Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

КӨтерме кӨлiктердіҢ техникалыҚ жӘне пайдалану параметрлері



Жүктерді көтеретін, тасымалдайтын және тиеу-түсiруге арналған көліктердің параметрлері келесі түрде сипаттамалады: жүккөтерімділігі, қозғалыс жылдамдығы, көтеру биіктігі мен тасымалдау қашықтығы,жүк моменті, жебенiңұшып шығуы немесе аралығы, меншiктi салмағы, габариттер, пайдалану тәртiптерi, техникалық және пайдалану өнімділігі өнiмдiлiгі, сенiмдiлiгі мен жарамдылығының көрсеткіші, жүріс дөңгелектеріне түсетін жүктеме және т.б.

Машиналардың негiзгi техникалық сипаттамасымен өнiмдiлiгi механикаландыру схемаларын таңдаған кезде қайта тиеу және көлiктік операцияларын тиiстi өндiрiс технологиясын және пайдалану қауiпсiздiгін қамтамасыз етуi мақсатында экономикалық тиімділікке сүйене есепке алынады.

Машиналардың (максималды) номиналды жүккөтерімділігі деп машина көтере алатын салмақты айтады. Жүккөтерімділік жүктің және жүктердi тасымалдауға қолданылатын жүк қармағыш құрылымның салмағынан тұрады. Жүккөтерімділік тұрақты және айнымалы бола алады. Тұрақты жүккөтерімділік аралық крандарға тән, сонымен бiрге жебелі крандарға да; айнымалы – тиегіштермен жүккөтерімділігі жебенiң ұшып шығуына байланысты өзгеріп тұратын жебе тәрiздi крандардың көпшiлiктерiне тән.

Көліктердің барлығына ортақ сипаттаманың бірі жүк моменті (ұшып шығуға мүмкiн жүккөтерімділіктің шамасы) машиналардың осы түріне әдетте тұрақты. Қазiргi крандардың жүккөтерімділігі кеңiнен өзгерісткерге үшырап 2000 т жете алады. Жүккөтерімділігі одан да үлкен крандар кездеседі оларға әлемiндегі ең үлкен жер үсті краны М8С100 жүккөтерімділігі 4400 т құрайды.

Машинаның меншікті салмағы мен жүрiс дөңгелегіне түсетін жүктеме жүккөтерімділігімен жүк моментіне, машинаның габариттерiне, жұмыс жылдамдықтарына, пайдалану тәртібіне, конструктивтiк орындалуына байланысты болады.

Кинематиялық параметрлер - түрлi механизмдердің қозғалыс жылдамдығы: көтеруімен түсiруі, тасымалдауы, машинаның қозғалысы, (бұрылыс) айналу, жебенің жоғарлауы мен төмендеуі және тағы басқалар. Технологиялық үдерiстердің талаптарына сәйкес қозғалыс жылдамдығын жұмыстың сипатымен машинаның конструкциясына номиналды өнiмдiлiгіне байланысты таңдайды. Стандарттарға сәйкес машиналардың түрлі жылдам диапазондары орнатылған. Әдетте жүккөтерімділік ұлғаюымен жылдамдық сипаттамалары азая береді.

Қозғалыс жылдамдықтарын таңдаған кезде орын ауыстыру қашықтықтығымен және жұмыстардың өндiрiс технологияларын есепке алады.

Көліктердің негiзгi габариттерi - жебенiң ұшып шығу ұзындығы, ені, биiктiгі, жүкті нөлдiк белгiден түсiрудiң аралық максималды биiктiгi, жол саңылауы, соқпақ, базасы. Жебелердің ұшып шығуы дегеніміз жүк қармағыш органның өстерiне бұрылатын кранның бiр бөлiгiнiң айналу өстерi арасындағы арақашықтық деп аталады. Кранның аралығы - бұл тiк өстердiң көлденең кран астындағы бекiтулер арасындағы арақашықтық. Жол саңылауы дегеніміз машинаның өткiзгiштiгiн сипаттайтын жол төсемiмен машинаның астынғы бөлігінің арақашықтығымен анықталады.

Ең маңызды кешендi көрсеткiштің бірі ПТМ - бұл оның өнiмдiлiгi, яғни оның жүтерді нақты аралық уақытында өлшем бірлігі тонна, метр кубта бір ай, ауысым және жыл ішіндегі өңделген бір сағатты айтады..

Теориялық (есептi) өнiмдiлiк дегеніміз көліктің номиналды (есептi), жүктелімінде жүктерді тиеу және (түсiру) кезінде жобаланған шарттардың I сағатта үздіксіз жұмыс істеуін айтады.

Техникалық өнiмдiлiк дегеніміз көліктің орынға ауыстыру кезінде жүктiң нақты салмағын есепке алуымен 1 сағат үздiксiз жұмысы айтады. Бұл параметрлер нақты жүк бойынша көлікті пайдалану кезіндегіорындалған жұмысты бағалауға мүмкiндiк бередi. Бұл пайдалану өнiмдiлiгін анықтауда және машиналармен құрылымдардың пайдалану дәрежесiне баға беру үшiн қолданылады.

Пайдалану өнімділігі дегеніміз жүктелуі бойынша көліктің (құрылымның) жүктерді тиеу-түсiру жұмысымен қойма операцияларының автоматтандырылған жобаларын, сонымен бiрге өндiрiстiк нормаларын есепке ала қолдануын айтады. Бұл ай, ауысым және жыл ішіндегі өңделген бір сағатты айтады..

Машинаның энергия сыйымдылығы(жабдығының) дегеніміз энергияның меншiктi шығынымен сипатталады, жүктiң өңделуіне жұмсалатын киловатт-сағат энергияның жүк көлеміне қатынасымен, жүктердің тонна,дана, куб метрде яғни нақты уақыт аралығында өңделуімен анықталады.

Металл қажеттілігі (материалдар сыйымдылығы) дегеніміз машинаның жасалуына қажетті металлдардың салмағымен сипатталады сағат, тоннадағы машинаның өнiмдiлiгiне немесе номиналды жүккөтерімділігіне қатысты жұмсалған.

Еңбек сыйымдылығы дегеніміз, 1 т, м3 жүкті өңдеуге жұмсалған адам-сағат саны, машинаға немесе қондырғыға қызмет көрсеткен барлық адамдар санын, жұмыс ұзақтығына қатынасымен анықталады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 823 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...