Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Колледжде техник-модельер –конструктордың құзыреттілігін дамыту әдіс-тәсілдері, әдістемелік жүйесінің ерекшелігі



Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру мәселесінің орны ерекше. Себебі, жалаң «білімдер, іскерліктер және дағдылар» қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сәйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы оның аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-әрекетіне дайындығының қалыптасуымен тығыз байланысты.

«Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нәрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нәрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады.

Жобалау мәселесіне қатысты жасалған теориялық талдауларға сүйене отырып, педагогикалық жобалаудың белгілі бір жағдайларда педагогикалық процесті жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет екенін көруге болады, ал оның мазмұндық компоненттері мақсат қою іс-әрекеті; үлгілеу іс-әрекеті; жоспарлау іс-әрекеті; ұйымдастыру іс-әрекеті; мониторингілеу және реттеу іс-әрекеті; рефлексия іс-әрекеті болып табылады.

Жобалау іс-әрекетіне дайын оқытушы тек қана оқу процесін сауатты жоспарлап және өткізіп қоймай, сонымен бірге білім алушылардың жобалау құзыреттілігін дамытуға қажетті жағдай жасайды. Осыдан келіп «Әйелдер костюмін (блузка және белдемше) дайындауда және жобалауда болашақ кәсіптік педагогтарының техникалық құзыреттілігін қалыптастыру» бұл «педагогикалық жүйені, объектіні немесе моделді құру (жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі кәсіптік міндеттерді жүзеге асыруға қажет білімдер мен іскерліктерді меңгерту» деген анықтама беруге болады. Ал оның түпкі нәтижесі – жобалау құзыреттілігін қалыптасқандығы болып табылады. Жобалау құзыреттілігі – бұл кез келген салада (кәсіби, ғылыми, әлеуметтік, т.б.) жобалау іс-әрекетін іске асыру үшін қажет білімдер, іскерліктер және тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Сондықтан, болашақ мамандарды даярлауды қарастыруда құзыреттілік тұрғының орны ерекше екендігі дау тудырмайды.

Ғылыми зерттеулерді талдау негізінде құзыреттілік тұрғының ерекшелігі – ол тұлғаның алынған білімдерді, іскерліктерді, іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін пайдалану қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, үздіксіз тұлғалық өзіндік жетілуін байқататындығында екенін көруге болады. Педагог мамандығы бір уақытта өзгертуші және басқарушы мамандық болып табылады. Ал тұлға дамуы процесін басқару үшін құзыретті болу керек. Ал құзыреттілік тұрғының мақсаты – толыққанды кәсіби, өндірістік-технологиялық, ғылыми-әдістемелік, зерттеушілік, т.б. іс-әрекетке даяр бәсекеге қабілетті маман тұлғасын кәсіби қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның міндеттері – біріншіден, болашақ маманда өзінің кәсіби білімі мен кәсіби іс-әрекетіне құндылықтық қатынас қалыптастыру; екіншіден, оның тұлғасының кәсіби әлеуетін арттыру; үшіншіден, қоғамдық өмірде маманның толық өзіндік тұлғалық қасиеттерін көрсетуге даярлау.

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру»» пәні сабағында жобалау әдісін қолдану:
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.

«Жобалау» ұғымы білім беру саласына кейінгі жылдарда біртұтас әдістемелік мәселелерді шешу мақсатында ендіріле бастады. Жобалау «терминологиялық кеңістіктегі» дәстүрлі категорияларды қайта қарауды және олардың өзара әрекеттестігін айқындау мәселелерін шешуді көздейді. Педагогикалық жобалауды кәсіби қызмет түрі ретінде қарастырған педагогзерттеушілер: В.Безруков, В.Беспалько, Н.Борисова, А.Дахин, Г.Ильин, Г.Лебедова т.б. Олардың еңбектерін талдау жасай келе төмендегідей қорытындыға келдік: жоба жеке тұлғаның кәсіби бағыт алуында дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшеленетін құрал ретінде қарастырылады.

Жобалау әдісі туралы айтқанда біз, дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілдерін қарастырамыз, яғни мәселені жан-жақты, бөлшектей қарау және ол өз кезегінде белгілі бір шындыққа жақын, тәжірибелік нәтиже беретін белгілі бір деңгейде рәсімделетін болуы шарт. Жобалау әдісінің негізгі идеясы, оның мәні мен мағынасының өзі «жобалау» ұғымы болып болып табылады. Оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық немесе тәжірибелік мәселелерді шешу арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізу, оны көзбен көру, санада сәулелендіру, көңілге тоқу және оны жүзеге асыру.

