Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту



Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәлелденіп отыр.

Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:

1) Қолданушылық. Мұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай-ақ техникаға сауатты, ұқыпты қарауы.

Қолданушылық бағыттағы пропедевтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерліктер қалыптасуы тиіс:

- оқу, ойын бағдарламаларымен жұмыс істей білу;

- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;

- программамен жұмыс істеуге машықтану: программаны еңгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.

2) Ақпараттық-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан да алгоритмдік ойлау қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.

3) Шығармашылық. Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны іске асыруға қатысады.

4) Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғалымдардың зертеулері бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұғынады:

1) Проблемалық оқытуды қолдану.

2) Алгоритмдік оқыту.

3) Оқытуды ақпараттандыру.

4) Пәнаралық кіріктіру.

Информатика пәні баланың техника құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар:

§ мақсат;

§ мазмұн;

§ әдістер;

§ қажетті құрал-жабдық;

§ оқыту формасы.

Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңаруда.

Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:

1. Компьютерлік сауаттылықты ашудың бастау негізі.

2. Ойды логикалық түрде дамыту.

3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік.

4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Информатиканы үйренуді бастаған кезде алгоритмдеу негіздерін жоғары сыныптарда берілді. Бүгінде тәжірибе көрсеткендей, бұл мәселені бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сынып оқушысының алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге өте қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі қалыптасып, оқытуға жақсы жағдай туғызады.

Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мұғалім рұқсат береді. Әрбір оқушы өз тобына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді.

Компьютерлік сыныпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс шаршамас үшін 1-4-сынып оқушыларының компьютерді үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң, олармен көзге арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде демалдырып, көз қозғалыстарын барынша үлкен етіп орындауға тырысуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде орындалады.

Бастауыш сыныптарда бала үшін – оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істей білуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.

Еуропа кеңесі декларациясына сәйкес (1992) әлемдік практикада 12-жылдыққа жалпы орта білім беру басымдыққа ие.

Қазақстан Лиссабон Конвенциясына қол қойып, оны бекіткеннен кейін Еуропалық білім кеністігіне ықпалдасудың кұкықтык негізін қалады. Соның бастыларының бірі – 12-жылдық білім беруге көшудің дайындық шаралары. 12-жылдық білім беру ол тек казіргі 11-жылдыққа 1 жылды қоса салу емес, жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымдық және мазмұндық тұрғыда жаңғырып, өзгеруі, қайта қалыптастырылуы. Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік окыту проблемасына көп көңіл бөлінеді.

Республиканың терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жолына түсуі оқушыларды еңбекке даярлау жүйесіне жаңаша тұрғыдан келуді және олардың өнімді енбегін ұйымдастырудың тиімді нысандарын іздестіруді талап етеді. 12-жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқккдайьшкрудына бейіндік окьггыиы бастауыш сыныпта оқытудың технологиясын енгізудің әдістемелік негіздері."ыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бұл негізгі және жоғарғы мектепті бітірушілердің кәсіпті барынша саналы түрде таңдауына ықпал етеді. 12-жылдық білім беруге көшу мектеп бітірушілерді бәсекелес етіп даярлауды камтамасыз етуте, жалпы орта білім туралы біздің аттестаттарымыздың шетелде танылуы және жоғары білімге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 12-жылдық оқытуға көшу белгілі бір дәрежеде елдегі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге ықпал ететін болады.

Білім және ғылым министрлігінің 31 наурыз 2005 жылғы №201 бұйрығы негізінде облыс көлемінде 12-жылдық оқыту жүйесіне көшуді оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары жасалды. Жоспар ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, мақсатты курстарды жүргізу және мамандарды оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету тәрізді бөлімдерден тұрады. Бұған қоса 12-жылдық оқыту бағдарламасын, оқу-әдістемелік кешендерін сынақтан өткізуші мектептердің жұмысын ұйымдастыру мен кешенді мониторинг жүргізуді әдістемелік жабдықтау институт кұзырында.

Білім сапасындағы жаңашылдық жұмыстарын жүргізетін басты тұлға мұғалім болғандықтан, оның психологиясы, әдістемесі өзгеруі – 12-жылдық білім беру жүйесіне көшудің алдыңғы шартынын бірі болып табылады.

