Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сифонды клизма



Көрсеткіштері:

1) іш қатқанда басқа клизмалардың нәтижесіздігінде;

2) ішектен уды шығару үшін;

3) ішек жүрмеуіне күдіктенгенде.

Қарсы көрсеткіштері:

1) асқазан - ішек жолынан қан кетуі;

2) тік ішекте жіті ойылу, қабыну процесінде;

3) іш ауруы табиғатының белгісіздігінде;

4) тік ішектің қатерлі ісігі;

5) көлемді ісіктер.

Енгізілетін сұйықтық мөлшері мен температурасы: температурасы бөлмедегідей, 10-12 литр су.

Әзірле: 1 литр сиятын оймықпен шыны түтікпен қосылған екі жуан резеңке зонды, залалсызданған вазелин майы, алжапқыш, леген, 1,5-5 литрлік құмыра немесе кружка.

Тік ішекке енгізу тереңдігі: 30-40 см.

ІС -ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ:

1) кушеткаға науқасты сол жақ қырынан тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу.

2) зондтық соқыр соңынан 30-40 см ұзындықта май жағыңыз.

3) зондтың соқыр соңын науқастың тік ішегіне 30-40 см тереңдікке енгізіңіз.

4) оймышты қосыңыз.

5) ішекті таза шайынды суға дейін жуыңыз.

6) оймыштан тірек кетпеуін бақылап отырыңыз.

7) оймыштан ішекке ауа түспес үшін қиғаш ұстаңыз.

8) шайынды судың соңғы мөлшерін төгіңіз де зондты ақырын шығарыңыз.

Ескерту! Сифон клизмасын қою, қосылған сосудты принципімен істеледі. Оймышқа ауа түспеуін бақылау қажет.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Клизма» түсінігі. Клизма түрлері.

2. Клизма қою мақсаттары.

3. Тазарту және сифон клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

4. Медбике мен пациентті емшараға дайындау.

5. Тазарту және сифон клизмаларын өткізу техникасы.

6. Қолданылған жабдықтарды өндеу.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 7658 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...