Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Диплом жұмысының құрылымы және оның қысқаша мазмұны



Дипломдық жұмыс Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің соңғы курс студентінің мамандығына сәйкес өз бетінше дайындаған ғылыми жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыс әрбір тақырыпқа қолданылатын арнайы экономикалық әдебиетті, анықтамалық құралдар, нормативті нұсқаулық құжаттарды, республика, аймақ және облыстар, еңбек ұжымы, ғылыми зерттеу және жобалық институттар көлеміндегі жоспарлық және есептік мәліметтер, сонымен қатар шетел жарияланымдарын терең және жан-жақты зерттеу негізінде орындалады. Онсыз талдауды бастауға халық шаруашылығының кез келген бөлімінде фактілік материалдарды толықтыруға, ұсынылатын мемлекеттік стандарттар бойынша қазіргі кездегі мәселелер мен талаптар деңгейінде сапалы дипломдық жұмысты орындау мүмкін емес.

Бекітілген дипломдық тақырыпты орындауда автордың міндеті:

1. Дипломдық жұмысты орындауға қажет жоспарлы нақты материалдарға талдау жасау үшін қажетті әдебиет көздерімен қамтамасыз ету.

2. Жұмыстың тақырыбы бойынша библиография құру және қорытындылар мен тәжірбиелік ұсыныстардың негізделуіне ерекше мән беріп оқу.

Экономиканың тиімді дамуы саласындағы ең өзекті мәселелер негізінде төмендегілерді жатқызуға болады:

а) халық шаруашылығы мен аймақтық жоспарлаудың мәні және әлеуметтік-экономикалық мағынасы, оның өндіріспен, экономикалық заңдарды пайдалану түрлері мен әдістері және ұлттық экономиканы басқару заңдылықтарымен өзара байланысы;

б) шаруашылық субъектілері, салалық және территориялық органдар деңгейінде өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы, олардың нарық жағдайындағы жұмысын жетілдіру;

в) кәсіпорынды (ұйымды) басқару органдарының соңғы үш жылдағы қаржылық-шаруашылық және өндірістік қызметін сипаттайтын болжамдар мен есептік материалдар;

г) тиімді шаруашылық тетігін құру жөніндегі салалық және территориялық басқару органдарының жүргізетін ұйымдық жұмыстың деңгейі;

3. Экономикалық математикалық есептеулер және олардың жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану негіздемесі жүргізілетін дипломдық жұмыстың сұрақтарын жасауда.

4. Кафедра мәжілісінде дипломдық жұмыстардың орындалу барысы туралы ғылыми жетекшілердің алдында белгіленген мерзімде жиі есеп беру.

Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі ережелерді сақтау керек:

- дипломдық жұмыстың кіріспесі мен қорытындысы 2-3 беттен кем болмауы міндетті;

- жұмыстың әрбір тарауы 2-3 параграфтан тұруы керек. Сонымен бірге әрбір параграфтың көлемі 9-10 беттей болуы шарт;

- жұмыстың теориялық, талдаулық және конструктивтік бөлімдері көлемі жағынан шамамен бірдей болғаны дұрыс (әр тарау жұмыс көлемінің 25-30 пайыз мөлшеріндей). Ең жиі кездесетін қателік теориялық тарау көлемінің көп болуы.

Дипломдық жұмысқа жалпы талаптары болып мыналар табылады:

- оның құрылымдық құрылуындағы нақтылық;

- материалдың мазмұнынының логикалық байланысы;

- материалдар нақтылығының шынайылығы;

- жұмыс нәтижелерін субъктивті және бірнеше мәрте жеткізу мүмкіндігін ескерілмейтін тұжырымының қысқалығы және анықтығы;

- жұмыс нәтижелерін көрсетуде нақтылық;

- қорытындыларды дәлелдеу және автор ұсынысының негізділігі.

Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

– мұқаба (Қосымша Г);

– титул беті;

– мазмұны;

– кіріспе;

– негізгі бөлім;

– қорытынды;

– пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

– қосымшалар.

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті, ол белгіленген қатаң тәртіппен толтырылады (Қосымша Д).

Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады, бірақ оған нөмір қойылмайды.

Жұмыстың «Мазмұнында» кіріспе, барлық тараулардың, параграфтардың атауы, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы және әрқайсысының басталу беттері көрсетілуі керек. Тараулардың және параграфтардың атауын қысқартып жазуға, басқа түрде келтіруге немесе орындарын ауыстырып жазуға тыйым салынады.

«Кіріспеде» жұмыстың ең өзекті мәселелерін, мақсаты мен міндеттерін, зерттеу объектісін, сонымен бірге диплом жұмысының құрылымы көрсетілуі қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсатын тұжырымдау кәсіпорындағы мәселелерді талдап, экономикалық құбылыстардың арасындағы заңдылықтарды табуға бағытталуы керек. Әдетте дипломдық жұмыстың мақсаты екі бөлімнен тұрады: біріншісі – «зерттеу» деген сөзбен басталады (зерттеу мәселесі), ал екіншісі – осы мәселені шешетін ұсыныстарды әзірлеу (даму перспективаларын анықтау).