Осы орайда, 12-жылдық білім жүйесіне көшу барысында мамандарды қайта даярлауға мақсатты қаражаттың бөлінуі үкіметіміздің асқан көрегендігін көрсетеді. Себебі, әдістемелік-психологиялық дайындығы бар маман ғана жаңа бастаманы шығармашылықпен қолдап, өмірге тән ете алады.

Мұғалімдердің біліктілігін көтерудің бір жолы – оларды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету. Осы мақсатта "12-жылдық білім проблемалары" Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан әдістемелік әдебиеттер алынды, бұған қоса институт баспа орталығынан эксперименттік мектептердің іс-тәжірибесінен бірнеше әдістемелік кұралдар шығарды.

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық денгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажеттігі шарты екенін дәлелдеуде. Сондыктан қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында әлемде жүріп жатқан процестерден, жаңалықтардан біз сырт қалмай, әр кез алға ұмтылуымыз керек. Білім беруді жаңашаландыру мен 12-жылдық оқытуға көшу бағытындағы жұмыстар институттың әдістемелік іс-әрекетінде басты бағыт болып, келешекке де жалғаса бермек.

Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіру болып отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе десек, бастауыш мектеп – соның бастауы. Демек, бастауыш мектеп дидактикасының бүгінгі таңда көтерер жүгі де салмақтана түседі.

Бастауьш класс мұғалімінің негізгі міндеті – бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мұндағы басты мақсаты – окытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзкарасының қалыптасуына жол ашу.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: "... бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты койылады", - делінген.

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.

Осы мақсатты жүзеге асыруда мына сызбаны басшылыкқа алуға болады. Бұл сызбада жеке тұлғаны қалыптастырудағы мұғалімнің қызметі және оқушының іс-әрекеті келтірілген:


1-сурет. Жеке тұлғаны қалыптастыру

Информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінде қазіргі кезде елеулі өзгерістер болып жатыр. Егер бастауыш мектепте информатика курсы алғашқы кезде алгоритмдер және ақпараттық техналогияларды үйретуге бағытталған болса, қазіргі кезде маңызды сәті болып жүйелік-ақпараттық әдістеме негізінде құрылған әлемдік көз қарастың қалыптасуы болып келеді. Ол үшін жанданған әдістеме құру қажет, оның орталық мәселесі болып өмірдің жүйелік-ақпараттық сипаттамасын қалыптастыру болып отыр.

Бастауыш мектепте инфортатика курсының теориялық құрылымын қарастыра отырып оның әдістемелік негіздерін де ескеру керек. Мұғалімнің оқыту жүйесі алып отырған педагогикалық орнына байланысты және әр орын өз әдіснамалық негізіне ие болады. Әдіснамалық деп білім беру іс-әрекетін ұйымдастырудағы пікір, форма және әдістер жиынтығын айтамыз. Мақсат деңгейіне және оқытудың заңдылығын ескере отырып дамытушылық, проблемалық және эвристикалық оқытуды айыра аламыз.

Оқытудың дамытушылық түрі өзіндік сапасының барлық жиынтығын қарастырады. Оқыту ынталандырады, бағыт береді, дамытуды тездетеді.

Проблемалық тәрбиелеу – өзіндік тәрбиелеу. Проблемалық оқытудың мақсаты – бұл мәселелі жағдайдың туындауы, ал оның нәтижесі болып оқушылардың өзіндік, белсенді қызметі болып саналады.

Эвристикалық оқыту бұл оқып жүрген білім және қызмет саласында өзіндік білім алу үрдісінде мұғалімдер мен оқушылардың білім мен өзіндік дамуы, танымдылық және шығармашылық үрдістер белсенділігі.

Оқытудың дамытушылық түрін оқытудың белсенді-қызметтік түрі деп ұғады. Эвристикалық оқыту дамытушылық та, проблемалық та оқытудың мүмкінділігін кеңейтеді, себебі оқушының өзіндік мағынасын, мақсатын және мазмұнын құру бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру үрдісіне бағытталған. Нақты пән мазмұнын және мұғалім мен оқушы арасындағы анықталған ұйымдастыру формасын қолдану мектепте жоғары айтылғандардың барлығына да қатысты, мұндағы іс-әрекеттің жүйелік элементін тудыратын мақсаты болып оқушының дамуы, ал құралы информатика курсының мазмұны болып саналады. Мазмұнның барлығы дамитын нәтижеге ие болмайды, белгілі бір анықталған тақырыпты қарастыру ғана курстың оқу, даму және тәрбиелік міндеттерін шеше алады.