Мұғалімдерді, тәрбиешілерін дайындауда біздің көзқарасымызда бұл жобаны тәжірибеде пайдалану тиімді болмақ, өйткені, жобаны жасау үдерісінде мамандар алға қойған мақсат, міндеттерге сәйкес өз еңбегінің нәтижесін көре алады.

Өзінің сыртқы формасына сәйкес жобалау, бір жағынан жағдаяттарды шешуді еске түсіреді, оның қажетті атрибуттары, қарама- қайшылықтаоры, іс- әрекетке бағытталу негіздерінің жеткіліксіздігі, ақпараттар, жағдаяттар туралы тұтас көзқарас, ал екінші жағынан-мәселені шешу арқылы оны жою мақсаты көзделеді. Жобалау әдісінде ең маңыздысы – жеке тұлғаның алдына қойылған мәселе кәсіби жағынан маңызды болып табылады. Осылайша, жобаны құружағдаяттардың туындау сипаттамасы тек қанаобъективті мәселе емес, педагогикалық қызметтің субьектісі үшін осы мәселеге сәйкес сол фактыны таба білуімен маңызды. Сонымен қатар, жобаны дайында, оны елдің алдында қорғау, яғни өзіңнің негізгі мәселеңе басқаларды да тарта білу қажет.

Жоғары мектеп студенттерімен жүргізілген жобалау жұмыстарында олар: біріншіден, өздерінің ынта-ықыласымен, алған білім, білік дағдыларын өз іс-әрекетінде пайдалана білуге ұмтылса, екіншіден, болашақ мамандықтарына қызмететуге және жаңа идеялармен бағыт– бағдар алуғажұмсайтындықтарын көрсетті. Жалпы студенттермен жұмыс жасауда оларды үш топқа бөлдік:

1.Жобаға (формальді түрде) құлықсыз қатысып, алдын-ала берілген алгоритм үлгі бойынша тапсырманы орындауға қатысушылар. Өзіс-әрекетіне рефлексия жасамайтындар. («керек, бірақ керек емес», «істей алмаймын»).

2.Ұсынылғаншығармаларды ынта – ықыласымен орындап өз ойын, көзқарасын дәлелдеп, жобаны жасауға белсенді түрде атсалысып, бірақ кейбір кәсіби шеберліктерінің жеткіліксіздігіне байланысты қиындықтарға кезедсетін адамдар. «керек, жасағым келеді бірақ қолымнан келмейді».

3.Өздерінің іс-тәжірибелерін шынай байытқысы келетін, өз көзқарастарынқайта қарауды, басқа адамдардың пікірлерімен санасатын Танымдық және кәсіби жағдаяттардан шығатын «керек, істегім келеді және жасай аламын». Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны студенттің өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін студент мұғалімніңкөмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше студент бірлесіп орындаса, әр студенттің үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын мұғалімдер алдында қорғайды. Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.

Жобалау әдістемесініңталабы:

1.Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.

2.Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады

3.Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады

4.Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже

5.Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.

Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы


Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а)берілген бұйым кімге арналған
б)арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4) Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту
Сызбаны және технологиялық картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық жобаның «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы студенттің ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда студенттер өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті. Қолданбалы экономика мақсаттары:
- жеке меншік, баға белгілеу және бәсеке жүйесіне көп көңіл бөлу
- экономикалық заңдардың іскерлік шешімдерге әсерін анықтау:
- нарықтық экономикадағы үкімет ролін көрсету
- кәсіпкер мен тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін студенттердің түсінісуіне көмектесу
- мамандықты, сонымен қатар жеке экономика мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін ұсынады. Олар:
- оқу, хат және базалық білім
- Графиктер мен таблицаларды түсіну
- Алынған мәліметтерді зерттеу және талдау
- Кішігірім топтарда жұмыс істеу және оларды басқару және т. б.
Шығармашылық жобаны рәсімдеу:
1. Бастапқы бет
2. Мақсаты, міндеті, болжамы, күтілетін нәтижесі
3. Шығу тарихы
4. Жалпы эскизі
5. Нұсқау карта
6. Қажетті құрал-жабдықтар
7. Құны

Нақты тақырып төңірегінде студенттің алдында әр кезеңде мақсатқа қол жеткізудегі ұмтылыс нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер.

- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын студенттер санының өсуі.

-студентті шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі.

- Ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы.

Жобалау технологиясының негізінде – студенттердің жұппен бірігіп немесе әр студент өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау және жоба жұмысының кезеңдері. Тірек сызба,жоба,практикалық,теориялық бұйым,түсіндірме парақтары

Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту –остуденттердің туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелу керек:

- Мұғалім мен студент арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады.

- Студенттерді ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.
Студенттерді еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде ауадай қажет. Студенттердің қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы студенттердің сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.

Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері.

Дамудың жаңа сатысында бағыт алған колледждің ең негізі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жалпы пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі бойынша трек-конспект, диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Студенттер әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады.

1-кезең: Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау.
2-кезең:Ойын кезеңі

3-кезең:Қорытындылау

Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет. Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.

Модульдік оқыту технологиясы.

Тігін бұйымдарын модельдеу. Модульдік оқыту технологиясы -студентпен мұғалім қарым-қатынасына теңдік жағдай жасап, студенттерді қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баулап, алып кету..
Қорыта айтқанда, сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл әдістерімен жүргізу тиімді, яғни сабақты бір тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты технологиялық әдістері пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсілімен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенемін.(3)

Білім берудің оң нәтижесін, өнімін көру, одан ләззат алу – әрбір педагогтың қуанышы.

Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жуйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгей, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені кәсіби даярлықта педагогке қажетті кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген оқытушы, студентті оқытуда, білім алу нәтижесіндегі құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз. Ағартушы – ғалым А. Байтұрсыновтың: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» - деген екен.

Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні бойынша оқу құжаттарын даярлау, сабақты өткізу әдістемесі және студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру»» пәнін ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ, сабақтың құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Сабақтың құрылысы алдына қойған мақсатына, оқу бағдарламасының мазмұныны, оқытудың типіне, әдіс-тәсілдеріне, студенттердің жас шамасына байланысты. Сабақ ұрылысына мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты да әсер етеді.

Сабақ құрылысының негізгі элементтері:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Мақсатын белгілеу.

3.Үй жұмысын тексеру және оқушылардың білімін бағалау.

4.Жаңа материалды беру және оқушылардың дербес жұмысы.

5.Жаңа материалды бекіту.

6.Үй тапсырмасын түсіндіру.

7.Сабақтың қортындысы.

Сабақтың құрылымын анықтауда маңызды саналатын 3 түрлі

дидактикалық міндеттер бар.

1.Оқушылырдың бар біліміне сүйену және белсенді ету;

2.Жаңа түсінікті және іс-әрекет тәсілдерін игерту.

3.Ақыл-ой және практикалық іс-әрекетінің дағдысы мен іскерлігін

қалыптастыру.

Дәстүрлі сабақ құрылысының айтарлықтай кемшіліктері бар:

А) оқушылардың танымдық әрекетінің мүмкіндіктерін, толық ескермеуі, педагогтың ғана белсенді әрекетіне сүйенеді

Ә) Оқушылардың белсенді шығармашылық әрекетін дамытуға мүмкіндік

жасамағандықтан, олардың ақыл-ойын дамытуды қамтамасыз ете алмайды.

Б) Уақыт жағынан шектеулі болғандықтан оқушылардың танымдық іс-

әрекетін басқаруға мүмкіндік бермейді.

Ал, сабақтың құрылысы мұғалімнің ғана еместуденттердің іс-әрекетін қамтамасыз етуі керек.

Бүгінгі күннің талабына сай сабақ құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі, сабақтың мақсаты.

2.Бұрынғы білімін тексеру, жетілдіру, бекіту, сұрау, жаттығу, тапсырмаларды

орындау.

3.Жаңа білімді хабарлау және оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру

(проблемалық сұрақтар, жаппай жеке тапсырмалар, тәжірибе жұмыстарын

жасау).

