Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Колледж студенттерінің құзыреттілігін қалыптастыру іс-әрекетіне даярлауы бойынша теориялық- тәжірибиелік әдістемесі



Кез келген оқу орындарындағы әдістемелік қызметтің соңғы нәтижесі

пән мұғалімдерінің іс-әрекетінің жемісінен байқалады. Әдіс-тәсіл ­(гректің methodos ­ зерттеу, білу сөздерінен шыққан) әлдебір мәселені шешуде пайдаланатын практикалық немесе теориялық операциялар мен амалдардың жиынтығы. Педагогика саласында оқу-­тәрбие жұмысында пайдаланылатын әдістемелерді құрастыру аса маңызды орын алады Сол сияқты «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні әдістемелік қызметі де педагогтің өз әлеуетін толық жүзеге асыра алатындай жағдай жасауы қажет. Сонда ғана пән мұғалімдерінің соңғы нәтижесі төмендегідей болады:

- мұғалімнің педагогикалық шеберлігі артады.

- мұғалім аттестацияда өз біліктілігін неғұрлым жоғары көтере алады.

- білім беру процесінің сапасы жоғарылайды.

- инновациялық идеялар мен технологиялар саны көбейеді.

- авторлық шығармашылық бағдарламалар саны артады.

- мұғалімдердің ұжымда ынтымақтастықпен нәтижелі жұмыс жасау қабілеті

артады.

- ұжымда педагогикалық іске қызығушылық пен шығармашылықпен жұмыс

жасауға ұмтылыс байқалады.

Өз білімін жетілдіруге деген қажеттіліктің үнемі байқалады.

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәнінің әдістемелік қызметі негізгі төрт бағытты қамтиды.

Атап айтсақ, аналитикалық іс-әрекет, ақпараттық іс-әрекет,

ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-әрекет, кеңес беру іс-әрекеті. Әрбір

бағыттағы іс-әрекет міндеттерін қарастырайық.

Аналитикалық іс-әрекет:

- білім беру жүйесіндегі технология пәні мұғалімдерінің кәсіби және

ақпараттық қажеттіліктерінің мониторингісі;

- тұрғылықты жер бойынша (аудан, қала, облыс) білім беру мекемелерінің

пән мұғалімдері туралы мәліметтер базасын құру;

- білім беру мекемесінің технология пәні мұғалімдерінің біліктілігін

арттырудағы әдістемелік жұмыстарының жағдайы мен нәтижесін талдау, оны

жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау;

- пән мұғалімдерінің білім беру процесіндегі дидактикалық және

әдістемелік сипаттағы қиындықтарын анықтау;

- тұрғылықты жер бойынша (аудан, қала, облыс) білім беру мекемелерінің

пән мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі туралы

ақпарат жинау және өңдеу;

- тұрғылықты жер бойынша (аудан, қала, облыс) білім беру мекемелерінің пәні мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу, насихаттау, тарату.

Ақпараттық іс-әрекет:

- нормативті-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, жалпы педагогикалық ақпарат қорын қалыптастыру;

- пәні мұғалімдерін кәсіби, педагогикалық, психологиялық,

әдістемелік, ғылымиәдебиеттермен таныстыру. Әдебиеттерге шолу қағазжәне электрондық түрде болуы мүмкін;

- білім беру мекемелерінің педагогикалық және әкімшіліктегі қызметкерлерін пәнінің мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеттері мен озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу, насихаттау, таратуға тарту;

- білім беру мекемелеріндегі пән мұғалімдеріне мектепке дейінгі тәрбие, жалпы, арнаулы білім және қосымша білімдегі балалардың дамуы, сонымен қатар, білім беру бағдарламалары, жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, үн және бейне материалдар, ұсыныстар, нормитивті актілер мазмұнының жаңа бағыттары туралы ақпарат беру;

- пәнге қажетті заманауи оқу-әдістемелік материалдардың медиатекасын құру, ақпарттық-библиографиялық әрекетті жүзеге асыру.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-әрекет:

-пән мұғалімі біліктілігіне ие болған жас мамандарға оқу-тәрбие

процесінің өн бойында, сонымен қатар барлық мамандарға аттестациядан өту

кезінде әдістемелік қолдау көрсету;

- білім беру мекемелеріндегі пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жобалау, жоспарлау, ұйымдастыру және оларға үздіксіз білім беру жүйесінде ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;

- білім беру мекемелеріндегіпән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастыру;

-пәні бойынша білім беру стандарттарының мазмұнын жасауға қатысу;

- жалпы білім беру мекемелерінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру аясында элективті курстар ұйымдастыру;

-пәні мұғалімдерінің білім беру мекемелерінің даму бағдарламаларын дайындауға қатысу;

- білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды әдістемелік қолдау;

- білім беру мекемесінде пән бойынша оқулықтар, оқу-

әдістемелік әдебиеттер қорын жинақтауды қамтамасыз ету;

- білім беру мекемелерінің педагогикалық және әкімшіліктегі

қызметкерлердің қатысуымен пән мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеттері мен озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу, насихаттау, тарату мақсатында семинар, практикумдар, басқа да шаралар өткізу үшін тірек мектептер, мектепке дейінгі мекемелерді анықтау;

- пән мұғалімдерініңғылыми-практикалық конференциясын,

педагогикалық оқуларын, кәсіби шеберлік сайыстарын ұйымдастыру және өткізу;

- білім беру мекемелерінің студенттерінің «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәндік олимпиадалар, көрмелер, фестивальдар, сайыстар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

- технология пәнінің мұғалімінің әдістемелік әрекетін білім беру

басқармасының және қосымша кәсіби (педагогикалық) білім беру

мекемелерінің сәйкес бөлімімен үйлестіру;

- өндірістегі инновациялық технологияларды жетік білу мақсатында

кәсіпорындарда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Әдіс – бұл жол, шындыққа жақындау тәсілі. Оқыту мен тәрбиелеу әдістері білім беру мақсатына жету бойынша әрекеттің реттелген тәсілі болады. Форма - мазмұнның ішкі ұйымдастырылуы, технологиялық процестің циклдарының конструкциясы.

Әдістемелік кеңестерде қолданылатын негізгі әдістер:

- сөздік әдістер (дәріс, әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу, пікірталас, кітаппен жұмыс);

- көрнекілік әдістер (салынған көрнекілік, фото-, кино-, телематериалдарды көрсету, компьютерлік құралдар);

- практикалық әдістер(мұғалімдердің әрекеттері, түрлі жағдаяттарды модельдеу, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдердің практикалық әрекеттерін бақылау). /Гол/

Сонымен қатар, түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті және продуктивті, ізденістік, зерттеушілік және шығармашылық әдістер де қолданылады.

Түрлі әдістер мен тәсілдер, формаларды қолданылуына байланысты өткізіліп жүрген әдістемелік кеңестерді үш топқа бөлуге болады:

- дәстүрлі (өктемдік, догматикалық);

- заманауи қарқындарылған (жетілдірілген, түрлендірілген);

- дәстүрлі емес (балама).

Дәстүрлі әдістемелік кеңестер (баяндама жасау негізінде) сөздікәдістердің басым қолдануылуымен, мазмұнның дәстүрлі сипатымен,әкімшіліктіңмұғалімдерменөктемдік стильде қарым-қатынас жасауымен ерекшеленеді.

Дәстүрлі әдістемелік кеңестің заманауи қарқындандырылған формасы семинар-практикум болып табылады.