Оқытудың мазмұнына, мақсатына сәйкес мұғалімнің оқу үрдісінде орны, іс-әрекет сипаты, үрдісі, әдісі және оқыту формасы да өзгереді. Дәстүрлі емес оқытуда мұғалім қызметі түбірлі өзгереді. Енді мұғалімнің басты міндеті – «жеткізу», «білдіру», «түсіндіру» және «көрсету» емес, алдарында қойылған тапсырманың нәтижесін бірге, қосылып іздеуді ұйымдастыру болып келеді. Мұғалім сыныпта пайда болатын мини-спектакльдің режиссері ретінде болады.

Оқытудың жаңа шарттары мұғаліммен әрбір сұраққа жауап берем деген оқушының жауабын қайтармай тыңдай білу, жауап берушінің орнына тұра білу, айтқан пікірінің логикасын ұғу, оқу жағдайы өзгеріп отырғанда дұрыс шешімін табу, балалардың жауаптарын және ұсыныстарын талдау, тапсырманың дұрыс жауабына итермелеуді талап етеді. Оқыту үрдісінде талас тудыратын жағдайда логикалық ойлауды, диалогқа, оқу тапсырмасын шешуді оқыту тез дұрыс жауабын табуды көздемейді, балалар бір сабақта дұрыс шешімін табаалмайтын жағдайлар да болу мүмкін.

Сабақта ойын, өлеңдер, жұмбақтарды қолдану төменгі мектеп жасындағы оқушылардың оқу қызметін ынталандырып, қызықты және қолайлы болып өткізеді. Осындай мағлұматпен жұмыс істеу оқушыларға қуаныш және қанағаттану сезімдерін беру керек, эстетикалық талғамына, көңіл-күй қажеттіліктеріне сәйкес келу керек. Мұғалім құрал, форма және әр түрлі амалдарға ие болады және осыларды қолданып оқушыларды информатика пәнін оқуға қызықтырады.

Оқытудың әдіснамасы оқыту технологиясымен тығыз байланысты. Оқытудың мақсатты жүйесі пәндік мазмұнды, әдіснамалық негізді және оқытудың технологиясы мен әдістемесінің тәжірибелік дамуын өзінің құрамына енгізеді. Оқытудың нәтижелі әдістемесін таңдау үшін қандай теориялық негізге жүгіну керек және қандай технологиялық құралдармен қолдану керек екенін білу қажет. Ол үшін (2-суретті қара).Осы суретте оқыту жүйесінің негізгі элементтері келтірілген.


2-сурет. Оқыту жүйесінің құрамы

Әр технология жүйе құрайтын анықталған концепцияны ұстанады, ол анықталған шарттың бар болуын көрсетеді және ең маңыздысы анықталған нәтижеге мақсатталған. Сапалы нәтиже тек қана сол уақытта мүмкін болады, егер мұғалім технологияны өзі ұғынып содан кейін ғана пайда болған жағдайға бейімдесе, сәйкесінше ол бір өзгерістер енгізеді, сосын технологиядан әдістемеге айналады (3 суретті қара). 3-суретте технология мен ақпараттық коммуникациялық ортаның байланысы көрсетілген.


3-сурет. Технологияның әдістемеге айналуы

Сабақ кезінде технология мен әдістерді қолдана отырып, мұғалім бастауыш мектепте оқытудың әр түрлі әдістері мен құралдарын қолдана алады, ол 1 кестеде көрсетілген

Кесте 2.

