Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндірістік практиканы Ұйымдастыру



Студенттер практиканы кафедра дайындайтын мамандыққа сай келетін кәсіпорындар мен ұйымдарда өткізулері қажет. Практика орны кафедра ұсынысымен, студенттердің өз қалауларымен, кәсіпорындар, аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктерімен келісім арқылы белгіленеді.

Студенттердің өндірістік практиканы өту орындары мен оны өткізудегі жауапты адамдар, басқарушы-кеңесшілері сәйкес ұйымдардың басшыларымен анықталады.

Студенттердің практиканы өту барысын кафедра меңгерушісі жалпы бақылауға ала отырып жүзеге асырады. Практикадағы жұмыс орны ұйым басшылығымен кеңесшіге жүктеледі, сондай-ақ кафедрамен белгіленген оқытушылар үйлестіреді.

Практика алдында студентке практиканы орындау бағдарламасы, күнделік және жолдама беріледі. Әрбір студент оқытушы-жетекшімен бірге жұмыс жоспарын жасайды. Жоспарда студенттің күнтізбелік мерзім ішіндегі атқаруы тиіс жұмыс түрлері көрсетілуі тиіс. Практиканың жеке жоспары оқытушы-жетекшімен бекітіледі.

Кафедра бекіткен практика жетекшісі студенттердің кәсіпорынға (ұйымға) уақытымен келуін ұйымдастыруға, студенттерді жүйелі түрде кеңес беруге, практикада кездескен түсінбеушіліктер мен кемшіліктерді анықтауға, студенттердің бағдарлама мен жеке жоспарларды орындауын бақылауға, есеп берудің сапалы әрі уақытында дайындалуын қамтамасыз етуге, сонымен бірге олардың безендірілуін, тәжірибе аяқталған соң кафедрада практиканың ұйымдастырылуындағы кемшіліктерді айтуға және осы істерді алдағы уақытта жаңғырту жөнінде ұсыныстарын білдіруге міндетті.

Практика орнына жолдамада көрсетілген мерзімде болуға тиіс. Практика кезінде студент кәсіпорын (ұйым) қызметкерлері үшін бекітілген ішкі тәртіп ережелерін атқаруға міндетті.

Студенттер практика өту орнында мамандығы бойынша штаттық қызметке кіруге құқығы бар. Кәсіпорын (ұйым) әкімшлігінің рұқсатынан кейін студент практикалық материалдарды, есептік мәліметтерді, архив мүмкіндігін, ақпараттық қызметтті, кәсіпорынның техникалық кітапханасын көбірек қолдануға тиіс.

Практика кезінде студент күнделік жүргізіп, не атқарылғандығы және қай күндері атқарылғандығы жөнінде белгілеуі керек.

Студенттер практика өтетін, кәсіпорын басшыларына, оларды яғни студенттерді сабақтан тыс жұмыстар істеуге және іс-сапарларға жіберуге тыйым салынады. Студентерді практика мақсатына сай келмейтін жұмыстарға пайдалунаға болмайды.

Практикаға уақыты аяқталғаннан кейін, әр студент кафедраға кәсіпорын басшысының практика қорытындысы туралы жазбаша пікірі, өндірістік практика күнделігі, жұмыс берушінің пікірі және кафедраға ғылыми жетекшісінің есепті қорғауға жіберетіні жайлы оң рецензиясын алуы тиіс. Содан соң студент кафедра меңгерушісі белгіленген комиссияның алдында өзінің есебін қорғайды. Практиканың жетекші мұғалімі қарамағындағы студент есебін қорғап жатқан сәтте комиссия құрамына кіреді.

Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі өз қалауы бойынша тәжірибе есебін қорғау комиссиясының жұмысына қатыса алады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 655 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...