Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Артериялық тамыр соғуы, зерттеу тәсілі, оның сипаттамалары



Тамыр соғуы дегеніміз жүрек жұмысы кезінде (систола мен диастолада) қан тамырларының қанға толуының өзгеруіне байланысты олардың кабырғаларының оқтын-оқтын тербелуі. Диагностикалық мақсатта тамыр соғуын (артериялық) әртүрлі артерияларда анықтайды:

- ұйқы артериясында (m.stenocleidomastoideus бұлшық етінің алдыңғы қырында, оның ұзындығының ортасына таман), зерттеуді өте абайлап жүргізген жөн, өйткені ұйкы артериясы (a.carotis) бай рефлоксогендік аймақ болып табылады және жүректің жиырылуы жиілігінің рефлекторлы баяулау қаупі бар;

- самай артериясында;

- ұршық;

- бұғана асты;

- иық;

- кәрілгілік және т.б.

Тамыр соғуын көбінесе кәрі жілік артериясында анықтайды (исрифериялық тамыр соғуы), өйткені ол беткей орналасқан және оны кәрі жіліктің біз тәріздес өсіндісі мен кәрі жілік бұлшық еті сіңірінің арасында жақсы сипап табуға болады. Даму кемістіктері, тарылу, кәрі жілік, иық немесе бұғана асты артерияларының сырттан жаншылуы кезінде оң және сол қолда тамыр соғуы әртүрлі болуы мүмкін, мұндай кездерде тамыр соғуын зерттеу жаксы анықталатын қолда жүргізіледі.

Артериялық тамыр соғуының мынандай касиеттерін аныктайды:

1.Ырғағы - бірінен сон бірі өтетін тамыр соғуы толқындарының реттілігін бағалайды. Егер олардың аралығы тең болса, онда ырғағы дұрыс (ырғақты), ал егер әртүрлі болса - дұрыс емес (ырғақсыз-аритмиялық) деп саналады. Мерцательді аритмияда («жүрек сандырағы») жүректің жиырылу жиілігі тамыр соғуы толкындарынан көбірек болуы мүмкін. Мұндай кезде тамыр соғу тапшылығы деп анықтайды да оны санайды.

2. Жиілігі - тамыр соғу толқындарының бір минуттағы саны. Қалыпты жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60 - 90 аралығында тербеледі, бірақ жынысқа, жас мөлшеріне, ауа мен дененің температурасына, физикалық күш түсу деңгейіне байланысты көп өзгеруі мүмкін. Неғұрлым жиі тамыр соғуы кұрсақ ішіндегі кезеңде болады. 25 -60 жаста тамыр соғуы салыстырмалы тұрақты болып қалады. Әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда тамыр соғуы жиірек; спортшылар меп жаттыққан адамдарда, сондай-ақ егде адамдарда тамыр соғуы сиректеу, Тамыр соғуы тік тұрғанда, физикалық күш түскенде, дене температурасы көтерілгенде жиілейді. Тамыр соғуның 60-тан төмен сиреуі -брадикардия, ал 90-нан жоғары жиілеуі - тахикардия деп аталады.

3.Тамыр соғуының толуы артериядағы канның көлемімен анықталады, және жүректің жиырылу келеміне байланысты болады. Жақсы толғанда тамыр соғу толкыны жоғары, жақсы анықталады (тамыр соғуы толык), нашар толғанда - әлсіз, білінер-білінбес (тамыр соғуы бос). Білінер-білінбес, элсіз тамыр соғуы тамырдың білінбей соғуы - жіп тәріздес- деп аталады. Мұндай тамыр соғуы анықталса, мейірбике дереу дәрігерге хабарлауы керек.

4.Тамырдың қатты соғуы тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Жоғары АҚ-да тамыр қатты соғады, ал төмен АҚ-да - жұмсақ болады.

5. Тамыр соғуынын биіктігі мен көлемі артерия қабырғасының тербелу амплитудасына байланысты болады. Жүректің жиырылу көлемі артқанда және тамыр қабырғасы серпілгіштігі төмендегенде тамыр соғуы биік және үлкен, ал жүректің қан шығару мөлшерінің төмендеуі, шок, коллапс кезінде - төмен жэне әлсіз болады.

6.Тамыр соғу жылдамдығы немесе түрі артерия көлемінің өзгеру жылдамдығымен анықталады. Артерияның тез көтеріліп, түсуі жылдам тамыр соғуына (қолқа жетіспеушілігінде), ал ақырын көтеріліп, түсуі -баяу тамыр соғуына тән (қолқаның тарылуында).

Тамыр соғуын зерттеу деректерін мейірбике температуралық параққа енгізеді (кызыл нүктелермен белгілейді).

Артериялық қысым, оны өлшеу тәсілі.

Артериялық гипертензия, гипертониялық криз, артериялық гипотония туралы түснік.

Жүректің жұмысы кезінде артерия жүйесінде түзілетін қысым артериялық қысым деп аталады. Жүрек жү-мысының фазасына байланысты қысым систолалық (САҚ), яғни жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін-ақ артерия жүйесінде пайда болады (тамыр соғу толқынының ең жоғары көтерілуіне сәйкес келеді), және диастола кезінде артерияларда олардың серпілгіштігінің арқасында сақталатын диастолалық (ДАҚ) болады (тамыр соғу толқынының түсуіне сәйкес келеді). САҚ мен ДАҚ мөлшерлерінің арасындағы айырмашылық пульс қысымы деп аталады.