Информатиканы оқытудың әдістері мен құралдары

Әдіс және оның қолдануы Оқытушының қызметі Оқушының қызметі Оқыту құралдары Табысты орындаудың шарты
ӘҢГІМЕ – оқу материалын бір үнді баяндау, сұрақтармен бөлінбейтін, құрамында фактологиялық материал болатын алғы сөз, хабарлама, қорытынды. Сұхбат әмбебап әдіс болып саналмайды, тәжірибелік дағдылар бермейді. Кіріспе сұхбат Сұхбат-хабарлама Бекітетін сұхбат Көңіл-күйін өзіне аудару, кілтиме тәсілдерді, логикалық салыстыруларды қолданады, салыстыруға, түйіндеуге, өз ойларын сауатты айтуға үйретеді, құралдарды тыңдап, негізгі көмекші сұрақтарды құру, оны ұйымдастрыру және жүргізу әдістемесін ойлап табу керек. Жинақтап қорытындылай білу керек. Өз ойларын логикалық байланысты айтуға үшін мұқият тыңдап отыру керек. Сұрақтарды мұқият тыңдап, оларға жауап беру, жолдастарының жауаптарын талдап, өз пікірін айта білу керек. Әңгіме, иллюстрациялар, әдістемелік және бір үнді тәсіл, салыстырудың логикалық тәсілі, салыстыру, түйіндеу. Басқа әдістермен сай келуіне байланысты. Жаратымды-эмоционалдық қабылдау. Жағдайға (уақыт, орын) байланысты, дәлелдерді асырмау. Мұғалімнің баяндауына байланысты. Жолдастарының жауаптарын талдап, өз пікірлерін айта білу керек.
ОҚУ ПІКІРТАЛАСЫ – нақты бір тақырып бойынша көзқарастармен алмасу; білетін мағлұматты үйренуге және реттеуге болысады, жаңа білімдер алып оны тиянақтайды, өз ойында тұруға үйренеді. Мұғалім оқушылар өз ойларын нақты және ашық баяндуын, сұрақтарын бірмәнді және анық қоюын, нақты дәлелдмелер келтіруін және тағы басқаларды ескеріп отыру керек. Жаңа білімдер алады, өз ойын дамытады, тиянақтайды және айтқан сөзінде тұруға үйренеді Әңгіме, сұрақ, дауласу. Оқу пікірталасына мазмұнды жағынан да, немқұрайлы жағынан да алдын ала және тиянақты дайындалу.
КІТАППЕН ЖҰМЫС – оқушыға кез келген уақытта және қолайлы Оқушыларды әртүрлі ақпаратты жаттаудың ережесімен Оқу материалын (сабақ + оқулық) оқу, Кітап, дәптер Ерікті оқуын білу, оқыған мағлұматын ұға білу, негізін
Кесте 2 жалғасы
мезгілде оқу ақпаратын көп рет өңдеуге мүмкіндік береді. Қызметтері: оқытушы, дамытушы, танымдылық, бақылаушы-жинақтаушы таныстыруға, естің дамуын әр уақытта қадағалап отыруға, оны дамытуға көмектесіп, осы әдісті басқа әдістермен байланыстыруға міндетті. ұғыну, жазу, анализдеу, синтездеу.   бөліп, жаза білу, конспект және схема құра білу керек.
ДЕМОНСТРАЦИЯ – табиғи түрдегі процестермен, объектілермен көрнекі таныстыру, заттың сыртқы түрімен, ішкі құрылысымен қолданылады. Педагог оқушылардың зейінін демонстрацияланған құбылыстың маңызды жағына аудару керек, әр түрлі әдістерді дұрыс үйлестіру. Сипаттау, бақылау, зерттеу, ойлау, байланысты табу. Зерттелетін объектілер (табиғи түрде) табиғи объектілерді жасанды алмастыру. Оқушыларың белсенді қатысуы, объектілерді дұрыс таңдау, оқушылар зейінін педагог мәнді құбылысқа бағыттау, басқа әдістермен байланыстыру.
ИЛЛЮСТРАЦИЯ – зат, құбылыс, үрдістерді көрсету және қабылдау, оларды плакат, карта, сурет, портрет, схема және тағы басқалар арқылы көрсету. Иллюстрация-ланған мағлұматтың көлемін анықтау, алдын ала иллюстрацияны дайындау, көрсету әдістемесін дұрыс қолдану. Ойлау, қабылдау, нәтиже шығару. Диаграммалар, графиктер, схемалар. Кестелер, карталар, плакаттар және тағы басқалар. Көрсету әдістемесі, басқа әдістермен байланысы, үлестіру мағлұматын қолдану.
