Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Іш қатудың пайда болу қаупі



Қысқа мерзімді мақсат:

а) емделуші 2 күннен кейін ішек жұмысының реттелу маңыздылығын

түсінгенін көрсетеді;

б) науқас аптаның соңына дейін ішектің жұмысын реттеу жөнінде өз білімін

көрсетеді.

Ұзақ мерзімді мақсат: емделушіде күнде немесе күн сайын таңертең дәрет болады.

Мейірбикенің жоспары:

1. Күнде 5 минут емделушімен оның мәселесі жайлы әңгімелеседі.

2. Емделуші іш қатуға бейім болғанда белгіленген №3 диетаны сақтауын қадағалайды.

3. Тәулігіне 1,5-2литр сұйықты пайдалануын қадағалайды. Мейірбике күнде таңертең аш қарынға 1 стақан су ішуді ұсынады.

4. Емделушінің туысқандары әкелетін жемістердің (қарбыз,
алхоры, кызылша салаттары) сипаттамасы жөнінде әңгіме жүргізеді.

5. Күнде таңертең емделушінің ішін 5 минуттай уқалайды.

6. Емделушіні белгілі бір уақыт аралығындағы дефекацияға шартты рефлекс қалыптастыруға үйретеді.

7. Дәрігердің нұсқауы бойынша клизма қоюды және іш айдайтын дәрілерді беруді жүргізеді.

8. Дәреттің жиілігін күнде байқап, температуралық параққа белгілеп отырады.

Мейірбике жоспарланған күтімді емделушімен байланыстыра білу керек. Мейірбике күтілген мақсаттарына жетуі үшін емделушіні түсініп және қолдауы болу керек, ол үшін емделуші мен мейірбике көмек жоспарының әрбір бөлімін бірге қарастырулары керек.

Ас қорыту мүшелерімен қамтамасыз етілетін жеу, ішу, бөліп шығару қажеттіліктерінің бұзылуындағы мейірбикелікіс-әрекеттің стандарты

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: дәретке отырудың бұзылуы: іш өту (диарея)

II. МАҚСАТ Қысқа мерзімді мақсаттар: дәреттің жиілігі және оның консистенциясы қалпына келеді (индивидуалды уақыт)

Ұзақ мерзімді - емделуші диетаның ерекшеліктері туралы білімін және перианалды аймақтағы теріні күту ережелерін көрсетеді.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1. Жоғары құндылықты және жеңіл қорытылатын тағамды
2 сағат сайын аз мөлшермен - №4 диета кабылдауды қамтама-
сыз ету.

2. Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамтамасыз ету;

3. Әрбір дәретке отырған сайын шат аралык терісінің гигие-
насын тиянақты күту: дәрет алған соң перианалды аймақты ва-
зелинмен өңдеу, төсек орнын ауыстыру.

4. Күнде науқастың салмағын өлшеу.

5. Нәжістің жиілігін және сипаттамасын күнде температу-
ралық параққа белгілеп отыру.

6. Дәрігер тағайындаған дәрілік препараттарды қабылдауын қадағалау.

7. Науқасты жеке дәрет ыдысымен қамтамасыз ету және оны
зарарсыздандыру.

8. Науқасты және онық туысқандарын өзіндік (жеке) гигиена-
ны сақтауға және тиімді тамақтану қағидаларына үйрету.

9. ДИАГНОЗ: ішектердің босауының бұзылуы: іш қатпасы

I. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді - науқаста екі күнде 1 реттен аз емес үлкен дәрет болады (индивидуалды уақыт).

Ұзақ мерзімді - емделуші ауруханадан шығу кезінде іш қатумен күресу-
дің әдістері туралы білімін көрсетеді.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1. Қышқыл сүтті өсімдік диетамен (көкөністер, қара нан, жемістер)

қамтамасыз ету. Диета №3.

2. Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамта-
масыз ету (қышқыл сүтті тағамдар, шырындар, сілтілі мине-
ралдысулар).

3. Күннің белгілі бір мезгілінде науқаста дефекацияға шарт-
ты рефлекс (таңертең аш қарынға 1 стақан
суық суды ішкеннен 15-20 минуттан кейін) қалыптастыруға тырысу.

4. Науқасты жеткілікті қимыл белсенділігімен қамтамасыз ету.

5. Дәрігердің тағайындауы бойынша іш айдайтын дәрілер-
ді беру және тазалау клизмасын жүргізу.

6. Медициналык құжаттарда күнделікті дәретке отырудың
жиілігін белгілеп отыру.

7. Науқасқа іш қатпасы кезінде тамақтану ерекшеліктерін
үйрету.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4432 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...