Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бағытты бағдарлау



Лекция дәрісінің мазмұны:

1. Географиялық және магниттік азимуттар.

2. Дирекциялық бұрыштар. Меридиандардың жақындасуы. Магниттік бұрылу.

3. Азимут пен дирекциялық бұрыш арасындағы байланыс.

4. Румбтар. Дирекциялық бұрыш пен румб арасындағы байланыс.

Жер бетінде сызық бағытын бағдарлау – негізгі бағыт арқылы сызықтың өз бағытын анықтау дейміз. Негізгі бағыт пен сызық бағытының арасындағы горизонталь бұрышты бағыттау бұрышы деп атайды. Геодезияда негізгі бағыт ретінде географиялық, магниттік меридиандардың және өстік меридиан немесе соған параллель сызықтың бағытын аламыз. Берілген негізгі бағытқа байланысты бағыт бұрыштары географиялық және магниттік азимуттар, дирекциялық бұрыш және румбылар болып бөлінеді. Жер бетінде географиялық меридианның бағыты астрономиялық бағдарлау арқылы алынады, сонымен қатар гирокомпас немесе гиротеодолит аспаптарының көмегімен анықталады. Географиялық меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызыққа дейінгі саналатын горизонталь бұрышты географиялық (шын) азимут (А) деп аталады. Географиялық азимут 00-тан 3600-қа дейін өзгереді. Магниттік меридианның бағытын магнит тілі бар (компас немесе буссоль) аспаптардың көмегімен анықтайды. Магниттік меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызыққа дейін саналатын горизонталь бұрышты магниттік азимут (Амаг) деп атайды. Магниттік азимут географиялық азимут сияқты 00-тан 3600-қа дейін өзгереді.

Жер бетін Гаусс-Крюгер проекциясында бейнелегенде әр зонада сызықтың бағытын анықтау үшін негізгі бағытқа өстік меридианды ОХ өсін алады. Өстік меридианның немесе соған параллель сызықтың солтүстік бағытынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызықтың бағытына дейін саналатын бұрышты дирекциялық бұрыш дейміз. Әдетте, Жер бетінде магниттік меридианмен географиялық меридианның бағыты дәл келмейді, екеулерінің арасындағы магнит тілінің ауытқуы (δ) деп аталатын бұрыш пайда болады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т., Атымтаев Б. Инженерлік геодезия. Алматы, 2002ж.

2. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в строительстве. – М.: Стройиздат, 1987.

3. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.: Недра, 1966.

4. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под редакцией. В.Д. Большакова и Г.П. Левчука. – М.: Недра, 1980.

Лекция

Топографиялық план және карталар.

Лекция дәрісінің мазмұны:

1. Карта, план, профиль туралы түсініктер.

2. Масштабтардың түрлері, план масштабын анықтау.

3. Карта мен планда жағдайды бейнелеу. Шартты белгілер.

4. Жер бетінің бедері, оларды карталар мен планда бейнелеу. Бедерді горизонтальдармен кескіндеу.

5. Қима биіктігі. Салынды. Еңкіш. Топокарталар арқылы шешілетін жұмыстар.

Радиусы 10-км-ге дейін жер бетінің кішігірім учаскесінің бейнесін горизонталь жазықтыққа кішірейтіп түсіруге болады. Мұнда жердің қисықтығынан пайда болған қателер өте дәлдікпен өлшенген сызықтық өлшеулердің қателерімен шамалас болады да, практика жүзінде әсері болмайды. Сонымен, кішірейтіп, дәлдеп салынған кішігірім жер бетінің горизонталь проекциясы план деп аталады. Карта дегеніміз қағазға кішірейтіліп өзара белгілі бір заңдылықпен салынған ааумақты Жер бетінің бейнесі. Топографиялық планда немесе картада берілген бағытпен Жердің вертикальдық кесіндісінің бейнесін жасауға болады, оны профиль деп айтады. Жер бетін қағазға түсіргендегі кішірейту дәрежесін масштаб дейміз, яғни, план мен картаның масштабы деп пландағы (картадағы) сызықтың ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі горизонталь ұзындыққа қатынасын айтамыз.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т., Атымтаев Б. Инженерлік геодезия. Алматы, 2002ж.

2. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в строительстве. – М.: Стройиздат, 1987.

3. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.: Недра, 1966.

4. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под редакцией. В.Д. Большакова и Г.П. Левчука. – М.: Недра, 1980.

Лекция

Геодезиялық өлшемдер.

Лекция дәрісінің мазмұны:

1. Өлшем туралы мәліметтер. Өлшем бірлігі. Өлшемдердің тура және жанама әдістері.

2. Өлшемдердің дәлдіктері туралы негізгі түсініктер. Өзіндік өлшемдер.

3. Өлшеу аспаптары: жер өлшеу ленталары, өлшеу рулеткалары, оптикалық, лазерлі ұзындық өлшеуіштер.

4. Өлшеу асапатарын компарирлеу. Ұзындық өлшеу аспаптарына әсер ететін қателік көздері.

Ұзындық өлшеудің мақсаты жердің бетіндегі нүктелердің арасындағы горизонталь қашықтықты өлшеу болып табылады. Жерде ұзындықты өлшеу тура және жанама әдістермен жүргізіледі және әр әдістің өзінің аспаптары мен тәсілдері бар.

Тура өлшеу әдісі жер бетінде ұзындықты механикалық сызықтық аспаптармен тікелей өлшеуге негізделген. Бұл аспаптарға: лента, рулетка, өлшеуіш сымдар жатады. Жанама өлшеу әдісінде сызықтың ұзындығы геометриялық немесе физикалық қатынастар арқылы анықталады.Геометриялық қатынастарда ұзындықтарды анықтау үшін базис пен бұрыштарды өлшейді, бұған оптикалық қашықтық өлшеуіштер жатады.

Осы екі әдісті қолдану – геодезиялық жұмыстардың түрі мен қызметіне, талабы мен дәлдігіне, сондай-ақ өлшеу жағдайына байланысты болады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т., Атымтаев Б. Инженерлік геодезия. Алматы, 2002ж.

2. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в строительстве. – М.: Стройиздат, 1987.

3. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.: Недра, 1966.

4. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под редакцией. В.Д. Большакова и Г.П. Левчука. – М.: Недра, 1980.

Лекция

Бұрыштық өлшеулер.

Лекция дәрісінің мазмұны:

1. Жер бетінде бұрыш өлшеу принципі. Теодолиттер, олардың негізгі бөлшектері.

2. Теодолит түрлері. Теодолиттік тексеріс.

3. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу тәсілдері. Бұрыштарды өлшеу дәлдігіне әсер ететін қателік көздері.

Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезиялық тірек торларын дамытқанда, полигонометриялық, теодолиттік және биіктік жүрістерді жүргізгенде, топографиялық түсірістерде қажет болады.

Горизонталь бұрыш деп қабырғасы берілген нүктеден тіктеуіш сызығы арқылы өтетін қос қырлы бұрышты айтады. Вертикаль бұрыш – вертикаль немесе тік жазықтықта жататын бұрыш. Бұл бұрышты көлбеу бұрыш деп те айтады. Вертикаль бұрыштың екі түрі бар – зенит қашықтығы мен көлбеу бұрыш. Зенит қашықтығы деп тіктеуіш сызығы мен көздеу сызығының арасындағы бұрышты, ал көлбеу бұрыш деп – көздеу сызығы мен оның горизонталь жазықтықтағы проекциясының арасындағы бұрышты айтады.

Теодолит – горизонталь, вертикаль бұрыштарды, арақашықтық пен бағдарлау бұрыштарын өлшеуге арналған аспап. Олар дәлдігіне, санақ тетігіне, өстер жүйесінің құылғысына және қызметіне қарай топтастырылады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т., Атымтаев Б. Инженерлік геодезия. Алматы, 2002ж.

2. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в строительстве. – М.: Стройиздат, 1987.

3. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.: Недра, 1966.

4. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под редакцией. В.Д. Большакова и Г.П. Левчука. – М.: Недра, 1980.

Лекция





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 3706 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...