Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Диплом жұмысын қорғаудың тәртібі



Дипломдық жұмыс алдын ала қорғаудан өту үшін кафедраға тапсырылады. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми кеңесшілердің қатысуымен өткізіледі. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді (Қосымша Е).

Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

Ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша пікір жазады. Диплом жұмысы нәтижесі қанағаттанарлықтай болған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады. Диплом жұмысы қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ диплом жұмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша пікірін жазады. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады. Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орынының ректорына бекітуге ұсынылады.

Кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған сын-пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Сын-пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар және өндіріс мамандары қатыстырылады.

Сын-пікір берушілердің базалық жоғары білімі болуы тиіс және қорғалатын диплом жұмысының профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Сын-пікірде сын-пікір берушінің қолы қойылып, оның жұмыс орнының мөрімен расталуы керек. Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ рецензенттің F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.

Факультет деканы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы-студентті жазылған сын-пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына қорғауға жібереді.

Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Диплом жұмысын қорғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы заманауи құрал-жабдықтар мен жетістіктер негізінде электрондық ресурстарды мультимедиялық презентация түрінде жүруі мүмкін.

Диплом жұмысын қорғау студенттердің, кафедра оқытушыларының қатысуымен ашық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да қызығушылық білдірген тұлғалар қатысуы мүмкін.

Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет. Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды. Онда зерттеудің неғұрлым маңызды нәтижелеріне мән беріледі (өзектілігі, негізгі қорытындылары).

Студенттің баяндамасы диплом жұмысының негізгі мазмұнын ашатын көрнекі немесе интерактивті кестелік-иллюстрациялық материалдардан (кесте, сызба, диаграмма, графиктер және т.б.) тұратын слайдтар түрінде ұсынылуы тиіс.

МАК мүшелері ұжымдық түрде диплом жұмысын қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қояды. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын-пікір берушінің бағасы назарға алынады.

Егерде Мемлекетік аттестациялау комиссиясы дипломдық жұмысты қорғау бойынша қанағаттанарлықсыз баға берсе, онда дипломдық жұмыс бір жылдан кем емес уақыт ішінде өңделген түрінде қайта қорғалуы мүмкін.

Егер студент өз жұмысын қорғауға орынды себеппен келмесе, Мемлекетік аттестациялау комиссиясының шешімімен қорғау мерзімі кейінгі уақытқа ауыстырылады (бір жылдан артық емес).

Диплом жұмысын қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 2293 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...