ВИДЕОӘДІС – ақпаратты экран арқылы беру, бұл білімді беру үшін ғана қолданылмайды, оны бақылау, тиянақтау, қайталау, жинақтау, жүйелеу үшін де қолданады, демек ол дидактикалық қызметі атқарады. Керек мағлұматты табу, оқушыларды мәселені талқылауға алып келу, жалпы нәтиже шығару, өздік жұмыс кезінде жеке көмек көрсету. Ойлау, қабылдау, нәтиже шығару, керек ақпаратты бөліп алу, өзіндік зерттеу. Проектер, киноаппаратура, оқу теледидар, бейне-проигрыватель, бейне-таспа, сонымен қатар ақпаратты дисплейге беретін компьютер. Бейне бар болуы, оқу үрдісі нақтылығымен, мақсаттылығымен айырылуы керек.
ЖАТТЫҒУ – іс-әрекетті қайтадан Мұғалім жаттығуларының Жаттығу түріне байланысты Дәптер, кітап және т.б. Қызмет сапасын көтеру үшін
Кесте 2 жалғасы
орындау жоспары негізінде құрылған, оның меңгеру және сапасын жоғарлату мақсаты бар оқыту әдісі. Түрлері: Арнайы, өндірістік, түсінікті, ауызша, жазбаша, графикалық, зертханалық-тәжірибелік, еңбек-өндірістік. сапасын және әр түрлі болуын бақылап отыру керек, жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалап отыру керек, жаттығуды орындаған кезде көмектесіп отыру керек. тапсырманы. нақты орындап отыру керек құралдар. оқушыларды саналы бағыттау, іс-әрекет орындалуының ережесін білу, шарттарын бақылау, нәтижелік.
ЖАҒДАЙЛЫҚ ӘДІС – көп жолдардан және әдістерден құралған әдіс, оны педагог тек қана қолданып жүрген белгілі әдістер бір нақты шарт кезінде көзделіп отырған мақсаттарға тез және тиімді жетуге мүмкіндік бермеген уақытта қолданады, бұл әдісті барлық педагог қолдай бермейді, ол шығармашылық, стандартты емес әдіс. Оқыту үрдісі кезінде даралығы, ғылыми-зерттеу жұмыстары. Мұғалім ұсынған жұмысты ойланып орындау. Оқушылардың шығармашылық өсуінің картасы, диагностикалық карталар. Оқушыларды дайындау, қазіргі кездегі көрнекі құралдардың бар болуы. Оқушылардың белсенді қатысуы, басқа әдістермен байланысы, педагогтың оқылған мағлұматтың мәнді жағына аудара білуі, тындаушылармен байланыс жасау, оларды жаратымды қабылдауы.
ТӘЖІРИБЕЛІК ӘДІС – алған білімдерін тәжірибелік тапсырмаларды орындауда қолдану, теорияны тәжірибеде қолдана білуі, Түсіндіру, көрсету, басшылық ету, нашар оқитын оқушылармен жұмыс істеу, бақылау. Мұғалім көрсеткен және түсіндірген мағлұмат бойынша ойлану, әр түрлі үрдістерге қатысу, тапсырманы өздігімен орындау, нәтиже шығара білу Демонстрациялық мағлұмат, дәптерлер, кітаптар. Еңбек үрдісін ұйымдастыру әдетін қалыптастыру (мақсат қою және шарты мен нәтижесін шығару және т. б).
ТАНЫМДЫЛЫҚ Мазмұның және Ұғыну Ойын Мұқият
  Кесте 2 жалғасы
ОЙЫНДАР – бұл арнайы құрылған, шындықты модельдейтін жағдайлар, оқушыларға шешімін табу қажет. Белгілеуі: танымдылық үрдісті ынталандыру Сылтаулататын ойындар Сахналау, генерациялау әдісі жоспарын дайындау, тақырыбын және мақсатын анықтау, байқап отыру, басшылық ету, қорытынды шығару. дәлелдеу, рөлдерді қабылдау. жинақтары, жабдықтама-ларды қамтамасыз ету дайындалу, жартымды қабылдау, мадақтау.
ОҚЫТУШЫ БАҚЫЛАУ: оны оқу үрдісіне енгізілуін қамтамасыз ету керек, бақылау оқу үрдісінің қорытынды элементі ғана болмай, сонымен қатар оқытушы, дамытушы, тәрбиелік қызметтерді атқару керек. Бақылау түрлері: ауызша, жазбаша, зертханалық, бағдарламалаулық, тестік, өзін-өзі бақылау. Бақылау жұмыстарын дайындау (тест), бақылау түрін анықтау. Бақылау жұмыстарын орындау, өзін-өзі бақылау. Бақылау дәптерлері, контур карталары, тестер, жеке карточкалар және тағы басқалар. Бақылау формасын дұрыс таңдау.

