Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақ ертегілеріне саяхат



Ерте, ерте, ертеде... жазу-сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің ата-бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады.
Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алады. Шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз.
Ертегілер көбінесе ауызша айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы көркем әңгіме деуге де болады.
Жыршылардың қызықты, үлгі-өнегеге толы ертегілерін естуге еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін жиналып, тыңдаған,естерінде сақтаған.
Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника қарыштап өсіп, аспанға ұшатын, айға қонатын корабльдер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, жер шарының әр түпкірінен хабар алатын телетайп, телеграф, телевизорлар, жер астындағы метролар, т.б. ойлап табылды. Бұл - халықтың ой-қиялының іске асуы, адамның ақыл-ойының керемет күші.
Ертегілердің негізгі кейіпкерлері хан, оның уәзірі, шал, кемпір, мерген, тазша, қойшы, өнерпаз жігіттер, дәулер, мыстан-жалмауыз кемпірлер, айдаһар, самұрық құс, т.б. Жағымды кейіпкерлер өз жолында қорқынышты құбыжықтарға, алдырмас кедергілерге тап болады. Ер Төстік, Нан-батыр, Әбдірахман патшалар тіптен жер асты әлеміне де түсіп кетеді... Еркемайлар сиқырлы күштердің көмегімен өліп, қайтадан тіріледі. Ал Күнікей қыз оттан күймей аман шығады...
Қ азақ ертегілері адамды сиқырлы күштерімен таңқалдырады: Самұрық құстың алыптылығы, адамша сөйлейтін Шалқұйрық, жәндіктер де бар... Бұл ғажайып кейіпкерлер ертегіден ертегіге «көшіп» жүреді. Ертегі мен кейіпкерлердің аттары әртүрлі, сюжеттері ұқсас бола береді. Құрметті балалар! Сіздер қазір біздің ертегі Бәйтерегіміздің негізі Самұрық құс пен оның балапандары жайлы аңызға сапар шегесіздер. Елбасымыз да балалық шағында сіздер сияқты «Ер Төстік» ертегісін қызыға оқып, есіне сақтаған. «Ер Төстік» ертегісінің әсерімен ғажайып «Бәйтерек-Астана» кешенін салдырды. Қымбатты жас дос! Ертегі сенің балалық өміріңнің арманы, қиялы....ендеше осынау балалық шақтың қиял-ғажайып ертегісіне саяхатқа аттануға сәт сапар!!!





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 722 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...