Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бастауыш мектепте информатика пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері



Білім берудің жалпы мақсаты мемлекетпен алдын ала беріліп тұрады, ол үкім шығарушы база негізінде өзінің жалпы педагогикалық принциптерін қалыптастырады. Бірінші орында тұрған принцип: білім берудің гуманистілігі, жалпы адами құндылықтардың маңыздысы, адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның дамуы, азаматтылық пен Отанға деген махаббатын тәрбиелеу.

ҚР білім беру салалары мынадай мақсат қояды: мәдениетті, жеке дами алатын, отбасы, қоғам алдындағы міндетін білетін, құқығын, өзге адамдардың бостандығын қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру.

Осының негізінде жалпы білім беру мектебінің басты міндеттері туындайды:

- қоғамдық және өндірістік қажеттілік пен анықталатын оқушылардың білім жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;

- политикалық және құқықтық мәдениеттің, адамгершілік құндылықты және мақсатты, шығармашылық ойлауды, білімді өздігінен толықтыруды қалыптастыру;

- халықты ұлттық-мәдени қажеттілікпен қанағаттандыру, физикалық және өнегелі ұрпақты тәрбиелеу;

- жастарда азаматтық ұстамды, азаматтық абыройды, демократиялық басқаруға қатысуға талаптануды, өз қылықтарына жауапты болуды тәрбиелеу.

Жоғарыда сипатталған оқу-тәрбиелік іс-әрекеттің жобаланған нәтижелерін үш негізгі жалпы мектептегі білім беру жүйесінің алдына қойылған мақсатқа топталған: білім беру және дамыту мақсаты, тәжірибелік мақсаты, тәрбиелік мақсаты.

Информатика пәнін оқытудың жалпы мақсаты қазіргі қоғам өмірінде информатика ғылым ретінде, оның ғылыми жүйедегі орны мен ролін ескере отырып анықталады. Жалпы мектепте сипатталатын негізгі мақсаттар информатика пәні аймағында оқушылардың білім беруіне қалай қатысты екенің қарастырамыз.

Информатика пәнін мектепте оқытудың білім беру және дамыту мақсаты ол – әрбір оқушыға информатика ғылыми бойынша, оған алмасу үрдісі туралы ұғымды, ақпаратты беру және қолдануды еңгізе отырып, негізгі алғашқы білімін беру, осының негізінде қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінде ақпараттың үрдісі қалай қалыптасқанын, сонымен қатар қазіргі қоғамның дамуында ақпараттық технологияның және есептеуіш техниканың ролін оқушыларға түсіндіру. Мектеп курсындағы информатика пәні оқушыларды базалық және іскерлікпен қамтамсыз етуге шақырады, ол алған білімді берік және түсінікті меңгері үшін және мектепте оқылатын басқа ғылыми негіздер үшін керек. Информатика пәні аймағындағы білімді меңгеру оған сәйкес келетін іскерлік пен дағдыны қабылдау сияқты келесідегідей өзіндік қасиеттерді қалыптастыруға үндейді: оқушылардың жалпы ақыл-ойын дамыту, олардың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту.

Информатикада мектеп курсының тәжірибелік мақсаты – оқушылардың еңбегіне және технологиялық дайындығына салым еңгізу, демек, мектеп бітіргеннен кейін еңбек іс-әрекетіне дайындық ретінде біліммен, іскерлікпен, дағдымен қамтамасыз ету. Бұл информатикадан мектеп курсы тек қана информатиканың негізгі ұғымдарымен ғана емес, ол әрине миды дамытып, баланың ішкі әлемін толықтырады екені сөзсіз, сонымен қатар ол баланың тәжірибелік бағытталғанын, оқушыны компьютермен жұмыс істеуін және жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдануды үйретуі тиіс.

Информатиканың кәсіби курсының мақсаты оқушыларға ЭЕТ және информатикамен, ЭЕТ қолдануға сүйенетін мектепте оқылатын әртүрлі ғылымдармен тікелей байланысты мамандық туралы мағлұмат беруі тиіс. Өндіріс жағымен бірге информатиканың оқыту тәжірибелік мақсаты «тұрмыстық» жағын да қарастырады – жас адамдарды тұрмыста, күнделікті өмірде – компьютерлік техниканың және басқа да ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен сауатты қолдануды үйрету.

