Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. Кіріспе, тараулар, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және әр қосымша жаңа беттен басталады



Кіріспе, тараулар, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және әр қосымша жаңа беттен басталады.

Мәтіндегі абзац мөлшері бес белгіге тең (1,0 см).

Есеп берудің беттерін араб сандарымен номерлеу қажет. Бет номері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады. Титул бетіне номер қойылмайды. Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер есеп беру беттерінің жалпы номеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

Есеп берудегі иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) келтірілген мәтіннен кейін орналасуы керек немесе келесі бетте сілтеме арқылы келтірілуі тиіс.

А4 форматынан кіші түсірілген суреттер болған жағдайда олар стандартты ақ қағазға желімденуі керек.

Иллюстрациялардың реттік номерлері және атаулары болуы тиіс, ол суреттің астында жолдың ортасынан жазылуы тиіс (Мысалы: 1-сурет – «Бақытты жол»ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымы).

Кестелер көрсеткіштерге салыстырмалы құрылымдық-қарқынды талдау жүргізу үшін келтіріледі. Кестенің атауы оның мазмұнын ашатындай және қысқа болуы тиіс. Кестенің атауы кестеден жоғары сол жағына қарай, абзацсыз нөмірленіп бір жолға сызықша арқылы жазылады (мысалы: 1-кесте – «Бақытты жол» ЖШС-нің 2009-2011 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері). Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс.

Бухгалтерия
Дүкен-салондары желісі
Маркетингтік қызмет
Жеткізу, кепілдендірілген жөндеу және қызмет көрсету қызметі
Техникалық директор  
Қаржы директоры
Атқарушы директор
Коммерциалық директор
Бас директор

1-сурет – «Бақытты жол» ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымы

Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады (бұл ретте кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды), ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1-кестенің жалғасы».

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер басынан аяғына дейін номерленуі тиіс.

Кесте жолдары және атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелердің шрифт мөлшерін мәтіндегіден кем алуға, яғни №12 кегльмен жазуға рұқсат беріледі.

Кестенің рәсімделуінің мысалы:

1-кесте – «Бақытты жол» ЖШС-нің 2009-2011 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Жылдар 2011 жылдың алдыңғы жылдарға қатысты өзгерісі, %
         
Өнімді сатудан түсімдер мың теңге 104814,8 110856,0 117562,0 112,2 106,0
Сатылған өнімнің өзіндік құны мың теңге 78925,5 83308,3 88169,6 111,7 105,8
Негізгі қызметтен табыс мың теңге 25889,3 27547,7 29392,4 113,5 106,7
Қызметкерлердің орташа айлық саны адам       102,6 102,6
Қуаттарды пайдалану коэффициенті % 77,6 73,9 78,4 101,0 106,1
Жаңа тауардың үлесі %     4,8   96,0
Сату рентабельділігі % 24,7 24,8 25,0 101,2 100,6

Кесте мен мәтіннің арасы 2 интервал немесе 1 бос жол тастау керек.

Ескертулерді абзацтан және бас әріптен бастап жазады. «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс. Ескертуді оған қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек. Символдар мен сандық коэффиценттердің белгісін жаңа жолдан беру керек. Түсіндірудің бірінші жолы «мұндағы» деген сөзбен қос нүкте қою арқылы бастайды.

Есеп берудегі формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, сандармен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

Формуланы құрастырудың мысалы төмендегіше:

n= , (1)

мұндағы: t – сенімділік коэффиценті, ол өз кезегінде (р) мүмкіншілікке қатысты шекті қате t – орта қателігінен аспайтындығын дәлелдейді;

о2 – зерттеліп отырған белгінің дисперсиясы;

d2 – таңдаманың шекті қатесі;

N – зерттеліп отырған бас жиынтықтың бірлік саны.

Пайдаланылған әдебиеттер туралы анықтамаларды есеп берудің мәтінінде сілтемелердің пайда болу ретімен орналастырып, оларды араб сандарымен нүктесіз нөмерлеп, жаңа жол арқылы жазу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалы:

1 Бердалиев К.Б. Менеджмент: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2006. – 320 с.

2 Статистика рынка товаров и услуг: Учебник / И.К. Беляевский, Г.Д. Кулагина, А.В. Коротков и др., Под ред. И.К. Беляевского. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 432 с.: ил.

3 Статистический ежегодник Казахстана, 2008. Статистический сборник / Под ред. А. Е. Мешимбаевой / Агентство Республики Казахстан по статистике. – Астана, 2009. – 516 с.

Есепті жинақтап түптеместен бұрын материалдарды төмендегідей тәртіпке сәйкес орналастыруы қажет:

1. Бекітілген формаға сәйкес титул парағы (Қосымша 1).

2. Мазмұны (беттері көрсетілген).

3. Күнделік (студент жұмысының сипаттамасымен бірге). Орындалған жұмыстар мен жүргізілген экскурсиялар жөніндегі жазбалар тікелей студенттің өзімен аптасына бір рет жасалынуы тиіс. Практика аяқталғаннан соң студент міндетті түрде өндірістегі тәжірибе жетекшісінен өз жұмысы жөнінде мінездеме, жұмыс берушінің пікірін алуы тиіс.

4. Кәсіпорыннан практика жетекшісінің пікірі, практика орнынан бекітілген (Қосымша 2).

5. Практика өткені жөніндегі Есеп берудің мазмұны.

Студенттер өндірістік практика туралы есеп берулерін кафедра бекіткен оқытушылардан, алдын ала белгіленген практика жетекшілерінен, мамандықтың арнайы курстарын жүргізетін профессордың (доценттің) басқаруынан тұратын арнайы комиссияның алдында қорғайды. Өндірістік практика нәтижелері рейтингтік жүйеге негізделініп бағаланады, есеп берулерін қорғау процесі көпшілік алдында жүруі сипатына ие болуы тиіс.

Практикалық есепті қорғау нәтижесі комиссиямен бағаланады және хаттама арқылы бейнеленеді. Оны комиссия мүшелерінің барлығы қол қойып рәсімдейді.

Өндірістік практика бойынша есеп беруді тапсырмауы немесе қанағаттанарлықсыз қорғауы негізіндегі қайтадан тапсырудың шарттары мен мерзімдері әрбір жағдайға сәйкес жеке түрде анықталынады және де оны факультет деканы немесе университеттің практика жетекшісі белгілейді.

Қосымша 1.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 2181 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...