Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. В071100 «Геодезия және картография» мамандығына арналған



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

В071100 «Геодезия және картография» мамандығына арналған

«Геодезия - 1» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей

2012

1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырған –Тлебалдина А.Х., Ахметова Д.С. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының оқытушылары

«_ 01 __» _0 9 ___2012ж. № _ 1_

2. ТАЛҚЫЛАНҒАН

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының отрысында

Хаттама «_ 02 _» __ 09 ___ 2012 жылғы, № _ 1 _

Каф. меңгерушісі ____________ Күдеринова Н.А.

3. МАҚҰЛДАНҒАН

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросында

Хаттама «_ 10 _» __ 09 ___ 2012 жылғы, № _ 1 _

Төраға ____________ Қайсанов С.Б.

4. БЕКІТІЛГЕН

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп, баспаға ұсынылды

Хаттама «_13_» __ 09 ___ 2012 жылғы, № _ 1 _

Оқу жұмысы жөніндегі проректор ____________ Рскелдиев Б.А.

Мазмұны

  Дәрістер  
  Тәжірибелік сабақтар  
  Студенттің өздік жұмысы  
  Студенттерге арналған тест сұрақтары  

1 ЛЕКЦИЯЛАР

Лекция

Кіріспе.

Дәрістің мазмұны:

1. Геодезия пәні мен оның мәні.

2. Жер туралы негізгі түсініктер. Жердің физикалық беті, дейгейлік бет, геоид, жер элипсоиды, Красовский элипсоиды, оның мөлшері.

Геодезия (грек тілінен аударғанда geodaisia, geо- жер, daio – бөлемін) Жердің пішіні мен мөлшерін анықтауда, оның бетін картада бейнелеуде, сондай-ақ инженерлік жұмыстарды жобалауда, жүргізуде және оны пайдалануда қолданылатын әр түрлі өлшеу тәсілдері туралы ғылым. Геодезия— жоғары геодезия, космостық геодезия, топография, фототопография және аэрофототопография, инженерлік (қолданыстағы) геодезия болып бірнеше ғылыми пәнге бөлінеді. Геодезиялық жұмыстардың орындалуына байланысты геодезия келесі түрлерге бөлінеді: жер үсті геодезиясы – геодезиялық жұмыстар тікелей жердің үстінде жүргізіледі, өлшей кезінде жұмыстың мақсатына байланысты әртүрлі аспаптар қолданылады, өңдеу нәтижесінде жер бетінің планын және картасын алады; аэрогеодезия – аспаннан ұшақ арқылы жердің бетін суретке түсіреді де, арнайы аспаптар мен қондырғылар арқылы түсірген суретті өңдеу және талдау әдістерімен халық шаруашылығының маңызды мәселелерін шешеді; ғарыштық геодезия – ғарышта жер серігі арқылы жердің бейнесі мен оның бөліктерін фотаға түсіріп, оны арнайы әдістер мен аспаптар арқылы зертейтін жұмыс түрі; жер асты геодезиясы (маркшейдерия) – жер астында және жердің жоғарғы қабаттарында жүргізілетін арнайы геодезиялық жұмыстар; су асты геодезиясы – кейінгі кезде геодезиялық жұмыстар су астында жүргізіле бастады, олар теңіздің, көлдің, өзеннің түбін, оның бедерін зерттейді.

Геодезиялық тірек пункттерінің торын құру (триангуляциялық, полигонометриялық, трилатерациялық, нивелирлік, космостық) және оны өңдеу жоғары геодезияда зерттеледі. Тірек пункттері — топографиялық түсірудің және карта салудың негізі. Жоғары геодезияда Жердің пішіні мен мөлшерін зерттеу тәсілдерін жетілдіру, жер қыртысының вертикаль және горизонталь бағыттағы ығысуын бақылау, мұхит пен теңіз денгейлерінің айырмасын және оның өзгеруін зерттеу мәселелері де қарастырылады.

Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн.шаршы км-ге тең. Онда мұхит әлемі 71%, құрылық немесе материк 29 % құрайды. Мұхит әлемінің орташа тереңдігі – 3800 м болса, құрылықтың орташа биіктігі – 875 м жуық. Жердің құрлықтағы беті, мұхит пен теңіздердің беті Жер пішінін құрады. Кез келген нүктесінде тіктеуіш сызықтың бағытын тік бұрыш жасап қиып өтетін, материк астынан ойша жүргізілген деңгей бет Жердің негізгі беті ретінде қабылданады. Осы деңгейлік беттің пішінін геоид деп атайды. Жердің пішіні мен мөлшері жер бетінде арнаулы программа бойынша жүргізілетін астрономия-геодезиялық тордың көмегімен немесе ауырлық күші арқылы анықталады. Жердің пішіні мен мөлшері туралы ілім жоғары геодезияда, астрономияда, геологияда, геофизикада, космостық кеңістікті зерттеуде, Жердің жасанды спутнигін ұшыруда кеңінен пайдаланылады. Барлық геодезиялық өлшеулердің нәтижелері негізгі деңгей бетке — іс жүзінде, жер эллипсоидының бетіне — келтіріледі. Әр түрлі геодезиялық есептерді шығару және геодезиялық торларды математикалық тәсілмен өңдеу осы жер эллипсоидының бетінде орындалады.

Жердің физикалық беті әртүрлі кеңістіктік пішіндердің жиынтығынан тұрады. Жер бетіндегі нүктелердің жазықтықтағы орнын анықтау үшін геодезияда проекция әдісі қолданылады. Жердің кеңістік пішіндерін қағазға бейнелеу геодезияда ортогональдық (тікбұрышты) проекциямен көрсетіледі. Проекциялау екі түрде іске асады: жер бетінің едәуір территориясын бейнелеу; жер бетінің кішігірім бөлігін бейнелеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т., Атымтаев Б. Инженерлік геодезия. Алматы, 2002ж.

2. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в строительстве. – М.: Стройиздат, 1987.

3. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.: Недра, 1966.

4. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под редакцией. В.Д. Большакова и Г.П. Левчука. – М.: Недра, 1980.

Лекция





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1618 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...