Информатикадан мектеп курсының тәрбиелік мақсаты, ең біріншіден, оқушының қоғам және өркениеттің дамуында есептеуіш техника және ақпараттық технология құралдарының мүмкіндігін мойындайтын қуатты әлемдік көзқараспен қамтамасыз етеді. Информатикадан мектеп курсы оқушылардың ғылыми әлемдік көзқарасына ықпалы ақпаратты негізін қалаған, қазіргі өмірдің ғылыми сипаттамасы негізінде жатқан, үш ұғымнан тұратын: зат, энергия және ақпараттың қалыптасуымен анықталады. Сонымен қатар, сапалы және жоғары деңгейде иформатиканы оқытуды ақыл-ой еңбегінің мәдениеті мынандай маңызды азаматтық сипаттамалар қалыптасады: өз жұмыстарын жоспарлай білу, оны ұтымды орындау жұмыстың бастапқы жоғары нақты орындалу үрдісіне сынап сәйкес келтіру.

Информатиканы оқу, соның ішінде алгоритм бағдарламаларды құру, оларды ЭЕТ өңдеу барысында оқушылар ақыл-ой және ерікті, есті шоғырландыруды, мақсатты шығармашылық белсенділік және дербестік жауапкершілік, еңбексүйгіш, тәртіптілік және ой сынау, өз көзқарастарын түсіндіре алатын қасиеттерге мүмкіндік туғызуға болады. Мектептегі информатика пәні басқа пәндерге қарағанда айқындылыққа деген талапты, ойлаумен іс-әрекетенің анықтылығына ерекше стандарт қояды, себебі ойлау жазу дәлділігі – бұл компьютермен жұмыс істегенде маңызды компонент.

Оқушыны дұрыс жауапқа итермелеу және есепті шығару екені белгілі. Информатика курсында бұл сұрақ дұрыс жауапты ғана емес, оны ЭЕТ үшін анық өңдеу, бұл алгоритмді қатесіз қағазға жазу немесе клавиатурадан қатесіз еңгізуде тұр. Жаңа курсты оқыған кезде оқушылар біртіндеп айқынсыздыққа нақтылықсыздыққа, анықсыздылыққа және т. б қасиеттерге немқұрайлы қарау керек. Бұл өзінділікті қалыптастыратын маңызды қасиеттер информатика пәнін оқыған кезде өзінен-өзі қалыптасады деп ойлауға болмайды. Бұл жерде мұғалімнің еңбекті көп қажет ететін жұмысы керек, бір жағдайда онша қиындық туғызбаса да, оқушының салақтылығына сілтей салмай, бұл ерекшеліктерді ескеріп отыруы керек.

Жоғарыда атап айтылған информатиканы оқытудың негізгі мақсаттары бір-бірінен бөлек бір нәтижеге жете алмайды. Информатика аймағында оқушылардың жалпы білім беру негіздерін меңгермей тәжрибелік нәтижені алуға мүмкін емес, және керісінше, тәжірибелік нәтижені меңгергенде міндетті түрде білім беру негіздерін білу керек. Осылайша информатиканы оқытудың әрбір мақсаты берік байланыста болып келеді.

Төменде жалпы білім беру мектебінде информатиканы оқытудың жобаланған мақсаттары сипатталады:

1) Ғылыми әлемдік дүниетану негіздерін қалыптастыру.

Бұл жағдайда ең біріншіден ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру ақпарат үрдісінің бірлігінде, қазіргі өмірдің ғылыми сипаттамасы негізінде жатқан, үш ұғымнан тұратын: зат, энергия және ақпараттың қалыптасу ретінде анықталған.

2) Ақпаратпен жұмыс істегенде жалпы оқыту және жалпы мәдениетке деген дағдыларын қалыптастыру.

Мұнда ақпараттық қайнар көзімен сауатты қолдану, ақпараттың анықтылығы, ақпарат пен білімді сәйкестендіру, ақпараттық үрдісті дұрыс ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздігін бағалау, әрі оқушыларды болашақ мамандық іс-әрекетке дайындау туралы айтылады.