Семинар мұғалімдердің біліктілігін артыру үшін қолданылады.Семинарда қарастырылатын мәселелер алдын-ала айтылады да мұғалімдер қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады. Семинарға қатысушылардың барлығы да мәселелерді белсенді талқылаулары қажет.Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдердің әрекеттерін қарқындататын формалар қолданылуы мүмкін. Ондай формаларға ашық сабақ немесе шара, сабақ пен шаралардың модельдерін көрсету, бейне материалдарды қолдану, білім беру процесінің нәтижелері мен балалар әрекетінің нәтижелерін мазмұндау. Соңғы уақытта кеңінен тараған дәстүрлі емес әдістемелік кеңестердіңнегізгі формалары ұжымдық шығармашылық іс формасындағы іскерлік ойын, «дөңгелек үстел», пікірталас, пікірсайыс, конференция, шығармашылық есеп, презентация, аукцион, фестиваль.

ҰШІ (ұжымдық шығармашылық іс) формасындағы әдістемелік кеңес алға қойылған мақсатқа жету үшін барлықмұғалімдердің ынтымақтастық әрекеттері қажет. Ұжымдық шығармашылық іс теориялық және практикалық мәселелерді іздестіруге белсендіру және жаңаша сонылы шешу үшін қолданылады. Ұжымдықшығармашылық іс формасында жүргізілетін әдістемелік кеңестердің тиімді жақтары біршама. Атап айқанда:

- бүкіл ұжымның бірігіп күш салуын талап ететін бірыңғай мақсаттарды саналы түсіну;

- еңбекті бөлісу (әрекет процесінде ұжым мүшелерінің арасында өзара тәуелділік қарым-қатынасы пайда болады);

- өзара бақылауды жүзеге асыру;

- тақырыпқа қызығушылықтың алғышарты ретінде әріптестердің іскерлік қарым-қатынасы.

Әдістемелік кеңес-презентация жаңа бағдарламалар, оқулықтар, оқу кабинеттері, әдістемелікәдебиеттерді ресми түрде таныстыру үшін қолданылады. Әдістемелік кеңес-сайыстың мақсаты – педагогикалық ұжымдағы

шеберлік сайыстарының қорытындысын шығару.Әдістемелік кеңес-конференция мектеп педагогтерінің белсенді қатысуыменбелгілі бір тақырыпты талқылау. Нәтижесіндепедагогикалық ұжымның мүшелері өзара шығармашылық тәжірибелік алмасады.Әдістемелік кеңес-аукцион белгілі бір мәселені шешу үшін көптеген идеяларды (әдістемелерді, әдістемелік тәсілдерді) қарастырады. Мұғалімдер неғұрлым тиімді идеяларды «сатып алады». Әдістемелік кеңес-аукцион «жобаны қорғау» түрінде өткізу мұғалімдердің бастамаларын, шығармашылығын, қайталанбас тәжірибе (форма, тәсіл) көрсетуді, өздерінің оқыту бағдарламаларын қолдайды. Аукционды дұрыс ұйымдастыру маңызды. Әдістемелік кеңес-аукционға қатысушыларды мүмкіндігінше бір-бірін көріп отыра алатындай орналастырған дұрыс. Қатысушыларды осылайша үшбұрыштап отырғызу неғұрлым көп қатысушыларды орналастыруға және жетекшілердің орнының бөлек болуына (комиссия, әділқазылар алқасы) ыңғайлы.

Әдістемелік кеңес-фестиваль түрліше көркемделіп, рәсімделген оқытудың формасы, әдістері, тәсілдері, құралдарын көрсететін кең көлемді қоғамдық шара болып табылады.

Әдістемелік кеңес-іскерлік ойын – әрбір қатысушыға жеке рөл бөлініп оқытатын форма. Іскерлік ойын адамдардың өзара қарым-қатынастарының күрделі мәселелерін талдауға және шешуге үйретеді. Бұл мәселелерді талқылау кезінде қатысушылардың өзара қарым-қатынастары, дауыс ырғақтары, ым-ишаралары, интонациялары маңызды. Іскерлік ойындардың бір формасы – «миға шабуыл».

Сабақта студенттер өздерінің іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамытады.Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.

Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.

- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану.
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т.б.

Әрбір оқу орны өз мұғалімдерінің әлеуетіне байланысты әдістемелік кеңесті түрлендіріп өткізе алады.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 748 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...