Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дістемелік кұралдың мазмұны



- бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіншіліктерін кез-келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу;

- олардың ойлау қабілеттерінің жан-жақты дамуына күш салу арқылы бастауыш сынып оқушыларында компьютерлік сауаттылыкты қалыптастыру.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша 1-4-сыныптарда әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағат жүргізіледі, ал 5-6-сыныптарда әрбір сыныпқа аптасына 2 рет, ал жыл бойына 68 сағат жүргізіледі.

Бастауыш сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Техникалық қауіпсіздік ережелерімен» танысады.

Бастауыш сыныптарда өткізілетін сабақтардың ерекшелігі:

· оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі;

· сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді;

· осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.

Бастауыш сыньштарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым-қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді шапшаң, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындайды.

Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар – әліппе, математика, қазақ тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 915 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...