3) Мамандық іс-әрекетінде доминантаны қолдануға және экономикада ақпараттық сектор бөлімінің көбеюіне байланысты оқушыларды әр түрлі ақпаратты өңдеуге байланысты іс-әрекет түрлеріне дайындау қажет. Бұған ақпараттану құралдары және ақпараттық технологияларды меңгеру кіреді. Басқару аймағында бастапқы дайындықтың маңыздылығын айтып кеткен жөн. Технология жағынан дамыған көптеген елдер (Ұлыбритания, ФРГ және тағы басқалар) осылай мемлекеттік және экономикалық дамуын аманат етеді.

4) Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгеру үздіксіз білім беру жүйесіне көшудің қажетті шарты ретінде көреді.

Осындай дайындықтың қажеттілігі – үздіксіз білім беру үрдісін жеткізу, оқытудың ролі мен құралдарын жоғарлату.

Жалпы орта білім беру мектебінде информатиканы оқыту курсының негізгі мақсаттарын ескере отырып, бастауыш сыныпта информатика пәні бойынша мақсат пен міндеттерді қарастырайық.

Информатиканы бастауыш сыныпта оқыту курсының негізгі мақсаттарын түрде тұжырымдауға болады:

· оқушының санасында әлемнің бірыңғай ақпараттық сипатын қалыптастыру;

· компьютерлік сезгіштікті қалыптастыру: іс-әрекет үшін арналған ЭЕТ құрал ретінде қолданудың мүмкіндігін және шектеуліктерін білу;

· оның ішінде операциялық өрнегін қалыптастыру: тапсырманы қалыптастыра білу; оның ішінде логикалық бөліктерді айра білу; осы бөліктердің байланысын анықтау; нәтижені жобалау;

· компьютер қамтамасыз ететін жаңа технологияларды қолданып, белсенді шығармашылықтың зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

· компьютерлік сауаттылықтың бастамаларын қалыптастыру;

· логикалық ойлауды дамыту; тіпті шешу кезінде алгоритмдік дағдыларды және жүйелік әдістемені дамыту;

· қарапайым компьютерлік дағдыларды (компьютермен, ақпараттық технология аймағындағы қарапайым ұғымдармен танысу) қалыптастыру.

Информатиканы бастауыш сыныпта оқыту курсының міндеттерін келесі түрде көрсетуге болады: оқушыларды ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, қойылған есепті шығару кезінде ақпаратты ұйымдастыруды және іс-әрекетті жобалауды үйрету, компьютер туралы, қазіргі ақпараттық қоғам туралы алғашқы түсінік беру.

Информатиканы оқытуда мақсат пен міндеттерін байланыстыра отырып, екі түрлі аспекті көрсетуге болады:

- технологиялық;

- жалпы білім беру.

Бірінші аспектіде информатика білім потенциалын құрушы болып қарастырылады. Оның негізгі мақсаты – оқушыларда жаңа ақпараттық технологиялардағы білім мен дағдыны өңдеуге үйрету. Бұл мәселені шешу үшін мектептерді компьютер, бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет.

Екінші жағдайда информатика логикалық ойлауды дамыту, анализ жасай білу, мән мен қатынасты көрсету, әрекеттің жоспарын құру және логикалық қорытынды жасау көзі ретінде қарастырылады. Осы мәселерді шешу үшін мектептерде компьютер болуы да қажет емес, сондықтан бұл курсты кез келген мектептерде, алыс жатқан қалаларда, кез келген ауылдарда да оқытуға болады.

Шығармашылық әрекет ретінде қазіргі компьютерлермен жұмысты, логикалық және жүйелік ойлауды дамытатын қажеттілік ретінде көрсетіледі, информатиканы қатал ойлауды және бір уақытты қиял мен шығармашылық елесін дамытатын пән ретінде сипаттаймыз.

Төменгі сыныптарда информатиканы оқыту міндеттерін екі топқа бөліп қарастырамыз:

а) жалпы оқыту міндеттері:

- оқыту дәлелін құру;

- сөйлеу әрекеттерін дамыту;

- сыныптастар мен үлкендердің арасындағы қарым-қатынасын өңдеу;

- оқыту жүйесіне деген қызығушылығын тәрбиелеу және тағы басқа.

