Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпорын басқарудың арнайы саласы ретінде қаржылық тәуекелді басқару қызметі тобында негізгі болып қандай топ саналады?



Кəсіпорынның қаржылық тəуекелдігі меншік иелерінің немесе менеджерлердің оның жүзеге асуының белгісіздік жағдайлары салдарынан болатын экономикалық зиян (қаржылық шығын) тию ықтималдығы жағдайында қаржылық қызметтің мақсатты нəтижесіне қол жеткізуге бағытталған баламалы қаржылық шешімі нəтижесін сипаттайды.

Кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін басқару қаржылық тəуекелдердің алуан түрлерінің жан-жақты бағалануын жəне олардың ықтималды теріс қаржылық салдарының бейтараптануын қамтамасыз ететін тəуекелді қаржы шешімдерін əзірлеу жəне жүзеге асырудың қағидалары мен əдістері жүйесін сипаттайды.

Қаржы тəуекелдерін басқару өзінің басты мақсатын белгілі бір қызметтерді жүзеге асыру жолымен іске асырады. Бұл қызметтер тəуекел менеджментінің кешендік мазмұнымен анықталатын екі негізгі топтарға бөлінеді: 1) басқарушы жүйе ретіндегі кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін басқару қызметтері (бұл қызметтердің мазмұны оның ерекшелігін ескеру керек болғанымен, тұтастай алғанда менеджменттің кез келген түріне тəн); 2) қаржылық тəуекелді басқарудағы кəсіпорынды басқарудың арнайы саласының қызметтері (бұл қызметтердің мазмұны басқарудың аталмыш функционалды жүйесінің нақты нысанымен анықталады).

Кəсіпорынды басқарудың арнайы саласы ретіндегі қаржылық тəуекелді басқару қызметінің тобында төмендегілер негізгі болып саналады: 1. ,абылданатын _аржы тəуекелдері қоржынын қалыптастыруды басқару. Мұндай басқарудың қызметтері көсіпорынның алдағы қаржылық қызметімен байланысты кəсіпорынның ықтималды қаржы тəуекелдерін сəйкестендіру; шектен тыс тəуекелді қаржы операциялары мен мəмілелерден бас тарту арқылы жекелеген қаржы тəуекелдерінің алдын-алу; кəсіпорын тарапынан қабылданатын жүйелік жəне жүйелік емес қаржы тəуекелдерінің нақты құрамын анықтау. 2. ,Қаржы тəуекелдері деңгейі мен құнынбағалауды басқару. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында қолда бар ақпараттық база мен кəсіпорын тəуекел менеджерлерінің біліктілігін ескере отырып, жекелеген қаржы тəуекелдерін əдістерін таңдау жүзеге асады, жекелеген операциялар ауқымы мен тұтастай қаржылық қызмет бойынша олармен байланысты қаржы шығынының ықтималды көлемі анықталады.3. Кəсіпорын аясында қаржылық тəуекел салдарыны_ңықтималды теріс салдарын бейтараптандыруды басқару. Бұл басқарудың қызметтері сəйкес ішкі тетіктер есебінен жекелеген қаржы тəуекелдерінің деңгейі мен құнын алдын-алу жəне барынша төмендету бойынша іс-шаралар əзірлеп, жүзеге асыру, мұндай іс-шараларды жүзеге асыру тиімділігін бағалау болып табылады. 4. қаржы тəуекелдерін сақтандыруды басқару. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында кəсіпорынның қаржы тəуекелдерін сақтандыру компанияларына беру критерийлері қалыптасады, сақтандыру нарығындағы сақтандыру компанияларының мамандануы мен рейтингісін ескере отырып, сəйкес сақтандыру компаниясын серіктестікке таңдау жүзеге асырылады, жасалатын сақтандыру келісімінің шарттар жүйесі келісіледі, кəсіпорынның жекелеген қаржы тəуекелдерін ішкі сақтандырушыға бер тиімділігі бағаланады.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1713 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...