Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ампуладан дӘрілік ерітіндіні сорып алу



Максаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дэрігердің тағайындауы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті,

мақта шариктерін, қолғапты, дэрілік ерітіндісі бар ампуланы,

зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, 70% спиртті, егеуішті,

қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дэрігер тағайындаған дэрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.

2. Дэрілік препараттын атын, оның қоюлығын жэне дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және мөлдірлігін сыртқы түрі бойынша тексеріңіз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіңіз, спирттелген мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан қүрастырыңыз ^стандартты қара).

5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, ампуланың мойнындағы дэрілік ерітіндіні кең бөлігіне түсіріңіз.

6. Ампуланың мойнын спирттелген мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен азырақ кесіңіз.

8. Мақта шаригін алып, ампуланың мойнын онымен орап алып, кескен жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны жылдам қозғалыспен өзінен сындырыңыз. Ампуланың сынығын жэне пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

9. Сол қолдың II жэне III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз.

10.Оң қолға қүрастырылган шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің

канюласын, I, III, IV - цилиндрді, V - поршенді үстаңыз.

П.Инені абайлап ампулаға 0,5 мм үзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I жэне V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет молшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.

12.Шамамен сүйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дэрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.

13.Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын инемен жүмыс істегенде, ораудағы баска залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.

14.Шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып үстап, ауасын шығарыңыз. Шприцтен 1-2 тамшы ерітінді бөлінеді





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 6582 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...