Кез келген пәннің әдістемелік жүйесі бес компонент жиынтығынан тұратындығы екені белгілі. Оқу пәнінің жалпы орта білім берудің мазмұның құрайтын әдістемелік жүйесі көп он жылдықтарда, көбінесе эмпирикалық түрде қалыптасты, ол мектеп тәжірибесімен тексеріліп отырды және 10-15 жыл аралығында өзгеріске ұшырап отырды. Информатика пәнінің әдістемелік жүйесі динамикалық түрде өзгеріп отырды. Соңғы жылдары информатика пәнінде нені және қалай оқыту керек екені бірнеше рет өзгеріп отырды.

А. А. Кузнецов А. М. Пышкало соңынан бастауыш мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесін өзара иерархиялық байланысқан бес компоненттен тұрады екенін қарастырған: мақсаты, мазмұны, әдісі, ұйымдастыру формасы және оқыту құралдары. (3-сурет).

Информатика курсының спецификасы компьютерлік сыныптың және ДЭЕТ бар болуы оқушыларды қалай және неге оқыту керек екенін анықтайды. Басқа сөзбен айтқанда, оқыту құралынан оқыту тапсырмасы байланысты болады, ал осыдан мазмұнын анықтауға болады, ол әдістерді және ұйымдастыру формаларын анықтайды.

Бастауыш мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйенің әрбір компонентіне тоқталайық.

Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың мақсаты аса өзгерген жоқ. Педагогтар, психологтар, әдіскерлер барлығы бірігіп, бұл курсты пропедевтикалық деп санайды. Жалғыз бір айырмашылығы, бұл ең біріншіден, терминологиялық мәселеге байланысты, «компьютерлік сауаттылық» және «ақпараттық мәдениетке» қатысты. 4-суретте информатика пәнін оқытудың негізгі жүйесі элементтерінің арасындағы байланыс белгіленген.

 
 

4-сурет. Информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесі

Жуырда кезекті мәселе болып оқушылардың «компьютерлік сауаттылығы» саналады, ал қазір оқушының «ақпараттық мәдениетін» қалыптастыру туралы сөз шығарып жатыр. Жетекші мамандар бұл ұғымдарға әр түрлі анықтама береді, дәлірек айтсақ оқушының білімін әр түрлі толықтырып отырады. Бастауыш сыныптарға келетін болсақ, менің ойымша, компьютерлік сауаттылық негіздерін оқыту туралы айтқан жөн болады.

Бастауыш мектепте информатика пәнінің пропедевтикалық курсының негізгі мақсаттарын қысқаша былай көрсетуге болады:

- компьютерлік сауаттылық бастамасын қалыптастыру;

- логикалық ойлауды дамыту;

- тапсырмаларды нәтижесіне жету үшін жүйелік әдістемені және алгоритмдік дағдыларды дамыту;

- қарапайым компьютерлік дағдыларды қалыптастыру (компьютермен, ақпараттық технологиялар ортасындағы қарапайым ұғымдармен танысу).

Бастауыш мектепте барлық оқыту үрдісінде қалыптасқан компьютерлік сауаттылықтың мәнін анықтаған кезде Информатика пәнімен ғана шектелуге болмайды екенін түсінген жөн. Керісінше, бұл мәселені барлық мектеп пәндерін, сыныптан тыс жұмыстарын қосып ата-аналар көмегін барынша көп қатыстырып шешу керек.

Информатиканы жаппай оқыту бастамасында алгоритмдер негізі жоғарғы сыныптарда қалыптасты. Қазіргі уақытта ойлаудың алгоритмдік стилін қалыптастыруға бағытталған жұмысты бастауыш сыныптарда бастаған лайықты екені көрінеді, себебі, жоғарғы сынып оқушыларында ойлау стилі қалыптасқан, демек, жаңа ойлау формасын үйрену оларға қиынға түседі.

Баланың болашақтағы оқуының және өмірінің дамуына әсер ететін рефлексия сияқты психикалық үрдіс төменгі оқушы жасына ең қолайлы болып келеді, оның ішкі іс-әрекет жоспары алгоритмдік ойлау стилінің қалыптасуының негізі болады. Егер де біз бұл уақыт аралығын жіберіп алсақ, онда ересек жасында бұл сапаларды дамыту қиынға түседі, ал кейбір кезде мүмкін де емес.

