Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тыныс алу жиілігін анықтау. Тыныс алу ырғағының, жиілігінің және тереңдігінің бұзылуы



Тыныс алу мүшелерінін негізгі қызметі ағзаны оттегімен қамтамасыз ету, тіршілік барысында көмір қышқыл газын және суды шығару. Тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы бас мида орналаскан тыныс алу орталығымен реттеледі. Қандағы көмір қышқыл газының жоғарылауы тыныс алу орталығының қозуын тудырады, ол өкпе вентиляциясының жоғарылауына (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы жоғарылайды) әкеледі. Қандағы көмірқышқыл газының төмендеуі тыныс алу орталығының қызметін баяулатады, өкпе тынысын төмендетеді (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы төмендейді).

Тыныс алуды бақылаған кезде тері жамылғыларының түсіне, тыныстың жиілігіне, ырғағына, тереңдігіне көңіл бөліп тыныс алу түрін бағалау қажет.

Тыныс алу әрекеттері тыныс алу және тыныс шығару әрекеттерінің кезектесуімен жүзеге асады. 1 минут ішіндегі тыныс алу саны тыныс алу жиілігі деп аталады.

Дені сау ересек адамда тыныс алу жиілігі минутына 16-20-ны құрайды, әйелдерде еркектерге қарағанда 2-4 тыныс алу көбірек. Тыныс алу жиілігі жынысына, дене қалпына, жүйке жүйесі жағдайына, жасына, дене температурасына т.б. байланысты болып келеді. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жасау қажет, өйткені ол ерікті түрде тыныстың жиілігін, ырғағын, тереңдігін өзгертуі мүмкін. Тыныс алу мен жүректің жиырылу арақатынасы орташа 1:4 сәйкес келеді. Дене температурасының 1°С-қа көтерілуі орташа есеппен тыныстың 4 ретке дейін жиіленуіне алып келеді.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 10281 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...