Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі бойынша жалпы ережелер



Экономика және Басқару» факультеті

Менеджмент» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор

э.ғ.д., профессор А.А. Адамбекова

________________________________

«____» ____________________ 2013ж.

В050700 – МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДЫҒЫ

СТУДЕНТТЕРІНІҢ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫН

ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Алматы, 2013

«Менеджмент» мамандығының ББАК мәжілісінде талқыланған және ұсынылған, хаттама № ___, «___» _____________ 2013ж.

э.ғ.д., профессор Т.С. Сатқалиева ________________________________

«Менеджмент» кафедрасының оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде мақұлданған, хаттама № ___, «___» _____________ 2013ж.

«Менеджмент» кафедрасы оқу-әдістемелік бюросының төрайымы

э.ғ.к., доцент Т.П. Магай _______ ________________________________

Құрастырушылар: «Менеджмент» кафедрасының

меңгерушісі э.ғ.д., профессор Сатқалиева Т.С.

э.ғ.к., доцент Магай Т.П.

э.ғ.к., доцент Ерғалиев Қ.Р.

аға оқытушы Токарева Е.Г.

Рецензент: э.ғ.к., профессор Сейдахметов А.С.

«5В050700 – Менеджмент» мамандығы студенттерінің дипломдық жұмысын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулары.

Алматы, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2013 жыл.

Мазмұны

   
1 Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі бойынша жалпы ережелер ……...………………………………………………    
2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және оны жазу ережелері    
3 Диплом жұмысының құрылымы және оның қысқаша мазмұны.....    
4 Диплом жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар.....................….    
5 Диплом жұмысын қорғау тәртібі ……….....………………………...    
Пайдаланылған әдебиет көздері.......…………………………………...    
Қосымшалар......…………………………………………………………    

Диплом жұмысын дайындау, жазу, қорғау тәртібі бойынша жалпы ережелер

Дипломдық жұмыс – бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының 5.03.016-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі» (2009 жылдың 01 қыркүйегінде енгізілген) талаптарына сәйкес, студенттің Т.Рысқұлов атындағы КазЭУ-де оқуының соңғы кезеңінде өз бетімен орындалатын жазбаша ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

Дістемелік нұсқау студенттер үшін дипломдық жұмысты орындау және оларды қорғау барысындағы міндетті талаптар, ережелер мен ұсыныстарды анықтау мақсатында көздейді.

Олар дипломдық жұмыс тақырыптарының өзектілігін қамтамасыз етуге, және олардың ғылыми деңгейі мен орындалу сапасын көтеруге арналған, сонымен қатар кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мен оның нарықтағы тұрақты жағдайы мақсатында өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нақты жасалатын тәжірбиелік ұсыныстар бойынша дипломдық жұмыстың үлесін көтеруге арналған.

Дипломдық жұмыс таңдалған мамандық бойынша білімді тереңдету үшін, өзінің ойларын логикалық және байланысты жеткізу қабілетіне ие болу үшін, зерттеліп отырған мәселе бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды, негізгі жағдайды сенімді түрде ашуға көмектеседі.

Ол зерттеу проблемаларына шығармашылық тәсілмен, зерттелініп отырған тақырып пен сұрақтар бойынша әр түрлі көзқарасқа сыни тәсілмен көрсетілуі тиіс. Дипломдық жұмыс студенттің өзіндік ғылыми еңбегі болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс студенттің ЖОО соңғы оқу кезеңі болып табылады және оның мақсаттары келесідей болады:

■ мамандығы бойынша теориялық білімін кеңейту, бекіту мен жүйелеу, және бұл білімді ұйым мен басқару саласында нақты мәселелерді шешуге қолдану;

■ өзіндік жұмысты жүргізуде қабілеттіліктерді дамыту, дипломдық жұмыста кездесетін мәселелер мен сұрақтарды шешу барысында зерттеу әдісін меңгеру;

■ талаптарға сай өзіндік жұмыстар үшін студенттің дайындығын көрсету.

Дипломдық жұмыстың мазмұны жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сай болуы үшін, ол таңдалған тақырыпқа байланысты арнайы ғылыми теориялық әдебиетті, нақты шаруашылық субъектілерінің өндірістік шаруашылық және қаржылық қызметі материалдарын терең оқу негізінде жасалуы керек. Бұл студенттің диплом алды тәжірбие немесе жұмыс өтетін жерінің шаруашылық субъектісі туралы мәліметтер болуы керек.

Зерттеу жұмыстары негізінде автордың ұсыныстары кәсіпорынға (ұйымға) пайдалы болған кезде, дипломдық жұмыс құнды болады, ұсыныстарды жүзеге асыру белгілі бір экономикалық әсерді беруі немесе тиімді басқару шешімдерін қабылдауда септігін тигізуі мүмкін.

Дипломдық жұмысты орындау барысында студент тақырып бойынша: ҚР заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғыларын, үкіметтің нормативтік-құқықтық актілерін; ғылыми және оқулық әдебиеттердегі басқаруға байлансты сұрақтарды, мерзімдік басылымдарды; жоспарлау, есеп, салық салу бойынша нұсқаулар, техникалық-экономикалық көрсеткіштердің есептеулерін және нақты кәсіпорынның қаржылық есеп берулерін қарастырады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 1884 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...