4.Оқушылардың дербес жұмыстарын ұйымдастыру арқылы алған білімдерін бекіту, іскерлік-дағдыларын қалыптастыру, тапсырмаларды орындауға бағыт беру (еңбек түріне сәйкес көрсету, түсіндіру, тапсырмаларды дербес орындау, шығармашылықпен өз үлесін қосуға бағыт беру).

5.Оқушылырдың еңбек іс-әрекетіне бейімділігін тексеру.

6.Үй тапсырмасы және қортынды.

Мұғалім сабақтың құрылысы арқылы оқушылардың жоғары белсенділігін

бүкіл сабақ бойы қамтамасыз етіп, дербес әрекет етуін ұйымдастыруғаміндетті.

Мұғалім - сабақтағы басты тұлға, өйткені студентке жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра пайдаланып,студенттердің танымдық әрекетіне мақсат көздей басшылық етеді.

Бұл жөнінде Ахмет Байтұрсынов: «Мектепке бірінші керегі-мұғалім, екінші-оқыту ісіне керек құралдар, үшінші бағдарлама және оқулықтар керек»-деп дөп басып айтқан, өйткені оқыту ісінің сапасы осы- 3 қажеттілікке байланысты. Әсіресе мұғалім бағдарламаны, оқыту құралдарын, оқулықтарды, әдіс-тәсілдерді пайдаланып студенттерді біліммен қаруландырады. Олай болса, оқу тәрбие ісінің табысты, білімінің берік болуы мұғалімнің сабаққа ыждағатты дайындығына байланысты.

Сабаққа дайындықтың мазмұны:

1.Сабақ жүйесін жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.

2.Жеке сабақтарды жоспарлау.

3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау.

4.Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.

5.Сабақтың мазмұнын анықтап, берілетін теориялық білімді таңдау.

6.Оқыту жұмыстарының әдістерін белгілеу.

7.Сабаққа қажетті оқу құралдары мен көрнекі және техникалық құралдарды

дайындау.

8.Сабақ кезеңдеріне байланысты жұмыс түрлеріне (кітаппен жұмыс) уақытты

бөлу.

9.Бекіту жаттығуларын дайындау.

10.Білімін тексеру мен бағалау әдістерін анықтау.

11.Үй тапсырмасын түсіндіру және орындау жолдарын көрсету.

12. Сабақтың жоспар-конспектісін жасау. (студенттер үшін)

Сабаққа қойылатын талаптар:

А) Дидактикалық талаптың ескерілуі: сабақтың тақырыбы, мақсаты,

мазмұнының бағдарламаға сәйкестігі, игерілетін іскерлік дағдыларының

айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу.

Ә)Дамытушылық талаптың ескерілуі: дамытушылық мақсаттың айқындығы,

танымдық қызығушылығының бастамашылдығы, өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік дағдысын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту.

Б) Тәрбиелік талаптаң ескерілуі: тәрбиелік мақсаттың нақтылығы, білім мазмұны арқылы көзқарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру.

В) Гигиеналық талаптың ескерілуі.

Г) Психологиялық талаптың ескерілуі.

Д) Ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі.

Ол 2 кезеңнен тұрады:

1 кезеңі: Сабаққа алдын-ала дайындық. Күнтүзбелік жоспар, негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік және көркем шығармалар, педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.

2 кезеңі: Пән бойынша тақырыптың сабақ жоспарын жазу. Онда сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау, әдіс-тәсілдерін таңдау, сабақтың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды ескеру. Әдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың әдіс-тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғанастуденттердің білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді.

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру» сабағының негізгі талаптары

2. Студенттердітігу технологиясы еңбек мәдениетіне тәрбиелеу, өзінің жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыра білу.

3. Сабақта студенттердің ой-өрістерін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарынқалыптастыру, сұлулыққа әуестік сезімін ояту

4.Колледж студенттері келесі білім мен машықтарды меңгерулер қажет: киімді құрастыру негізінің білімдері студенттерге «Компьютерлік конструкциялау» пәнін меңгеруге. Сабақтар барысында құрастырушылық, шеберліктерін, іскерлік қабілеттерін арттыруға, теориялық білімдер мен тәжірибелік машықтар студенттерге дәрежеленген маман болып шығуына көмек береді.

5. киімді конструкциялау, киім дайындау тәртібі және реті, тігін өндірісінің технологиясы. студенттер тігін өндірісінің кез-келген ассортимент түрін құрастыруды, графикалық құрастру элементін қодануды таңдалған әдістеме бойынша құрастыруды меңгеру керек.

