Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

РезеҢке алмҰрт тӘрізді баллонша кӨмегімен босату (майлы, түзды, дәрілік) клизмаларын Қою



Мақсаты: тік ішек аркылы дәрі-дәрмектерді енгізу.

Көрсеткіші: іш қату.

Қарсы көрсетілімдері: асқазандық және ішектік қан кету, тоқ ішек пен артқы өтіс жолдарының жедел қабынулары мен ойық жаралары, тік ішектің қатерлі ісіктері, асқазан ішек жолдарына операция жасағаннан кейінгі бәрәншә күндері, тік ішектің түсіп қалуы немесе артқы өтіс жолдарының жарылуы, қанаған геморройда.

Ресурстар: залалсыздандырылған: ұштықты, алмұрт тәрізді баллоншаны (спринцовканы), қолғапты, салфеткаларды, шпательді, вазелин майын, лотокті, тағайындалған ертіндіні (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:
  Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
  Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
  Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз.
  Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бүлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сүраңыз.
  Шпательді қолдана отырып, алмүрт тәрізді баллоншаның үштығына вазелин майын жағыңыз.
  Су моншасында 1-38°С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа қүйыңыз.
  Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның үштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.
  Сол қолдың I жэне II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне еңгізіңіз. Алмүрт тәрізді баллоншаның үштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.
  Ақырын резеңке алмүрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.
  Сол қолмен алмүрт тәрізді баллоншаны үстап отыра, оң қолмен оны «жогарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішекке қарай итере қысыңыз.
  Анал тесігіне салфетканы үстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмүрт тэрізді баллоншанын үштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сүртіңіз. (бүтаралықтан анал тесігіне қарай).
  Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.
  Пайдаланған үштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
  Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды контейнерге салыңыз.
  Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз

Ескерту: майлы клизма жасау кезінде қарсы көрсетілімдер жоқ, майдың температурасы 38 С болуы керек. Дәрілік клизма жасау алдында тазалау клизмасын жасау қажет.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Майлы, гиперто­ниялық, дәрілік клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

2. Медбике мен пациентті емшараға дайындау.

3. Майлы, гиперто­никалы, дәрілі клизмаларын өткізу техникасы.

4. Қолданылған жабдықтарды өндеу.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4619 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...