ә) спецификалық міндеттері, оны үш топқа бөлуге болады:

Топ

Ақпаратты құруға, алдағы тұрған оқуға дайындықпен байланысты міндеттер. Оқушыларда есепті шешу кезінде нақты дағдыны қалыптастыру төмендегі әдістермен қолдану арқылы дамиды:

- формалды логиканы қолдану;

- «егер», «және», «немесе» деген логикалық операцияларды және олардың түрлерін қолдану арқылы шешімін табу;

- алгоритімдік жол табу;

- белгілі бір мақсатқа жетудегі әрекетті жоспарлау;

- жүйелік әдістеме;

- күрделі объектілерді неғұрлым жеңіл құрағыш бөлік ретінде қарап, объекті бүтін түрде құрастыру;

- обьектіні – хабардар жолы, яғни әрекеттің бастауы емес, әр түрлі заттарды біріктіру, заттардың жалпы қасиеттерін бөлу, жүйе бойынша заттарды суреттеу, ол неден құралады, не істей алады және затпен не істеуге болады.

Топ.

Информатикамен байланысты сызбалармен таныстыру, комбинаторлық есептер шешу, логикалық ойындар жайлы ой-өрісін кеңейту.

3-топ.

Оқушыларда стандартты емес есептерді шешу біліктерін қалыптастыру.

«Информатиканы ойын және пән ортасында оқыту» курсы жоғарыда берілген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

Осы курсты өте келе төменгі сынаптар келесі білім мен дағдыларға үйренеді: салыстыра білу, жалпылау, абстрактілеу, құрылымдылық, иерархиялық және себеп-салдары байланыстарын тану. Бұл білімдер жалпы оқытуға да қатысы болғандықтан, бұл курсты мұғалімдер басқа пәндерді оқу кезінде де балалардың үлгерімі жақсаратынын атап көрсетті.

Бір жағынан, бұл білімдер «логикалық ойлау» тобына жатады. Психологтар логикалық ойлаудың табиғи кезені белгілі бір жас ерекшелік аралығында өтеді деген, ол мысалы төмендегі сыныптардың оқу уақытына сәйкес келеді. Логикалық ойлаудың дамуын кеш қалдыру бүкіл өмір бойындағы логикасының даму кешігуіне әкеледі.

Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқытудың эвристикалық әдісінің мәні неде?

Логикалық және алгоритмдік ойлауды дамыту үшін қолданылатын эвристикалық әдіс ойын әдісіне ұқсас, бірақ үлкен айырмашылық бар, ол – сабақ барысында барлық ынта мұғалім қолында болады. Оқушылар «енжер ойыншылар» болып келеді.

Эвристикалық әдісте оқушылар қызметін ұйымдастырудың ең негізгі бес кезеңін көрсетуге болады:

1) Дәлелдеу.

2) Орнатып қою.

3) Өз өнімін құру.

4) Демонстрациялық.

5) Рефлексивті.

Эвристикалық әдістің мақсаты – өздік оқыту өнімін құру (алгоритм, ертегі, бағдарлама және т.б.)

Дәлелді кезеңі (немесе жанама) мақсаты болып барлық оқушыларды білетін алгоритмдерді немесе белгілі орындаушылар әрекетін талқылау болып саналады.

Екінші кезеңде міндет қойлады. Оқушыларға қойылған міндетті шеше алатын орындаушыларды таңдау керек (таңдау әрбір орындаушының мүмкіндіктерін талқылау арқылы орындалады).

Үшінші (басты) кезеңде оқушылар (мұғалім көмегімен) өзінің оқытушы өнімін шығару керек.

Төртінші кезең оқушы өнемін сабақта немесе арнайы шығармашылық жұмыстарда көрсету болып табылады.

Рефлексия кезеңінде өз қызметін және жұмыс нәтижесін бағалайды.

Балалар компьютерлік ойындарды басқа келеңсіз оқиғаларға соқтырмай таңдауы үшін: ойынның жанрын дұрыс таңдай білуі, ойынның мазмұны, ойынның басқару жүйесі, ойынның күнделік деңгейін баптау, ойынның жүргізілу уақытын қадағалау керек.

Мұғалімнің басты мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Оқушылардың өздігінен оқуға үйрену, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімін практикада қолдана білуі олардың оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін көрсетеді. Мұғалім сабақ уақытын толық, ұтымды пайдаланып, тараудағы толық білімге қойылған талаптарды меңгертуде танымдық интеллектуалдық тестерді, кроссворд, сканворд, ребустарды пайдаланғаны дұрыс. Сабақты түрлендіріп өтудің маңызы өте зор. Сабақта әр түрлі ойын элементтерін пайдалану – оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімі қалыптасады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 5382 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...