Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бастауыш сыныпта информатиканы еңгізудің қажеттілігі



Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап еңгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін еңгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан-жақты қарастырылды. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналды, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды, осы жасалған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалды. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық-психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар – бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке алып, осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып, бірінші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша жүргізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгісі жасалды, әрі негізгі қалыптастыруға тиісті білім, білік, дағдылары қарастырылды.

Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгерулері, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты. Сондықтан да қазіргі таңда информатика пәнін енді тіпті 1-сыныптан бастап еңгізу керектігі жайлы түрлі пікірлер, ұсыныстар берілуде.

Ал қазіргі таңда, біздің ақпараттық қоғамның жақсы дамыған кезінде балаларды информатикалық қоғамда жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Психолог мамандардың айтуы бойынша, оқушының негізгі логикалық ойлау қабілеті 5-11 жас аралығында қалыптасады.

Жоғарғы мектеп сатысында информатиканы меңгерту дара бағдарламамен жүзеге асуда, ал бастауыш мектепте бұл өз алдына дара пән ретінде емес, қазақ, орыс тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде болуы тиіс. Ал бұл әдістің негізгі мазмұны мынадай:

· Математика мен қазақ тілі курстарымен сабақтастығы;

· Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде еңгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.

Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамуы – адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы қолдану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды ерте кезден бастап өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой-өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениеттілігін арттыру, олардың «компьютер әлеміне» баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің іс-тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:

1. Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану.

2. Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту.

3. Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.

Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір-бірімен ұштастырылса, жас жеткіншіктердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады, әрі түпкі міндетті білім, білік, дағды қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесінде басты мақсат – әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаменталды білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен үйлестіре отырып, түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Информатика пәні 1-сыныптан бастап еңгізілгенмен, оны әр түрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мұғалім рұқсат береді. Әрбір оқушы өз бригадасына тағайындалып, берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді. Сабақ жүргізу барысында қазіргі кездегі санитарлық талаптарға сәйкес балалардың жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға болады. Компьютерлер қолданылатын бөлмелер барлық санитарлык-гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс. Компьютер кабинеттерін безендіру максатында балалардың денсаулығына қауіпсіздігін растаған гигиеналық қорытындысы бар құжаттық материалдар қолданылуы тиіс.

Компьютерлік сыньпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс шаршамас үшін 1-4-сынып оқушыларының компьютерде үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң, олармен көзіне арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде демалдырып, көз қозғалыстарын барынша үлкен етіп орындауға тырсуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде орындалады.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Сондықтан жаңа өмірдің ағымына сай түсініктерді кішкентай бүлдіршіндерге жеткізе алуға мұғалім көп күш-жігерін жұмсап, жаңа ұғымдар мен түсініктерді жеткізе алуға міндетті. Яғни әр сабақ тартымды да, бағалы болуға абзал. Информатика пәнінен қалыптастыруға тиісті алғашқы мағлұматтар осы тұста алынады.

Осыған сәйкес компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениеттіжастарды тәрбиелеуді көздеген мақсаттарға жету жолдары:





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1438 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...