Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ



Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек жэне төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде колданылады.

Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дэке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.

3. Корпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жақка алшайтуын өтініңіз. Егер ол осыны оз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.

4. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.

5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Оң қолыңызға зэр қабылдағышты алыңыз жэне оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

7. Сол қолыңызға дэке сүрткілерін алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

8. Жыныс мүшесін зэр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дэке сүрткілерін алып тастаңыз.

9. Науқасты көрпесімен жабыңыз жэне оны жалғыз қалдырыңыз.

10.Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып,

кермені жинап алыңыз.

11.Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке_сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 12.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Зәр шығыру жүйесінің бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия.

2. Зәр шығыру жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.

3. Қуықты катетерлеу түсінігі. Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

4. Әйелдерде және ер адамдарда қуықты катетерлеу техникасы.

5. Зәржинағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету.

6. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4132 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...