Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын дайындау



Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген тиiстi лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады.

15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн
пайдалануды реттейтiн заңнаманы бұзғаны үшiн
жауаптылық

Осы Конституциялық заңның талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнiн орындау және оның мәтiнiн пайдалану не Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкеп соғады.

Бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 178-құжат; 1997 ж., N 12, 193-құжат; 2006 ж., N 1, 1-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президентi "Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк рәмiздерi туралы"
2007 жылғы 4 маусымдағы N 258-III
Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына
1-ҚОСЫМША





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 476 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...