Бұл аталған «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» сабағының негізгі 5 талабы күнделікті сабақ барысында сабақтың тақырыбына, сабақтың мақсатына байланысты болып мұғалімнің үнемі жадында сақталуы тиіс.

Жоғарыда атап өтілген талаптар негізінде «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні бойынша әйелдер белдік бұйымы белдемшені құрастырубарысында құзыреттілігін қалыптастыруәдістемесі жасалынды. Бұл әдістеме пәннің мақсаты, міндеті, пәнге қойлатын талаптардан, пән көлемі және оның түрлерінен, күнтізбелік-тақырыптық жоспардан, сабақ жоспарынан тұрады. Енді осы бөлімдерге тоқталып өтсек.

Пәннің оқу мақсаты: «Киім дизайны» болашақ мамандары «Киімді құрастыру» пәнінен студенттердің теориялық және тәжірибелік білімінің деңгейін білу керек. Сонымен қатар:

- озық, қазіргі құрастыру әдістерін меңгеру үшін және киімнің сапасын қалыптасуы үшін жүйелі талдау, техникалық құзыреттілікті қалыптастыру,

- тігін бұйымдардын конструкциясының параметрлерін қолайлату,

- оқу стандарттарына сәйкес киімнің жаңа модельдерін жасау кезінде кәзіргі киім АЖЖ-де орындауға болатын мүмкіндігімен жоба жұмыстарын орындау әдістері негізінде, тәжірибелік дағды алуға қамтамасыз етеді.

Пәннің міндеті: «Киімді конструкциялау» пәні бойынша колледж студенттері келесі білім мен машықтарды меңгерулер қажет: киімді құрастыру негізінің білімдері студенттерге «Компьютерлік конструкциялау» пәнін меңгеруге көмектеседі. Теориялық білімдер мен тәжірибелік машықтар студенттерге дәрежеленген маман болып шығуына көмек береді.

«Киім құрастыру» пәні бойынша бағдарлама 2 семестрлік оқу циклына жасалған. Емтихан түрiндегi аралық аттестаттау және бiр емтиханның өткiзуi ескерiлген. Пән көлемі және оқу жұмысының түрлері,сабақ жоспарының жұмыс түріне байланысты сағаттарға бөлінуі кестеде корсетілген.

2.5.1-кесте — Пән сағаттарының бөлінуі

Оку жұмысының түрі Барлығы (сағ.) Семестр
   
Жалпы енбексыйымдылық      
Аудиторлық дәрістер      
Лекция      
Зертханалық жұмыстар      
Қорытынды бақылау - емтих көрсетілім

2.5.2-кесте - Күнтізбелік - Тақырыптық жоспар

Тақырып бөлімі Сағаттар саны Жұмыс түрі Оқушыларға арналған тапсырма Көрнек қүралдар ТСО Дербес жұмыс түрі (үй тапсырма) Әдебиет
               
  6 Семестр            
  2-бөлім Әйелдер киімдерін құрастыру   Дәріс   Киімнің қызметі.   Дәріс кешені, плакаттар Лекция конспектісін қайталау А.3 5-15 бет
  Әйелдер белдік бұйымдарының ассортименттері   Дәріс Конспект жазу Плакаттар, үлгілер   Белдік бұйымдар ассортиментіне үлгілері А.3 33-40, 66-72бет
  Белдемше құрастыру.   Дәріс Конспект жазу Үлгілер, сән журналы БК торын құрасты ру А.3 88-93 бет
  Әйелдер иық бұйымдарының базалық торын құру.   №4 Зертханалық жұмыс Блузканы құрастыру БК сызбасы Плакаттар, үлгілер   БК сызбасын аяқтау, модель таңдау А.3 97- 103 бет
  Әйелдер иық бұйымдары модельдік сызбасында болшектері   Зертханалық жұмыс МК сызбасын сызу Үлгілер, сән журналыплакат, Блузканың лекалосын түсіру А.3 97- 103 бет

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру»» пәні бойынша әйелдер белдік бұйымы белдемшені құрастыру негізінде жасалынған сабақ жоспары, дәріс кешені және сабақтағы практикалық жұмысы төмендегідей.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1454 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.025 с)...