Мысалы: Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқаруды ұйымдастыру («Бақытты жол»ЖШС мысалында)»
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Бақытты жол» ЖШС-де ішкі фирмалық басқаруды ұйымдастыруды талдау мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау

Дипломдық жұмыстың міндеттері мақсатына байланысты анықталады. Онда төмендегідей сөздер қолданылады: талдау, әзірлеу, жалпылау, дәлелдеу, ендіру, зерттеу, анықтау, көрсету, сипаттау, жүйелеп баяндау, ұсыныс ұсыну, болжам жасау, өзара байланысын анықтау, болашақтағы дамуын айқындау.

Міндеттерді анық тұжырымдау маңызды, өйткені міндеттердің мазмұны, тізімі және олардың орындалуына байланысты дипломдық жұмыстың құрылымы анықталып, сәйкес тараулардың атаулары белгіленеді.

Мысалы: Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқаруды ұйымдастыру («Бақытты жол»ЖШС мысалында)»
Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып, шешіледі: - кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқарудың теориялық аспектілерін айқындау; – кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқаруды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін игеру, оны бейімдеу мақсатымен; – «Бақытты жол» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау; – «Бақытты жол» ЖШС-нің маркетингтік қызметін талдау; – «Бақытты жол» ЖШС-нің маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыруын бағалау; – «Бақытты жол» ЖШС-гі ішкіфирмалық басқаруды ұйымдастыру тиімділігін арттыру негізінде басқарушылық қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу объектісі ретінде− нақты шаруашылық субъектілерінің экономикалық қызметі алынады.

Мысалы: Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқаруды ұйымдастыру («Бақытты жол»ЖШС мысалында)»
Зерттеу объектісі ретінде отандық нарықта өндірістік қызметті жүзеге асыратын «Бақытты жол»ЖШС алынды.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі тараулар мен параграфтардан тұрады. Диплом жұмысының әрқайсысы параграфтардан тұратын үш тараудың негізінде құру ұсынылады. Жекелеген жағдайларда бес параграфтан кем емес екі тараудан болуы мүмкін.

Жұмыстың бірінші тарауы теориялық сипатта болады. Ол зерттеу тақырыбын ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан, ғылыми әдебиеттерді және ресми мәліметтерді (нормативтік-құқықтық құжаттарды, статистикалық ақпаратты, ағымдық басылымдарды) сыни талдау, сонымен бірге зерттеу тақырыбындағы әр түрлі көзқарастарды жалпылау негізінде жазылуы тиіс. Жұмыста шетелдік тәжірибе қарастырылуы керек. Бұл тарауда зерттелетін үрдістің мәнін, мазмұнын, ұйымдастырылуын және оның құрамдастарын терең зерттеп, оны салыстырмалы талдау арқылы негіздеп, өз ұсынысын көрсету қажет.

Екінші тарау аналитикалық, онда әр түрлі ғылыми әдістер мен жаңа технологиялық зерттеулерді пайдалану арқылы кәсіпорынның соңғы үш жылдағы жиналған тәжірбиелік материалдарына талдау жасалуы тиіс, яғни, ол зертелініп отырған кәсіпорында қарастырылған мәселелердің күйіне анализ жасау, бағалау, нақты есептеулерді орындау. Сонымен қатар, бұл бөлімге тиісті салалық нарықтың күйін және дипломдық жұмысқа байланысты болса, онда кәсіорынның орнын сипаттайтын бөлімше енгізілуі мүмкін. Бұл тарауды жазу барысында студент нақты материалға терең зерделеу жасау негізінде жаңа білімін жинақтаумен қатар, алынған қорытындылар мен нәтижелерді негіздей және дәйектей білуін көрсетуі керек.

Үшінші тарауда тиісті есептеулерді келтірумен кәсіпорынның (ұйымның) қызметін тиімді ететуге бағытталған негізгі жасалынған ұсыныстарды көрсету қажет. Бұл тараудың ерекшелігі тәжірбиелік қолданылуында және дипломдық жұмыстағы автордың рекомендациялары мен ұсыныстарын қолданудағы шынайылығы болып табылады.

Қорытынды студенттіңзерттеу жүргізу барысында алынғантеориялық және практикалық сипаттағы негізгі нәтижелерді енгізуі керек, сонымен қатар зерттеу нәтижелері бойынша қысқа қорытынды, қойылған мәселелердің толықтығын бағалау, зерттелген зерттеу объектісі бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет. Негізгі қорытындылар әрбір тараудың соңында берілуі мүмкін, бірақ маңызды қорытындылар мен нәтижелер көрсетілуі керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі дипломдық жұмысты жазуда қолданылған әдебиеттер туралы ақпараттарды көрсетіп, осы Ереже талаптарына сай рәсімделуі керек және олардың саны 40-тан кем болмауы керек.

Қосымшаларда жанама маңызды және аралық формулалар мен есептер, кестелер, ережелер, әдістемелер, есепті шешу алгоритмдерін сипаттау, статистикалық, салықтың есептемелерінен және т.б. тұратын мәліметтер келтіріледі, жұмыстың мәтіні барысында оларға сілтемелер беріледі.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын салаға қатысты түсінікті терминдер және анықтамаларды қолданған жөн. Анықтамалар қысқа, әрі нақты болуы тиіс.

Дипломдық жұмысты ғылыми тілде жазу керек. Ғылыми тілдің стилі – тұлғасыз монолог, мазмұндама үшінші жақтан жазылады, авторлық «мен» қолданылмайды.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 6259 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...