Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып Ағымдағы қаржы мониторингі – 2 сағат



Дәрістер жоспары

1. Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жоспарлау.

2.Қаржылық жоспарды әзерлеу.

3.Қаржалақ жоспарлаудың бағытталғандығы.

Нарықтық экономикада кәсіпкерлікпен айналысу процесінде шаруашылықпен айналысушы субъектілер өндірісті ұйымдастыруға және өнімдерді сатуға әртүрлі шығындар шығарады. Кәсіпорынның барлық шығындарын олардың экономикалық мағынасына, жұмсалған мақсатына қарай үш топқа бөледі:

- ағымдағы шығындар;

- ағымдағы шығыстар;

- күрделі салымдар.

Ағымдағы шығындар өнімдерді өндірумен және оларды сатуменен байланысты. Олар кәсіпорынның барлық шығындарының ішінде үлесі ең көбі және ол шығындар негізінен өндіріс процесінде ішкі заттарды және материалдарды, негізгі өндірістік қорларды, жанар және жағар майларды, энергияны, еңбек ақы және т.б. пайдаланумен байланысты.

Ағымдағы шығындар кәсіпорынға өндірістік цикл және өнімдерді сатқанынан кейін сатылған өнімдерден түскен түсімнің құрамында қайтып оралады. Ағымдағы шығындардың құрамы әртүрлі және өнімдердің өзіндік құнына жатқызу әдісіне, өндіріс көлеміне байланысты жіктеледі. Қаржы менеджментінде ағымдағы шығындарды басқару өндіріс әрекетінің нәтижесіне қатаң байланыстылықта қаралады. Ағымдағы шығындардың құрамын, құрылымын және көлемін жоспарлауға шешім қабылдау үшін төмендегі мәліметтерді қолданады:

- өнімдердің нақтылы өзіндік құны және алған пайда туралы мәліметтер;

- болатын шығындар және табыс туралы ақпарат.

Егерде өндіріс көлемімен оны сатудың айырмашылығы жоспарланбаса, онда шығын көлемі туралы шешім қабылдауға өткен кезендегі мәліметтерді (инфляция индексін қолдана отырып) пайдалануға, болады. Өндіріс бағдарламасы біршама өзгерсе, онда шығындарға нақтылап талдау жасалынады, олардың құрамы, құрылымы және балама варианттар қаралады, өндірілген өнімдердің көлемі, оның бағасы еңбек ақысы және басқа факторлардың олардың тиімділігіне өсерін бағалайды.

Осы жағдайларға қарай қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ағымдағы шағындары төмендегіше бөлінеді:

- шартты-өзгермелі;

- шартты-тұрақты;

- аралас.

Шартты-өзгермелі шығындар - өндірілген өнімдердің көлеміне байланысты және өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей пропорционалды өзгереді. Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты олар ұлғаяды және, керісінше, өндіріс көлемінің азаюына байланыстым кемиді. Атап кететін жай, өзгермелі шығының өнімдердің бірлігіне қатынасы тұрақты шамада болады.

Шартты - өзгермелі шығындар өндірістік және өндірістік емес сипатта болады. Өндіріске қатысты шартты-өзгермелі шығындарға жататындар: шикізаттар және материалдарды сатып алу, технологиялық, жанармай және энергия, өндірістегі жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және т.б.

Өндіріске жатпайтын шартты-өзгермелі шығындарға жататындар: транспорт шығыны, сатуға кеткен сауда-комиссиялық жинау және басқадай шығындар, әлбетте олар сатылған өнімдерден түскен түсімнін көлеміне байланысты болады.

Атап кететін жай, "шартты-өзгермелі шығындардың" атының аталуы және оларды өндіріс көлеміне қатаң байланыстыру шартты жай. Практикада түрлі жағдайлар кездеседі, кейбір баптағы өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне қарағанда басқа қарқынмен өзгереді. Мысалы, шикізатты сатып алуда, сатып алатын партияға байланысты оның құнында ауытқу болуы мүмкін. Жұртқа мәлім, сатып алу шамасы көп болса оның бағасы соғұрлым төмен болады.

Шартты-тұрақты шығындар — бұл шығындар белгілі уақыт кезіңіндегі өндіріс көлемінің серпініне байланысты емес.

Оларға жататындар: амортизациялық төлемдер басқару персоналдардың еңбекақысы, ғимараттарды жылыту, жарық беру шығындары, жалдам ақы, администрация-шаруашылық қажеттілікке және т.б ақша шығындары.

Шартты — тұрақты шығындар өндірістің көлемінің өзгеруімен байланыссыз, факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Мұндай факторларға жататындар бағаның өсуі, негізгі қорларды қайта бағалау, амортизациялық төлемдері мөлшерінің өзгеруі және т.б. өзімен бірге шартты-тұрақты шығындардың өсуіне әсер етеді. Бұдан басқа, жекелеген шығын түрлерін белгілі бір жағдайда не тұрақты, немесе өзгермелі шығындарға жатқызуға болады. Мысалы, еңбекақысына кесімді ақы төлеуді шартты-өзгермелі шығындарға жатқызады; тұрақты айлықта бұл шығындарды тұрақты шығындарға жатқызады. Аралас шығындарға кейде тұрақты және сондай-ақ өзгермелі шығындар жатады. Оларға жатындар: байланыс және телеграф шығындары, жабдықтардың ағымдағы жөндеу шығындары, іссапар шығындары, материалдық техникалық жабдықтау шығындары және т.б.

Шығындарды тұрақты және өзгермелі түріне жіктеу басқару шешімдерін қабылдауға қажет және қаржы менеджеріне келесі міндеттерді орындауға көмектеседі:

- шығындардың өтемділігін бағалау;

- пайда шамасын оптималдау;

- кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы мүмкіншілігін

Өнімдерді сатудан түскен түсімді жинақы шығындармен салыстыру арқылы пайданың шамасын анықтауға мүмкіншілік түғызады. Пайда шамасын оптималдау мақсатымен қаржы менеджері берілген тұрақты және өзгермелі шығындар қатынасындағы өндіріс көлемінің өзгеруінің пайданың мөлшеріне әсерін анықтайды.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 604 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...