Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы ережелер



Экономика және Басқару» факультеті

Менеджмент» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор

э.ғ.д., профессор А.А. Адамбекова

________________________________

«____» ____________________ 2013ж.

В050700 – МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДЫҒЫ

СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Алматы, 2013

«Менеджмент» мамандығының ББАК мәжілісінде талқыланған және ұсынылған, хаттама № ___, «___» _____________ 2013ж.

э.ғ.д., профессор Т.С. Сатқалиева ________________________________

«Менеджмент» кафедрасының оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде мақұлданған, хаттама № ___, «___» _____________ 2013ж.

«Менеджмент» кафедрасы оқу-әдістемелік бюросының төрайымы

э.ғ.к., доцент Т.П. Магай _______ ________________________________

Құрастырушылар: кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Сатқалиева Т.С.

э.ғ.к., доцент Магай Т.П.

э.ғ.к., доцент Ерғалиев Қ.Р.

аға оқытушы Токарева Е.Г.

Рецензент: э.ғ.к., доцент Истаева А.А.

«5В050700 – Менеджмент» мамандығы студенттерінің өндірістік практикасы бойынша бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары.

Алматы, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2013 жыл.

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы ережелер......................................................................................................4

2. Практиканың негізгі міндеттері.........................................................................5

3. Өндірістік практиканы ұйымдастыру....................................................................5

4. Өндірістік практика бағдарламасы........................................................................7

5. Өндірістік практика бойынша есеп жазуға және оны қорытындылауға

әдістемелік нұсқау...................................................................................................8

6. Қосымша 1..............................................................................................................13

Қосымша 2..............................................................................................................14

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

«5В050700 – Менедждмент» мамандығында оқитын студенттеріне теориялық және тәжірибелік білімдерін көтеру мақсатында, өндірістік практика жүргізіледі, сонымен қатар ол оқу процесінің бір бөлігі болып табылады. Практиканы өту студенттерге нарық жағдайында шаруашылықты жүргізудің түрлі формалары мен Қазақстан экономикасындағы нарықтық қатынастардың дамуын болашақ қызметке сәйкестендіру және мамандыққа қажет терең тәжірибелік қабілеттіліктерді игеру барысында көптеген көмегін тигізеді.

Өндірістік практика университет бітірушілерінің қорытынды кезеңі, ол теориялық білімді кеңейтуге және жинақтауға, жүйелендіруге, өзіндік зерттеу жұмыстарының элементерін игеруге мүмкіндік береді. Бұның бәрі әрине болашақ менеджер-экономистерге қажет, тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін жұмысшы ұжымдарын басқаруға, сондай-ақ экономикалық және басқару жағдайларына баға беріп және талдау жасауға көмектеседі.

Арнайы пәндер циклының оқытылуы аяқталғаннан кейін өндірістік практика ұйымдастырылады.

Бітіруші курстарында өндірістік практика теориялық оқыту толық аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады.

Өндірістік практиканың мақсаты біліктілікті бекіту, оқыту мамандығы бойынша практикалық дағды мен кәсіптік тәжірибе қалыптастыру болып табылады.

Өндірістік практика басқару жұмыстарына деген бітірушілерді дайындау деңгейін жоғарылатады, өндірістегі кәсіби бейімделуді қысқартады, оларға – біліміне және талабына сәйкес сенімділік береді.

Өндірістік практиканың базасы болып оқытылатын мамандықтың мамандануына сәйкес ұйымдар белгіленеді (немесе салалас кәсіпорындар).

Өндірістік практика «5В050700 – Менеджмент» (бакалавр) мамандығы бойынша мемлекеттік кәсіпорындарда және ұйымдарда, сол сияқты әртүрлі коммерциялық ұйымдарда (АҚ, ЖШС, холдингтерде және т.б.) жүргізіледі.

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ өндірістік практика мекемелерімен белгіленген шарт негізінде, практика базалары болып табылатын мекемелермен шарт жасауы қажет.

Өндірістік практика кезінде студент барлық талаптарды және ағымдағы бағдарламаны орындауы қажет, сонымен қатар дипломдық жұмысты жазуға нақтылы материалдарды жинауы тиіс

Ұйым басшылығы бекіткен жетекшінің қалауына сәйкес өндірістік практика кезінде студенттер ұйымның және кәсіпорынның жұмыс істеу тәжірибесін үйренеді және де практика өтетін жерде экономикалық, басқару жұмыстарына қатысуы мүмкін.

Осы бағдарламаның негізінде практика өтетін жерде жеке тәжірибиелік кесте жасалынады және ол мыналарды қамтиды:

- бағдарламаның орындалу тәртібі мен оның арасындағы өзара байланыстылық;

- студенттермен жеке әңгімелесу және жағдайларға талдау жасау;

- өндірістік технологияны білу үшін таныстыру жұмыстарының жүргізілуі;

- студент-практиканттардың жұмысына бақылау жасау.

Кафедра меңгерушісінің ұсынысымен бекітілген «Менеджмент» кафедрасының оқытушылары өндірістік практикаға оқу-әдістемелік басшылық жүргізеді.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 651 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...