсіпорынның көрсеткіштерін бәсекелестер көрсеткіштерімен немесе орташа-салалық көрсеткіштермен салыстыру.

Кесте 1.3. - Салыстыру түрлері

5) Факторлық талдау – бұл стохастикалық әдістер арқылы нәтижелі көрсеткішке факторлар әсерін талдау.

Кесте 1.6. - Жеклеген факторлардың нәтижелік көрсеткішке тигізетін әсерін өлшеу әдістемелері

6) Коэффициенттер қатысты көрсеткіштер болып табылады, оларды есептеу кезінде, көрсеткіштің біреуін бірге теңейді, ал екіншісін бірге қатыстылығымен көрсетеді.

Аналитикалық жұмыс екі-модульді құрылым негізінде жүргізіледі:

- қаржылық есептің экспресс-талдауы;

- қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.

Экспресс-талдаудың мақсаты – шаруашылық субъектісінің дамуының динамикасы мен қаржылық жағдайына баға беру.

Экспресс-талдау үш сатыда жүргізіледі:

1) дайындау; дайындық;

2) қаржылық есепті алдын-ала шолу;

3) есепті талдау және экономикалық оқып-тану.

Талдау жүргізуде қолданылатын ақпарат сапасы мен мазмұны, құрамы шаруашылық қызметті талдау әреттілігін қамтамасыз етуде шешуші рөль атқарады. Талдау тек экономикалық мәліметтермен ғана шектелмейді, сонымен қатар техникалық, технологиялық және басқа да ақпаратты кеңінен қолданады. Шаруашылық қызметті талдауға қажетті мәліметтердің барлық көздері жоспарлы, есептік және есептік емес болып бөлінеді.

Жоспарлы көздерге кәсіпорында өңделетін барлық жоспар типтері жатқызылады(перспективті, ағымдық, оперативті, шаруашылық есептік тапсырмалар, технологиялық карталар), сонымен қатар нормативтік материалдар, сметалар, баға көрсеткіштер, жобалық ғимараттар және т.б.

Кесте 1 - Экспресс-талдаудың аналитикалық көрсеткіштер жүйесі.

Талдау бағыты Көрсеткіштер
1. Шарушылық субъектінің экономикалық потенциалын бағалау.
1.1 Мүлікті жағдайды жалпы бағалау 1. Активтердің жалпы құны 2. Өндірістік бағыттағы мүлік құны. 3. Негізгі құралдар құны және оның активтерінің жалпы құнындағы үлесі. 4. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті.
1.2. Қаржылық жағдайды бағалау. 1. Меншікті капитал және оның жалпы капиталдағы үлесі. 2. Заемды және меншікті капитал қатынасының коэффициенті. 3. Ағымдық ликвидтілік коэффициенті. 4. Ағымды активтердегі меншікті айналым қаржы үлесі. 5. Запастарды жабу коэффициенті.
1.3. «Ауру» статьялар 1. Жабылмаған зиян. 2. Қамтамасыз етілмеген несиелер.
2. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігін бағалау.
2.1. Табыстылықты бағалау. 1. Жалпы және таза табыс. 2. Бөлінбеген табыс. 3. Негізгі қызметтен түскен табыс.
2.2. Динамикалық бағалау. 1. Өнімді сату мен жалпы капиталдан табыстың өсу қарқыны. 2. Жалпы және таза табыстың өсу қарқыны.
2.3. Іскерлікті бағалау. Кәсіпорынның іскерлігін және қаржылық-шаруарылық қызметінің тиімділігін бағалау. 1. Ағымдық активтердің айналымды-лығы. 2. Еңбек өнімділігі. 3. Қор қайтарымы. 4. Өнімнің материал сыйымдылығы. 5. Меншікті капитал табыстылығы. 6. Жалпы капитал табыстылығы.

Кесте 1.2. - Коммерциялық банктегі аналитикалық жұмыстар





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2258 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...