Мектептегі информатика курсының мазмұнын 2 диалектикалық қарама-қайшылықта болатын негізгі факторға болуге болады.

1) Ғылымилығы және тәжрибелігі. Информатика оқу пәнінің мазмұны информатика ғылымынан шығу керек (демек, қазіргі кездегі ғылымның жағдайына қайшы болмау керек); пән оқылып өткен соң оқушыларда фундаментальді білім болу керек, ол оқушыларды әр түрлі сферадағы кәсіби іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ету керек.

2) Қолайлы және жалпы білім берілуі. Оқу пәніндегі мағлұмат оқушылардың көбіне ұғынықты болу керек, ақыл-ойының даму деңгейіне, бар біліміне, біліктілігіне, дағдысына сай болу керек. Осыдан басқа информатика курсының мазмұнының құрамына информатика ғылымының бөлімдерінен сәйкес келетін жалпы мағыналы, жалпы мәдениетті, жалпы білім беретін мағлұматтар кіру керек.

Басқаша айтқанда, мектептегі информатика курсы бір жағынан қазіргі кезге сай келіп және күрделі болып келе жатқан ғылым және тәжірибе талаптарына сай болу керек. Бұл екі талаптың қосылуы күрделі әдістемелік міндет болып табылады.

Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың мазмұны барлық тақырыптарды қамтитын төрт негізгі бағыт аумағында қалыптасты:

1) Көзқарастық (кілтті сөз – ақпарат). Мұнда ақпарат және ақпарат үрдістері ұғымдары қарастырылады (өңдеу, сақтау және ақпаратты беру). Нәтижесінде оқушыларда өмірдің ақпараттық мәні қалыптасу керек, ақпараттық үрдісін танып және талдай білу керек.

2) Тәжірибелік (кілтті сөз – компьютер). Мұнда компьютер туралы ұғым дербес компьютерлік машина ретінде қалыптасады, ЭЕТ әр түрлі қолданулы қарастырылады, балалар машинамен жұмыс істеуге дағдыланады.

3) Алгоритмдік (кілттік сөз – алгоритм, орындалу, бағдарлама). Мұнда алгоритм ұғымы, алгоритмді және алгоритмдік есептерді сабаққа қолдану қарастырылады. Нәтижесінде алгоритм, оны жазу және орындау түрлері туралы түсінік қалыптасады.

4) Зерттеу (кілттік сөз – шығармашылық). Мазмұны мен әдістемесі шығармашылық, зерттеу сапаларының қалыптасуына мақсатталған.

Орта мектепте барлық пәндерден оқу-тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру негізгі форма және әдіс болып саналады. Мектептегі сабақ оқытудың сынып-сабақ жүйесінің негізін құрайды, оның сипатталу белгісі болып:

- оқушылардың оқу тобының тұрақты құрамы;

- әр сыныпта рқытудың мазмұнын анықтау;

- оқушылар жұмысының жеке және ұжымдық формаларын үйлестіру;

- мұғалімнің жетекші рөлі;

- оқушылардың білімін жүйелік тексеру және бағалау.

Оқу үрдісінің сынып-сабақ жүйесі, атақты чех педагогі Я.А. Каменскийден (1592-1670) шыққан, мектептегі құрылымдық ұйымдастырудың негізі болады. Бар тәжірибеге қарағанда ЭЕТН курсын өткізгеннен кейін информатика негіздерін оқыту курсы дидактикалық тәжрибені мұрағат етеді.

Олар – сабақ жүйесі, үй жұмысы, зертханалық жұмыс, бақылау жұмыстары және тағы басқалар. Осының барлығы информатика сабағында да қолданылады.

Бірнеше жыл бұрын педагогтардың негізгі күші, бастауыш сыныптар үшін де бағдарламаны, кітаптарды және оқыту – әдістемелік құралдарды құруға бағытталды, ал бүгінгі күнде оқытудың ұйымдастыру формасына және құралдардың өзгеруіне көп көңіл бөлінеді. Оқыту үрдісіне компьютерді көп қолдануына және компьютермен жұмыс істеудің жағымсыз салдарын өтеуіне байланысты төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесін дайындау туралы сұрақ өте өзекті.

