Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Практикалық сабақ жоспары



Тақырыбы: Белдемшеге қажеттіөлшем алу.

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері.

Білімділік: оқушылардың бұйым сызбасын құруға арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамассыз ету, тік белдемше негізінің өлшем, сызбасын жаңа технологиямен есептей білуге үйрету.

Өлшем алу біліктерін жетілдіру, киімнің иықтық тобының өлшемін анықтауды, сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету.

Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңістік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау.

Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.

Оқыту әдістері: - көрнекілікті

Ауызша баяндау

Практикалық

Ізденушілік

Көрнекі құралдар мен жабдықтар: сантиметірлік таспа, белдік бау, оқулық, жұмыс дәптері, бор, қайшы, сызғыштар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастырушы кезең

а) сабақ басталмас бұрын оқушылардың жұмыс орнын тексеру; оқушылардың сырт көрінісін тексеру(арнайы киімін); журнал бойынша оқушыларды түгендеу.
б) керекті жабдықтар мен нұсқаулық карталарды беру.

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

Маталардың қандай қасиеттері гигиеналыққа жатады?

Тігін машина бөлшектерін ата.

Енгізетін нұсқаулық
а) сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
б) оқушылармен техника қауіпсіздігін қайталау.
в) дәрісті бекіту (ауызша түрінде)
● Тігістердің түрлері мен белгіленулері.
● Бұйымның алғашқы өңделуіндегі ЫЖӨ операциясы
● Белдемшелі киімдердің түрлері
● Белдемшелі киімнің жоғарғы қиығындағы өңделу принциптері.

Сабақтың негізгі бөлігі бұйым дайындауға қажетті өлшем алуға арналады. Дайын бұйымның сыртқы түрі, сапасы өлшемді дұрыс (дәл) алуға байланысты болатындығына аса көңіл аударту қажет.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 745 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...