Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Асқазанды жуу



Мақсаты: Диагностикалық және емдік.

Көрсеткіштері: Тамақтан, дәріден, алкоголь қалдықтарынан және т.б

асқазанды тазалау.

Кері көрсеткіштері:

- өңештің органикалық тарылуы, ойықтар, ісіктер

- асқазан-ішек жолдарынан қан кету

- бронхиалды астма

- ауыр жүрек патологиясы

- асқазанның, өңештің, жұтқыншақтың өткір қышқылдардан және

сілтілерден болған химиялық күйігі (уланудан кейін 4 сағаттан соң).

Жабдықталуы:

Залалсыздандырылған астауша, жуан асқазан зонды, резеңке - түтікше (зондты ұзарту үшін) шыны жалғағыш түтікше, шыны воронка-сыйымдылығы 0,5л, жуынды су үшін шара немесе шелек, сүлгі, 10-12л бөлме температурасындағы су, ожау, резеңке биялай, екі алжапқыш, таза құрғақ, қақпағы бар ыдыс (жуынды судың алғашқы үлесі үшін), зертханаға жолдама, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қолды жуып, алжапқыш және биялайды кию. Жеке қорғаныс барьерін

сақтау.

2. Залалсыздандырылған жүйені құрастыру.

3. Науқаспен сенімді қарым-қатынаста болып, ем-шара іс-әрекеттерін

түсіндіру, ем-шараға келісім алу. Науқас процедура іс- әрекеттерін білуге

құқығы бар.

4. Процедураға қарсы көрсеткіштері жоқ екендігіне көз жеткізу.

5. Иектен кіндікке дейінгі аралықты (немесе құлақтың сырғалығынан

мұрынның ұшына дейін және төстің семсер тәрізді өсіндісіне дейін)

зондты өлшеп, зондқа белгі қою.

6. Науқасты үстелге отырғызып, протез тістері болса алып қою.

7. Науқастың басын алдынға қарай шамалы бүгу.Аяқтарының ортасына

жуынды су үшін сырланған шара немесе шелек қою, науқасқа алжапқыш

кигізу.

Ескерту: Асқазанды жууда сифон принципі пайдаланылады, яғни екі

ыдысты қосатын сұйыққа толы түтіктен төмен орналасқан

ыдысқа сұйық ағады. Бір ыдыс - суы бары воронка, екіншісі -

асқазан. Воронканы көтергенде сұйық асқазанға түседі, түсіргенде

асқазаннан воронка арқылы ыдысқа құйылады.

8. Жүйені алып, науқастың оң жағына тұрып, ауызын ашуын сұраңыз.

9. Зондтың бітеу ұшыннан 10см қашықтықта оң қолмен ұстап, сумен сулап

тіл түбіне қойып науқасқа жұтыну әрекеттерін жасауын сұраңыз.

10. Белгі қойған жерге дейін зондты жұтқызыңыз. Науқас бұл кезде жұту

әрекеттерін жасап, мұрын арқылы терең тыныс алады. Зондты енгізген

кезде оның асқазанға еркін түсуін бақылау қажет.

11. Тізе деңгейіне дейін зондты (асқазандағы заттар зондтың

ішіндегі ауаны шығарады) түсіру.

12. Воронканы қисайтып, ожаудағы жылы суды құю. Асқазанға бір уақытта

жіберілген судың мөлшері асқазанның көлеміне сәйкес болуы керек

(шамамен 1л).

13. Воронканы науқас басынан жоғары көтеріп воронкадағы судың деңгейін

қадағалау (науқас ауыз қуысынан 25-30см воронканы көтерсе, су

асқазанға құйылады) қажет

14. Су қалай воронка түбіне барғанда, оны тізе тұсына дейін түсіру керек,

асқазандағы жуынды су қайтадан воронкаға (асқазанға ауа кетуінің

алдын алу) келеді.

15. Воронканы шараға дейін түсіріп, ішіндегіні төгу.

16. 10-12л суды қолдана отырып, таза су шыққанша қайталау.

17. Асқазанды жуып болғаннан соң, воронканы босатып алып, зондты

абайлап шығарып алу.

18. Науқасқа ауызын шаюға су беріп, ауыздың айналасын салфеткамен

құрғату.

19. Науқастан алжапқышты шешу, науқасты демалдыру.

20. Қолданылған құрал –саймандарды зарарсыздандыру.

21. Асқазанды жуған судың бірінші үлесін (шамамен 200 мл) дәрігердің

тағайындауы бойынша бактериологиялық лабораторияға жіберу.

22. Қалған суды зарарсыздандыру.

23. Қолды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: Науқастың жеке –дара ерекшеліктерін (бойын, тұлғасын, түзілісі) ескеру қажет, сондықтан зондты ендіргенше аурудың кіндігінен алдыңғы тістеріне дейін сол өлшемге бір қарыс қосу керек, сонда зонд асқазан қуысына дәл түсетін болады.

Егер зонд шығып кетсе немесе бүктеліп қалса, оны шығарып алады, науқасты тыныштандырып, қайта ендіреді. Егер науқас зонд енгізгенде жөтелсе, тұншыға бастаса, зондты дереу шығару керек, өйткені ол өңешке түспей кеңірдекке түсіп кеткен.

Воронкадағы судың асқазанға түсіп болуын күтуге болмайтынын есте сақтау қажет, себебі бұл жағдайда асқазанға ауа түседі де, асқазан сөлінің шығуын қиындатады.

Қан көріне бастаса процедураны тоқтата қою керек, ал асқазанды жуу қышқылмен улануға байланысты болса, онда жуу тоқтатылмайды. Мұндай жағдайда құстырмай абайлап, шағын үлеспен жуу керек.

