Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тасымалданатын жүктердің түрімен, жүк орнының өлшемдерi салмағы



Тиегіштердің жұмыс істейтін органдарының бірі айырлар болып табылады. Бүгiнгі таңда тиегіштер түрлі шарттарға бейімделгені соншама барлық жұмысты жасай береді. Мысалы, жабық қоймаларда, салмағы 0, 5-3.2 т жүктерді ауыстырып тиеуге арналған ыдыс ретiнде (паллеттерді)табандықтарды қолданады. Табандықтардың өлшемiне байланысты айырлардың түрлi ұзындықтары болады.Өлшемдері 730м және 1100м аралығындағы табандықтар бар.

Мысалы, жұмыс жабдығығын таңдаған кезде кейбiр қиындықтарды ескеру қажет: тиегіш айырларының ұзындығы ұзын болған сайын оған жұмыс істеу үшін орында көбірек керек, сонымен бiрге табандықтардың енiн есепке алу керек.

Тиегіш айырлары бүйiрінде және алдында орналасады. Бiрiншi түрі ұзын өлшемді жүктер үшін арналған (металлопрокат, пиломатериалдар), ал екiншiсі – паллеттерді өңдеу үшiн арналған.

Егер ашық алаңға 20 және 40-футты контейнерлерді алып шығу керек болса, онда арнайы айырлы ауыр жүктерге арналған тиегіштерді қолданады,олардан басқа жоғарыда қармап алуға арналған тиегіштер «спредерлерді», телескопиялық нұсқағышы бар тиегіштерді қолданады.

Жүктердi өңдеуге арналған көптеген ауысымдық машиналар бар олар тиегіштердің қолдану аясын кеңейтіп тиiмдiлiктерiн жоғарылатады. Электртиегiштермен автотиегiштерге жүк қармағыш құрал-саймандары сай келедi. Сонымен қатар тиегіштің күймесiне оларды орнату бірнеше минуттарды ғана алады. Ең кең таралған ауысымдық жабдықтар:

-Толық бұрылып қағаздың орамдарын, бөшкелерді, бумаларды қармап алуға арналған;

- майысатын айырлары (комплекттегi жүқшығыр)

- цилиндр формалы бос жүктердi тасымалдауға арналған құрал-сайман - штырь;

- итергiш;

- позиционер - айырлардың көлденең жылжуына арналған құрылым;

- қысып басып алу (жоғарғыдан);

- (блоксыз) кран жебесi;

- арнайы қондырма - айырлардың ұзартқышы және т.б.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 897 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...