Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндірістік практика баҒдарламасы



Өндірістік практика бағдарламасының мазмұны негізінен студенттердің қазіргі кәсіпорындар мен ұйымдардағы менеджменттің барлық аспектілерінен іс жүзінде таныстыру үшін және жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау функцияларын тереңірек түсіну үшін құрылған. Бұл бағдарлама сонымен қатар өндірісті басқару, маркетинг, персоналды басқару, инновация және сыртқы экономикалық байланыс сияқты, ұйымның негізгі функцияналдық аясындағы қызметін зерттеуге бағытталған.

Ол үшін практикада жүрген студентке есепте талдау, таблица, схема және график түрінде көрініс табатын келесі сұрақтарды білу қажет:

1. Компания мақсаты және оның нарықтағы өмір сүруінің мақсаттары.

Берілген бөлімді игеру барысында келесілерді сипаттау қажет:

- кәсіпорын тарихы, негізгі мақсатын, қызметтің пәнін, өнім мен көрсетілетін қызметтің түрі және сипаттамалары;

- кәсіпорын мәртебесі, заңды формалары, кәсіпорын құрылымы мен басқару органдары, әлеуметтік бағдары мен шаруашылық қызметінің қағидалары.

2. Ұйымдағы басқару процесі келесідей бағыттар бойынша талдауға түседі:

- жоспарлы жұмысты ұйымдастыру;

- кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы;

- бақылау формалары;

- бөлім, бөлімшелер және т.б. қызметтерінің сипаттамасы.

3. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметін талдау.

Талдау келесідей мүмкін бағыттармен өткізілуі тиіс:

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы (айналым, өтімділік көрсеткіштері, іскерлік белсенділік, активтер рентабельділігі);

- кәсіпорын қызметінің көрсеткіштері (ақшалай және натуралды көрсетілімдегі сату көлемі);

- өзіндік құн және өндіріс шығындары;

- кәсіпорынның табыстылығы мен таза табысы:

- анализ 2-3 жылдың көлемінде жүруі қажет.

4. Персоналды басқару жүйесін талдау төмендегідей бағыттарды қамтыуы керек:

- кадрлық саясатты қалыптастыру;

- қызметке таңдау мен жалдау;

- қадрлық қызметтің құрылымы мен оның функциялары;

- персонал құрамының қарқыны оның категорияларына байланысты 2-3 жылдың негізінде жасалуы қажет (басшылар, мамандар, қызметкерлер, жұмысшылар, күзет және т.б.);

- білім деңгейіне, өтіліне (стаж), жұмыс тәжірибесіне байланысты кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы;

- қызметкерлерді аттестациялау және еңбек нәтижелілігін бағалау;

- қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

5. Еңбекті ынталандыру және персонал мотивациясы келесідей бағыттар арқылы талдануы қажет:

- еңбек ақы жүйесі мен формалары;

- қызмет мотивтері мен қызметкерлердің қажеттіліктері, кадрлар ағымдылығы;

- әлеуметтік дамудың нысандары;

- мотивацияның ақшалай емес формаларын пайдалану;

- қызметкерлерді марапаттау жүйесі;

- қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру.

6. SWOT-талдаудың көмегімен кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарына, сыртқы орта тарапынан жағымды мүмкіндіктері мен қауіптеріне сипаттама беру.

Жоғарыда көрсетілген сұрақтардан басқа нарықтық экономиканың дамуындағы мемлекеттің ролі, қазіргі жағдайда Қазақстандағы нарықтық механизмнің даму тенденцияларын меңгеріп, мүмкіндігінше есеп беруде көрсету қажет.

Практика базасы болып табылатын кәсіпорын (ұйым) қызметіне қатысты заңдарды, жарлықтарды, нұсқауларды және басқада әдістемелік материалдарды оқу қажет.

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША ЕСЕП ЖАЗУҒА ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Студент өндірістік практиканың есебін жазуға дайындықты практиканы өтудің алғашқы күндерінен бастап қамтамасыз етуі керек.

Есептің материалдарын көрсетіп жазу тәртібі практика бағдарламасына сәйкес болуы тиіс. Бағдарлама сұрақтарына сәйкес материалдар жинақталады, талданады, жүйеге келтіріледі және олар есепте көрсетіледі. Олар практика аяқталған соң бір апта ішінде кафедраға әкелінуі тиіс.

Есепті жазу барысында студент менеджмент теориясы және практикасынан білімін көрсетуі қажет, сонымен қатар кәсіпорын (ұйым) қызметінің экономикалық, басқарушылық сұрақтарын талдап және оны сапалы түрде түсіндіруі міндетті.

Өндірістік практика есебінің жалпы көлемі қосымшасыз 25-30 беттен тұруы міндетті. Есепті көптеген таблицалық материалдармен жүктемес үшін оларды қосымша материалдар тізіміне орналастыруға болады, ал есептің өзінде қарастыратын сұрақтарды сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді бейнелеуге болады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 891 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...