Асқазанды зондсыз (сүңгісіз) жуу

Асқазан жуудың қарапайым әдісі, үй жағдайында да қолдануға болады. Науқасты орындыққа отырғызып, аяқтарының арасына шара қойылады. Алдын ала асқазанды жууға арналған су дайындалады: температурасы 17-18С° 1л суға 1 ас қасық ас тұзы қосылады. Бұндай ерітіндіні дайындау өте қажет, өйткені кәдімгі су асқазанда сіңіріледі, ал қан тамырларындағы артық сұйықтық мидың ісінуіне (әсіресе балаларда) алып келуі мүмкін.

Науқас 1-2 л сұйықтықты ішіп, саусақтарымен тілдің түбірін басып, құсу рефлексін шақыртады. Бұл іс-әрекет асқазаннан таза су шыққанға дейің қайталанады.

Асказанды жуу. Көп мөлшерде ішке дәрілік заттарды қолданып уланғанда, сапасы төмен тамақпен ішімдікпен, саңырауқулақпен және т.б заттармен уланғанда көрсетілетін көмек ол - асқазанды жуу болып табылады. Бұл шараға қажетті жабдықтарды дайындау қажет:

1. Жуан асқазан зонды (оның ұзындығы 100 - 120 см, сыртқы диаметрі 10-15 мм, бітеу ұшында 2 бүйір сопакша тесіктер бар, асқазанды жуу кезінде зондтың қаншалықты енгенін анықтау үшін бітеу ұшынан 45, 55, 65 см қашықтықта белгілер бар. Зондтың ұзындығын анықтау қиын емес науқастың бойынан 100 см алып тасталынады. Мысалы, науқастың бойы 155 см болса, екінші белгілеу (55 см) тісінің деңгейінде болуы тиіс);

2. Ұзындығы 70 см болатын резеңке түтік (зондты ұзарту үшін) және шыны түтік, оның диаметрі 8 мм-ден аз емес болуы керек;

3. Сыйымдылығы 1 л болатын оймыш;

4. Вазелин майы;

5. Шайынды суларға арналған ыдыс немесе шелек;

6. Болме температурасыка сәйкес келетік 10-12 л таза су және литрлік тостаған;

7. Ауызкергіш, тілұстағыш және металдан жасалған саусақ кигіш.

8. Резеңке қолғаптар мен клеенкалык алжапкыштар.

Асқазанды жуу - жағымсыз іс шара, сондықтан науқасқа оның мақсатын, маңызын және орындау тәртібін түсіндіру қажет. Қимыл әрекеттердің тәртібі:

1. Асқазанды жууға қажетті жабдықтарды жинап алыңыз: зонд, шыны және резеңке түтіктер, (зондты асқазанға енгізгеннен соң оймышты қосады).

2. Наукасқа және езіңізге алжапқыш кигіз, оны отырғызып, қолын орындықтың арқасына қарай қайырып, осы қалыпта орамалмен бекітіңіз.

3. Науқастын бүйір жағынан немесе артынан тұрыңыз

4. Сол қолдың 2-саусағымен немесе ауыз көргішпті науқастың азу, тістерінің арасына енгізіп, басын артқа шалқайтыңыз.

5. Оң колыңызбен науқастың тілінің түбіріне вазелин майы жағылған немесе суға малынған соқыр ұшын салып, науқасқа жұтуды және мұрынмен терең дем алуды ұсыныңыз.

6. Науқас жұтынғанда зондты өңешке өткізіңіз (мұны жәй жасау керек, себебі шапшаң өткізгенде зонд бұралып қалуы мүмкін).

Егер зондты енгізгенде науқас жөтеліп, тұншығып, беті көгеріп кетсе, тез арада зондты шығарып алу керек, себебі ол өнешке емес, көмей немесе трахеяға түсіп кеткен.

7. Зондты қажетті деңгейге дейін жеткізгеннен кейін оны енгізуді тоқтатыңыз, оймышты қосып, оны науқастың тізесіне дейін түсіріңіз. Сонда одан асқазан сөлі бөлінсе, зонд дұрыс орналасқан егер асқазан сөлі бөлінбесе, зонды артқа немесе алдыға қарай жылжытып, орналасуын өзгерту қажет.

8. Оймышты тізе деңгейінде сәл еңкейтіп, оның ішіне 1 литрдей су құйыңыз.

9. Оймышты жәйлап жоғары көтеріңіз. Су оймыштың тесігіне жеткенде, оны бастапқы қалпына түсіріңіз. Шыққан су мөлшері құйған су мөлшеріне сәйкес келуі тиіс.

10. Оймыш ішіндегіні ыдысқа төгіп тастаңыз.

11. 8, 9, 10-іс әрекеттерді шайынды су тазарғанша қайталап отырыңыз.

12. Жуып болғаннан соң, оймышты алып, зондты асқазаннан шығарып, олардың ішкі және сыртқы жағын жуыңыз.

Ес түссіз жатқан науқасқа асқазанды жуу алдында жөтелу және ларингеальді рефлекстердің болмауына байланысты сұйықтық аспирациясын болдырмау үшін дәрігер немесе фельдшер трахея интубациясын жасайды.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ас қорыту жүйесінің бұзылуының көрінісі: іштін ауыруы, тенезмалар, асқазан деспепсиясы: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттін бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу.

2. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері.

3. Ас қорыту жүйесі мүшелерін аспапты зерттеу әдістері.

4. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.

5. Асқазан шаюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

6. Белсенді және пассивті пациенттерге емшараны өткізу техникасы.

7. Емшара кезінде пациенттін жағдайын бақылау. Жабдықтарды өндеу.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 24296 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...