Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДIСТЕРI



1. 2-шi тарау талаптарын - 3, 4, 6, 7, 10, 11-шi iшкi баптарын сырттай қараумен және қабылданған эталонмен салыстыру арқылы тексередi.

2. Берілген материалдардың жұмыс сызбаларымен сәйкестiгiн және 2-шi тарау - 5, 9-шы iшкi баптарын сертификаттар бойынша тексередi.

3. Табандықтардың 2, 3-шi 2-шi тарау көрcетiлген өлшемдерiн металл сызғышпен өлшеп 427-75-шi ГОСТ, рулеткамен 7502-89-шы ГОСТ өлшеу қателігі 1 мм аспайтындай, штангенциркулмен ЩЦ-I 166-89-шы ГОСТ өлшеу қателігі 0,1 мм.

4. Табандықтарды 23676-79-шы ГОСТ техникалық таразыларында өлшеу қателiгі 1 кгнан аспауы керек.

5. Табандықты жасайтын ағаш бөлшектерінің ылғалдылығын 16483.7-71 ГОСТ бойынша немесе электронды ылғал өлшегішпен анықтайды.

6. Дәнекерленген қосындылардың сапасын 3242-79-шы ГОСТ бойынша тексереді.

7. Берiктік сынақтары.

1. Статикалық сынақтарды өткiзу үшiн табандықты тегiс қатты алаңға шығарып оған өзінің номиналды жүккөтерімділігінен 1,25 есе кiрпiштерiмен жүктейдi. Содан соң толтырылған ТТ тіректі типті табандықты шығындылар арқылы ал ТІ ілмек типті табандықты айырлы немесе басқа арнайы механизммен 200-300 мм биiктiгiне көтереді. Табандықты ең кемiнде 10 мин биіктікте үстап конструкциясын бақылайды. Содан соң табандықты, кiрпiштерден босатып қарап шығады. Егер табандық деформацияға ұшырамаса және бөлшектері бұзылмаса, нәтижелері қанағаттандырылған болып есептеледi, соның iшiнде ілмектері мен қосындыларының берiктiктiгін есептегенде.

2.Жүктелуі бойынша сынақтар өткiзу үшiн кiрпiш толтырылған номиналды жүк көтеретiмділігі бiр өлшемдi бес табандықты штабедеуiндеу кезінде оларды ашық алаңға шығарып үш ярусты, бiрiншi және екiншiсінде екi табандықтан ал ортасында бір табандықүшiншi - бiр ортасында.

Жүктелген табандықтарды 6 сағаттан кейін кiрпiштерден босатып сыртын қарап шығады және төсенiштiң қалдық иiлiстерiнiң өлшемдерi алады.

Егер табандықтың бөлшектерімен қосындылары берiктiктiгі бұзылмаса сынақ нәтижелерiн қанағаттандырылған деп санауға болады. Төсенiштiң қалдық иiлiсi ағаш табандықтары үшiн 5 ммден аспауы керек ал металл табандықтар үшін.3 ммнан аспау керек

3. Табандықтың беріктігін тексеру үшін табандықтарды жинап бетонды алаңға шығарады төсенiш диагональлерінің бiрі алаңға перпендикулярна болып және поддонның төменгi бұрышы алаңның деңгейiнен 1 м қашықтықта болатындай етiп көтередi. Табандыққа осы биiктiктен бұрышқа еркiн тура құлауға мүмкiндiк бередi. Сынақты осы ретпен 6 рет өткiзедi. Егер табандықтың диагональлерiнiң ұзындықтары сынақтан кейiн өзгерiссiз бастапқы күінде қалса және ұзындығы 25 ммден аспаса және табандықтың бөлшектері бұзылмай олардың қосындыларының берiктiгi бұзылмаған жағдайда бұл табандықтың сынаққа шыдағанын білдіреді.. Жергiлiктi бұзылулары, майысулар, табандық құлайтын бұрыштан 50 мм аспаса ескерілмейді.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 581 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...