Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Емделушілердің шалдығуы



· Инфекция жұққан құралдарды (шприцтер, инелер, скальпельдер және т.б) залалсыздандырылмай және зарарсыздамай қолдану арқылы.

Кәсіби жұқтыру қауіпі жиі байқалады:

- Науқас төсегінің қасында инвазивты манипуляциялар орындайтын мейірбикелер, операциялық мейірбикелер, егу бөлмесінің мейірбикелері;

- дәрігерлер (лаборанттар, жедел жәрдем дәрігерлері), хирургтар, акушер-гинекологтар, патологоанатомдар.

- көк тамырдан қан алғанда;

- көк тамырға инъекция жасағанда, тамшылатып жібергенде;

- ЖҚТБ вирусымен контаминацияланған сұйықтықтарды шприцтен пробиркаға жібергенде;

- жұмыс орнын жинағанда.

Алдын алудың стандартты шаралары:

1. Барлық науқастардың қаны мен биологиялық сұйықтықтары потенциалды қауіпті болып есептеледі.

2. Биологиялық сұйықтықтармен қатынас кезінде жеке қорғаныс заттарын қолдану қажет.

3. Кез-келген биологиялық сұйықтықпен байланыстан соң қолды жуу қажет.

4. Үшкір құрал-саймандармен жарақаттануды болдырмаудың шараларын сақтау.

ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпіне байланысты факторлар:

- пациенттің ВИЧ-статусы, аурудың кезеңі, пациенттің ретровирустарға қарсы ем алуы;

- құрал-саймандардың зарарлы материалмен контаминация деңгейі;

- жарақаттануға алып келген құрал-сайман түрі;

- медицина қызметкерлерінің жарақаттануында тері жамылғылары мен кілегей қабықтар бүтіндігінің бұзылу деңгейі;

- жарақатты өңдеу;

- жарақаттан соң антиретровирусты препараттармен химиопро-филактиканы жүргізу уақыты.

Жеке қорғаныс заттары:

- резеңке және латекс қолғаптары;

- бетперде, көзәйнек;

- халат, алжапқыш;

- жабық аяқ-киім.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4363 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...