Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түсіру түрлері мен олардың жіктелуі



Лекция дәрісінің мазмұны:

1. Мемлекеттік торлар, геодезиялық толықтыру торлары мен түсірістік-геодезиялық негіздеме, оларды құру әдістері.

2. Топографиялық түсіру түрлері, олардың жіктелуі. Фотографиялық түсірулер туралы түсініктер.

Триангуляция тәсілі геодезиялық торды үшбұрыштар арқылы құруға негізделген. Белгілі нүктелерге бекітілген үшбұрыш төбелері тор пункттері деп аталады; әрбір үшбұрыштың үш бұрышын өлшеу арқылы тор пункттерінің координаталары табылады.

Полигонометрияда сынық сызық қабырғаларының ұзындығы және олардың бұрылу бұрыштары өлшенеді Бірсыпыра белгілі шарттар орындалғанда, бұл екі тәсілмен (триангуляция және полигонометрия) де геодезиялық тор пункттерінің координаталарын бірдей дәлдікпен табуға болады. Ал бұл тәсілдердің қайсысын пайдалану мәселесі жұмыс жүргізілетін жердің физико-географиялық жағдайына байланысты шешіледі. Жер бетіндегі нүктенің биіктігі нивелирлеу тәсілімен анықталады. Карта жасауда пайдаланылатын нүктелердің биіктігі теңіз деңгейінен есептеледі. Геодезиялмқ тор пункттері жер бетінде арнаулы таңбалармен бекітіледі.

Трилатерацияда геодезиялық карталар мен торларды үшбұрыштардан (немесе олардан да күрделі фигуралардан) құру тәсілдері қарастырылады. Мұнда фигуралардың бұрыштары өлшенбейді, тек қана оның барлық қабырғасының ұзындығы анықталады.Трилатерация тәсілі, әзірше, геодезиялық тірек пункттері жоқ жерлерде масштабы 1: 25 000 жәие 1:50 000 карталарды салу үшін жүргізілетін аэрофототүсіруді пландық негіздеуге, яғни түсірудің пландық пункттерін құрудға қолданылады. Әр елдің немесе континенттердің геодезиялық торларын бірыңғай координаталар жүйесіне келтіріп, оларды біріктіру үшін және жер эллипсоидының параметрлерін табу үшін космостың триангуляция тәсілі пайдаланылады.

Топография (грек тілінен аударғанда topos-орын және графия) жер бетін планға және ірі масштабты картаға (1:100 000 масштабқа дейін) түсіру әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Ол әдетте геодезияның бір бөлімі ретінде де қарастырылады. Топография жер бетін зерттеуге физикалық және экономикалық географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (яғни топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық түсіру –белгілі бір участкенің топографиялық картасын жасау үшін жүргізілетін жұмыстардың жиынтығы. Топографияға мензулалық түсіруден басқа тахеометриялық түсірулер, сондай-ақ түсіру торларын құрастыру әдістері де жатады.Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады. Мысалы, картаның масштабы неғұрлым ірірек алынса, онда картада жер беті элементтері (мөлшері кішкене болып бейнеленген) көбірек қамтиды. Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі (картографиялық генерализация) артады. Яғни, мұндай жағдайда картаға география тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды роль атқарады.

Аэрофототүсіру әдісінің шапшаң дамуына байланысты мензулалық түсіру өзінің бұрынғы атқаратын ролін төмендетті. Сөйтіп ол шағын аудандағы түсіру жұмыстарында қолданылатын болды. Дегенмен жер бетінде жүргізілетін түсірулердің көптеген тәсілдері мен әдістері аэрофототопографиялық түсіру үшін әлі де бұрынғы маңызын жойған жоқ.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т., Атымтаев Б. Инженерлік геодезия. Алматы, 2002ж.

2. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в строительстве. – М.: Стройиздат, 1987.

3. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.: Недра, 1966.

4. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под редакцией. В.Д. Большакова и Г.П. Левчука. – М.: Недра, 1980.

Лекция





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1597 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...