Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып Сервистік менеджменттің экономикалық негіздері: көрсетілу қызмет көлемі, кіріс,шығын, табыстарды басқару-4 сағат



Дәрістер жоспары

1. Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жоспарлау.

2. Қаржылық жоспарды әзерлеу.

3. Қаржалақ жоспарлаудың бағытталғандығы.

Сервис саласындағы бақылаудың қызметінің обьективті қажеттілігі.

Басқарушылық бақылаудың формасы мен функциялары — бұл қаржыны басқару әдістері, оларға жататындар: қаржы есебі, талдау, жоспарлау, болжау, қаржыны бақылау, қаржыны реттеу, есептесу жүйесі, несиелеу, салық салу, сақтандыру, лизинг, жалдау, факторинг және т.б. Аталған әдістердің құрамды элементтері болатындар қаржы басқарудың арнайы әдістері: несиелер және қарыздар, пайыздық нормалар, дивидендтер және т.б.

Қаржы құралдары жалпы түрде кез келген келісім шартпен түсіндіріледі, онда бір мезгілде бір кәсіпорынның қаржы активі және басқаның қаржы міндеттемесі ұлғаяды. Соныменен, қаржы құралдары — бұл ақшалай құны бар құжат, соның көмегімен қаржы нарқында түрлі операциялар орындалады. Қаржы құралдары бірінші және екінші түрге бөлінеді. Біріншіге жататындар: ақша қаражаттары, құңды қағаздар, ағымдағы операциялар бойынша несиелік және дебиторлық қарыздар және т.б.

Белсенді нарық ортасының қалыптасуы кәсіпкерлік әрекетте екінші қаржы құралдарының қалыптасуына және оның банк жүйесінде, өнеркәсіптік және сауда фирмаларының қаржы бөлімінде қолданылуына ықпал етеді. Алдыменен оларға қатыстылар: фьючерстік шарттар, қаржы опциондары, форварлық шарттар, своптық пайыздар, валюталық своптар және т.б Қаржылық жоспарлау кәсіпорын қызметінің маңызды жақтарын қамтиды: ол материалдық, еңбек және ақша ресурстарының пайда болуын және пайдаланылуын қажеті алдын – ала бақылауды қамтамасыз етеді, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін қажетті жағдайлар тудырады.

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың келесі мақсаттық бағытталғандығы бар:

1. Кәсіпорынның қызметін қаржы ресурстарымен және ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету.

2. Негізгі қызмет бойынша және егер олар орын алса, қызметтің басқа түрлері бойынша пайданы ұлғайту.

3. Бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, банктермен, кредиторлармен және дебиторлармен қаржылық өзара қатынастыарды ұйымдастыру.

4. Жоспарланатын табыстар мен шығындардың нақты теңестірілгендігін қамтамасыз ету.

5. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жєне қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Қаржылық жоспарды әзерлеу процесінде: өткізілетін өнімге жұмасалатын шығындар, өткізуден түскен түсім, ақшалай жинақтаулар, амортизация, жоспарланатын кезеңде белгіленетін инвесицияларды қаржыландыру көлемі және көздері, айналым қаражаттарындағы қажеттілік және оның орнын толтыру көздері, пайданы үлестіру және пайдалану, бюджетпен, бюджеттен тыс ќорлармен, банктермен өзара қатынастар анықталады.

Қаржылық жоспардың дәстүрлі түрі табыстар мен шығыстар балансы болып табылады. Қаржылық жоспарды құрастыру бойынша жұмыс бірнеше кезеңмен жүргізіледі:

- бірінші кезең – алыдыңғы кезеңдегі қаржылық жоспардың орындалу бағасы;

- екінші кезең – жобаланатын өндірістік көрсеткіштерді қарастыру, олардың негізінде қаржылық жоспар құрастырылатын болады;

- үшінші кезең қаржылық жоспардың жобасын әзірлеу.

Үлкен шұғылдылық мақсатында және құнсыздануды есепке алумен жоспарланатын жылдың тоқсандары бойынша табыстар мен шығыстар балансын құрастыру мақсатқа сәйкес болады.

Табыстар мен шығындар балансын құрастыру үшін база ретінде есептеулер болуы қажет: өткізуден түскен түсім; пайдалар және оны жұмсау бағыттары, меншікті айналым қаражаттарындағы қажетіліктер; амортизация шамалары және оның пайдаланылуы; жөндеу қорын пайдалану мөлшерлері мен бағыттары және т.б..

Табыстар мен шығынар балансын қалыптастыру процесінде келесі міндеттер шешілу керек:

- кәсіпорын резервтерін айқындау және пайдалылықты, төлем қабілеттілігін арттыруға, активтер мен капиталдың айналымдылығын жеделдетуге және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартумен байланысты, басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін, шаруашылық ішіндегі ресурстарды жұмылдыру;

- пайда және басқа табыстарды аса тиімді пайдалану;

- инвесициялардың тиімділігін және кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату.

Дербес түрде зерделеу үшін келесі мәселелерді қарастыру ұсынылады:

- кәсіпорынның жоспарлық балансын құрастыру;

- өткізуден түскен түсімнің өзгеруі кезінде қаржылық және ақшалай ағындардың өзгеруі.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Кәсіпорынның жоспарлық балансын құрастыру.

2. Өткізуден түсетін түсім өзгерген кезде қаржылық және ақшалай ағындардың өзгеруі.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 514 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...