Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тері астына инъекцияны орындау



Мақсаты: емдік - тері асты майлы тіндерге дэрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: дәрігерлерге аллергиялық реакцняның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.

Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дэріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

Енгізілетін жерлері: иықтың жогары бөлігі сыртқы беті, санның ортангы болігі алдыңгы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дэрілік ерітіндіні, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгорнтмі:

1. Наукаска емшара максаты мен барысын түсіндіріиіз, дарішк срітінді туралы қажетті мэліметті хабарлаңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен оңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

4. Шприцке дэрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

6. Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекңия жасайтын л<ерді. (макта шариктерді контейнерге салыңыз).

7. Сол қолдың ІҮ-У саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз.

8. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен - шприңттің поршенін, III, IV, I саусақтармен цилиндрдің төменінен үстаңыз.

9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың I жэне II саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бүрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

10.Тері қыртысының негізіне инені 45 С бүрышпен үстап, иненің үзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сүқ қол саусагымен иненің канюлясынан үстаңыз.

11. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцгі ауыстырмаңыз), I жэне II саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып. саусақпен поршенді басып, дэрілік ерітіндіні енгізіңіз.

12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыцыз.

13.Иненің канюлясынан үстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.

14. Теріден мақта шаригін алмай, дэрі жіберілген жерді жеңіл уқалаңыз.

15.Шприцтті, мақта шариктерін жэне қолқапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.

17.Науқастың қал жагдайын сүраңыз.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тері ішілік және тері астына егу жасаудың қандай көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері бар?

2. Тері ішілік және тері астына егу жасаудағы анатомиялық орындарын сипаттап беріңіз?

3. Медбикенің және пациентті иньекцияға дайындау техникасы?

4. Тері ішілік және тері астына егу жасау техникасы?

5. Егуден кейін болатын асқынуларды атап беріңіз?

6. Алдын алу және емі қандай?

7. Қолданылған жабдықтарды өңдеу тәсілдері?

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 24385 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...