АҚ жүректің кан шығару мөлшеріне, жалпы перифериялық тамыр кедергісіне, жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. АҚ - ды өлшеу сау адамдардың, сондай-ақ науқастардың гемодинамикасының жағдайын бақылаудағы манызды тәсіл болып табылады.

АҚ-ды өлшеуді тіке және тіке емес тәсілдермен жүргізуге болады. Тіке тәсіл - бұл манометрдің датчигін қан тамыр жүйесіне енгізу. Бұл тәсіл ірі тамырлардағы немесе жүректің қуыстарындағы қысымды анықтау мақсатында катетрлеу кезінде қолданылады. Әдеттегі тәжірибеде АҚ-ды 1905 жылы орыс хирургы Н.С. Коротковпен ұсынылған тіке емес аускультативті тәсілмен сфигмоманометрді (тонометрді) қолдану арқылы өлшейді. Сфигмоманометр манжетпен және алмұрт тәріздес резеңке баллонмен біріктірілген сынаптық немесе көбінесе серіппелі манометрден тұрады. Ауанын манжетке енуі манжеттегі қысымды сақтап және жайлап түсіруге мүмкіндік беретін арнайы тетікпен реттелінеді. АҚ миллиметрлік бөлімдері бар циферблатгың қозғалатын тіліне берілетін серіппенің кедергі күшімен өлшенеді.

АҚ-ның мөлшерін мейірбике температуралық паракқа қызыл түсті бағаналар түрінде АҚ шкаласына сәйкес белгілейді.АҚ-ды әдіспен өлшеуге болады. Бұл әдіс АҚ көрсеткіштерінен басқа тамыр қабырғасының жағдайын, тамырдың серпілгіштігін, қан айналымының жылдамдығын бағалауға мүмкіндік береді. Сигналды компьютерлік өңдегенде жүректің жиырылу көлемі (ЖК), минөттік көлемі (МК), жалпы перифериялық тамыр кедергісінің (ЖПТК) мөлшері және олардың бір-біріне сәйкестігі есептелінеді.

- Үлкен адамның систолалық АҚ - ның қалыпты деңгейі 100-ден 139 мм.с.б. дейін тербеледі, диастолалық- 60-тан 89 мм.с.б. дейін.

- 140/90 мм.с.б. деңгейінен бастап және одан жоғары АҚ жоғары (артериялық гипертензия немесе артериялык гипотония), 100/60 мм.с.б. аз АҚ төмен деп саналады (артериялық гипотензия). АҚ-ның күрт көтерілуі гипертониялық криз деп аталады. АҚ-ның тез көтерілуінен басқа ол қатты бас ауруымен, бас айналуымен, лоқсумен және құсумен көрінеді.

18 жастан жоғары адамдардағы АҚ деңгейінің жіктелуі (артериялық гипертензия бойынша ВОЗ, МОАГ, ЛЧС VI және Ресейдің ұлттық ұсыныстарына сәйкес, 2001) мына кестеде берілген.

АҚ деңгейлерінің жіктелуі

АҚ категориясы САҚ ДАҚ

мм с. Б. мм с.б.

Қалыпты АҚ категориялары

Оптимальды <120 <80

Қалыпты <130 <85

Жоғары қалыпты 130-139 85-89

Жоғары А) категориялары

Артериялык гипертензия

1 дәреже 140-159 90-99

2 дәреже 160-179 100-109

3 дәреже >180 >110

—_Жекеленген систолалық гипертензия > 140 <90

Егер САҚ мен ДАҚ мәндері әртүрлі категорияға жатса, онда неғұрлым жоғары категория белгіленеді.

Артериялық гипертензиясы бар науқастың күтімі кезінде науқастардың емдік-қорғау тәртіптің талаптарын сақтауына қатал көңіл бөлу керек, өйткені теріс эмоциялар, жүйке- психикалық күш түсулер, нашар ұйқы ауру ағымын нашарлатуы мумкін.

Гипертониялық криз дәрігердің шұғыл араласуын және гипотензивтік дәрілердің енгізілуін қажет етеді, өйткені ол бас миы (инсульт) мен жүрек қан айналымының бұзылуымен (инфаркт) асқынуы мүмкін. Дәрігер келгенше науқасты тыныштандыру, таза ауа ағынын арттыру қажет, аяққа ыстық ванна және қолға жылы ванналар жасауға болады. (судың температурасы 37 - 40°С).

Артериялық гипотензия сау адамдарда да, әсіресе астениктерде кездесуі мүмкін, бірақ жүректің қан шығару көлемінің, тамыр серпілгіштігінің төмендеуімен, айналымдағы қан көлемінің азаюымен өтетін қауіпті аурулардың белгісі де болуы мүмкін (миокард инфаркты, қан кету, шок, коллапс). Артериялық гипотензия жедел дамыған науқастың бас миына қанның келуін жақсарту үшін оны жатқызу керек, аяқ жағын сәл көтеру қажет, дәрігердің тағайындауы бойынша сәйкес дәрілік заттарды енгізу керек.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 8704 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...