Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Топырақтың құрылымы мен оның маңызы



Әдетте топырақтар пішіні түрліше болып келетін жеке бөлшектерден тұрады – бұлар топырақ құрылымы болып табылады. Топырақ құрылымы шаң немесе тозаң түрінде болатын өта ұсақ бөлшектерден бастап, мөлшері жаңғақтай, тіпті одан да үлкен болып келетін кесектерден тұрады. Топырақтарда қандай құрылымдық бөлшектердің көптігіне қарай олар құрт кесекті, жаңғақшалы, шаңдақ және т.б. құрылымды болып бөлінеді. Топырақтарда неғұрлым кесекті бөлшектер көп болып, неғұрлым олар берік және кеуекті болса, ал шаң бөлшектер аз болса, соғұрлым ол борпылдақ келеді. Борпылдақ топыраққа өсімдіктер мен жануарлар қарашірікке айналдыратын бактерияларға қажетті су мен ауа оңай сіңеді.

Мәдени өсімдіктердің жақсы өсуі үшін әсіресе, құрт-кесекті құрылымды топырақтар өте қолайлы. Қарашірік топырақтың бытыраңқы бөлшектерін желімдеп, біріктіреді, оларды кеуекті түйіршіктерге айналдырады. Гумин және ульмин заттарынан құралған қарашірік пен кальций топырақта неғұрлым көп болса, соғұрлым топырақ түйіршіктері аз және олар өте берік емес. Мұндай нашар құрылымды топырақтарды жыртқанда олар майдаланып, шаңға айналады, су тисе тез шайылып, кетеді. Мұндай топырақтардың бетінде қатты жаңбырдан кейін қабыршақ пайда болып, ол судың булануын күшейтеді. Сондықтан мұндай құрылымды топырақтарда жаңбырдан кейін беті қатып қалатындықтан, өсімдіктер көгі жақсы өніп шыға алмайды, яғни өледі.

Топырақ құрылымын құрайда жауын құрттарының атқаратын жұмысы орасан зор. Бұл құрттар өздерінің қоректену процесінде өздеріне керекті заттарды пайдаланумен бірге, өздері бөліп шығаратын шырынды заттар арқылы топырақтың ұсақ түйіршіктерін біріктіріп, капролитті құрылымдар түзеді. Міне, мұндай құрылымдық топырақтарда мәдени өсімдіктерге қажетті барлық жағдай жасалынады да, дақылдар жақсы өніп-өседі.

Негізгі әдебиеттер:

21. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.

22. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч. 1-2. – 400 с.- 368 с.

23. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.

24. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат, 1989. 720 с.

25. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.

26. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.

27. Самойлова Е. М. О понятии «элементарный почвообразовательный процесс» //Вестник МГУ. Сер. почвовед. 1986..

28. Лозовская М.А. Проблемы эволюции почвообразования в трудах П.П. Герасимова// Почвоведение. 1988. №6. С.77 - 83. '

29. Ершов Ю.И. Основы теории почвообразования. Красноярск: Ин-т леса СО РАН. 1999.

30. Шаушеков Т.К. Электронный курс лекций по почвоведению, 2007 Изд. КарГУ им. Е.А.Букетова

Қосымша әдебиеттер:

17. Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983- 320 с.

18. Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.Л.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.

19. Добровольский В.В. «География почв с основами почвоведения», изд-во Вш. 1989

20. Кауричев И.С «Почвоведение», М., В.ш., 1989

21. Чижевский М.Г. «Земледелие с основами почвоведения»

22. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв», М., Вш., 1981.

23. Ежемесячный научно-теоретический и научно-практический журнал «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», Алматы, Изд. «Бастау»

24. Научно-практический журнал «Почвоведение» Российской академии наук, Изд. «Наука», Москва

4-ші дәрістік сабақ: «Топырақтық қасиеттері»

Дәрістік сабақтың жоспары:

1. Топырақтың физикалық және физико-механикалық қасиеттері.

2. Топырақ ылғалы.

3. Топырақтың ауа режимі.

4. Топырақтың жылу режимі.

5. Топырақтарды классификациялау.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2645 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...