Төменгі сыныпта қолданылатын оқытудың әдістері мен формалары 1-4-сынып оқушылардың психикалық, физикалық және ақыл-ойын дамытатын негіздерін ескеріп отыру керек.

Бастауыш мектептегі информатика сабағында қолданылатын сынып- сабақ жүйе шартында мұғалімдер оқытудың келесі әдіс және формаларын табысты қолданылады, олар оқушының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижелі оқу үрдісін құруға мүмкіндік береді:

- диалог;

- ойын әдістемелері;

- ақпараттық минуттар;

- эвристикалық әдістер.

Халықтық әлеуметтік құрамын және сәйкесінше әлеуметтік аймақтық ақпараттану деңгейін ескере отырып нәтижелі оқытудың құрылу қажеттілігі ақпараттық минутка сияқты оқыту формасын тудырады. Психикалық қаынастың даму қажеттілігі сабаққа диалог сияқты оқыту формасын енгізеді: «оқушы-оқушы», «оқушы-оқытушы».

Әр білім жемісті қалыптасу үшін бұл ең біріншіден оқушылардың бұл білімді алу ынтасына байланысты. Оқу үрдісінің қалыптасуы оқу формасымен тікелей байланысты.

Психологияда оқыту мативі екі жолда дамиды екені дәлелденген:

- оқушылардың оқудың қоғамдық мәнін меңгеру арқылы;

- оқушының оқу іс-әрекеті арқылы.

Жұмыстың топтық формасын қолдану өтіліп жатқан пәнге қызығушылықты арттырады екені психологиялық әдебиеттерде көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларында жұмысты кіші топтарда ұйымдастыру лайықты, демек, топтың қалыптасуы дәлелдік үрдісте құрылу керек: егер пәнге бейтарап қарайтын балаларды пәнді жақсы көретін балалармен біріктірсе, біріккен жұмыс нәтижесінде біріншілер пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бастауыш сыныптарда балаларды топқа бөлген кезде балалардың топ құрылысына деген тілегін ескеру керек. Бұл жаста «жақсы», «мейірімді», «күшті»сипаттамалары бала ойында «пәнді біледі», «өте жақсы оқиды», «ұқыпты» дегенмен салыстырады.

Оқыту құралдар жүйесінің құрамына кітап, оқу және әдістемелік мағлұматтар, компьютерге арналған бағдарламалық қамсыздандырумен қатар

компьютердің өзі де кіреді, ол мұғалім қойған оқу мақсатына жету үщін комплексті ортаны құрайды.

Бағдарламалық қамсыздандыру информатиканы оқыту құралдар жүйесінің айрақша компонетасы болып келеді, ал оған минимальды керек терім ретінде КЕТ құрамды бөлігі болу керек. Педагогикалық-эргономикалық шартқа сәйкес информатика кабинетінде қолданылатын бағдарламалық қамсыздандыру (ПҚ) төменде көрсетілгендей болу керек:

- Жүйелік ПҚ (операциондық жүйе, операциондық қабықшалар, жүйелік ПҚ, резерфті көшіру және ақпаратты қалпына келтірудің антивирустік ортасы және т.б.);

- Базалық ақпараттық технологияны ПҚ (мәтіндік редактор, электрондық кестелер, МҚБЖ, компьютерлік графика жүйесі және компьютерлік презинтацияларды дайындау жүйесі және т.б.);

- Жалпыға арналған құралдарды ПҚ;

- Оқуға арналған ПҚ.

Оқушылардың ЭЕТ үздіксіз жұмыс істеу уақыты келесіден аспау керек:

- бірінші сынып оқушыларына (алты жаста)-10 мин;

- екі-бес сынып оқушыларына – 15 мин;

- алты-жеті сынып оқушыларына – 20 мин;

- сегіз-тоғыз сынып оқушыларына – 25 мин;

- 10-11 сынып оқушыларына – 30 мин;

Бірінші тарауда көрсетілген ЭЕТ жұмыс істегеннен кейін көзге арналған жаттығулар өткізілуі керек, ал әр сабақтан кейін үзіліс кезінде физикалық жаттығулар орындалу керек.

Бастауыш мектепте қолданылатын оқытудың әдістері мен формалары бірінші-төртінші сынып оқушыларының психикалық, физикалық және ақыл-ойының дамуын әрқашанда ескеріп отыру керек.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 7837 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.04 с)...