Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тыныс алудың түрлері



Тыныс алу беткей және терең болып келеді. Беткей тыныс қашықтықта естілмеуі немесе әлсіз естілуі мүмкін. Тыныс алудың физиологиялық типтеріне кеуделік, құрсақтық және аралас типтер жатады. Әйелдерде кеуделік тип, еркектерде тыныс алудың құрсақтық түрі кездеседі.

Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі өзгергенде ентігу пайда болады. Ентігудің бірнеше түрлері бар: инспираторлы ентігу - тыныс алу қиындайды; экспираторлы ентігу - тыныс шығару қиындайды; аралас ентігу - тыныс алу және тыныс шығару қиындайды. Жылдам дамитын ентігу - тұншығу деп аталады.

Тыныс алу мүшелерімен ауыратын науқастарды жиі ентігу мазалайды. Ентігу дегеніміз ауа жетіспеушілігімен сипатталатын тыныс алудың қиындауы.

Ентігуде тыныс алудың ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылады. Тыныс алу жиілігі дегеніміз адамның 1 минуттағы тыныс алу саны. Ересек адам тыныштық жағдайда минутына 16-20 рет тыныс алады. Физикалық күш түскенде немесе көңіл-күй бұзылғанда, сонымен қатар кейбір ауруларда тыныс алу жиілігі өзгереді. Тыныс алудың жиіленуі тахипноэ деп аталады.

Тыныс алу жиілігінің сирек болуын брадипноэ деп атайды. Шыныққан адамдарда, спортшыларда брадипноэ қалыпты жағдай болып есептеледі, ал кейбір ауруларда патологиялық симптом ретінде кездеседі. Апноэ - тыныс алудың болмауы.7.Тыныс алу жиілігін анықтаудың алгоритмі:

1. Науқастың қолын шыбық артериясынан Рs анықтайтындай

етіп (науқас назарын басқаға аудару үшін) ұстаңыз.

2. Екінші қолын кеуде торына (кеуделік типті тыныс

алуда) немесе эпигастрий тұсына (іштік типті тыныс алуды) қойыңыз.

3. Тыныс алу санын 1 минут ішінде есептеңіз.

Тыныс алу саны (жиілігі) температуралық параққа тіркеледі.

Тыныс алу ырғағы - белгілі уақыт аралығында пайда болатын тыныс алу әрекеттері. Егер осы аралықтар біркелкі болса -тыныс алу ырғақты, ал егер әртүрлі болса аритмиялы болады.

Кейбір ауруларда тыныс алу үстіртті (беткей) немесе өте терең болады

Тыныс алудың патологиялық типтері

- Куссмауль тынысы - сирек, шулы терең тыныс; терең комада байқалады;

- Биот тынысы - беткей тыныс әрекеттері және паузалардың кезектесуімен

сипатталады, олардың созылу уақыттары бірдей (бірнеше минут);

- Чейн-Стокс тынысы-тыныс жиілігі және тереңдігі біртіндеп

жоғарылайды, 5-7-ші тынысқа келгенде біртіндеп төмендеп паузамен

аяқталады. Пауза бірнеше секундтан бір минутқа дейін созылады. Пауза

кезінде науқас сыртқы ортада болжай алмайды немесе есін

жоғалтады.Тыныс қалыптасқан жағдайда есі қалпына келеді.

- Грокк тынысы- бұл Чейн-Стокс тынысы сияқты. Бірақ бұл

жерде тыныс алу паузасының орнында терең емес әлсіз тыныс алу қимылдары болады. Олар біртіндеп тереңдеп, кейіннен біртіндеп кері қайтады.

8.Тамыр соғуын анықтау, сипаттау. Артериялық қан қысымын өлшеу.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 19965 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...