Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндірістік практиканың мазмұны, жақтардың міндеттері



Өндірістік практиканы жүргізу мерзімі оқу жоспары мен графигіне сәйкес қойылады.

Өндірістік практика кәсіпорын мен бизнесті ұйымдастыру үшін қазіргі ақпараттық технологияларды пайдаланатын ірі, орташа және кіші кәсіпорындарда, меншік және мемлекеттік құрылымдарды, банктерде, сақтандыру және инвестициялық компанияларда, ұйымдарда өткізіледі. Практикадан өту орныны студент өзі іздейді. Кәсіпорындарда практика келісім-шарт негізінде жүзеге асады, осыған сәйкес көрсетілген кәсіпорын практикадан өту үшін орын беру керек.

Кәсіпорын мүмкіндіктеріне байланысты студент штаттық кесте бойынша немесе ақпаратты электронды өңдеу сұрақтарымен айналысатын бөлімшелерде дулер болып ақылы қызметте өте алады.

Студенттердің ақылы қызметтерде жұмыс істеуіне де болады, бірақ оларды практиканың барлық программасын орындаудан босатпайды.

Жұмыс орны оның алдына қойылған практика программасының сұрақтарымен студентті толық таныстыруды қамтамасыз ету керек, сонымен қатар есеп жазу үшін материалдар жиыны бойынша оған жеке тапсырмаларды орындауға көмектесу керек.

Практиканың танысу бөлімі өндіріс сипаттамасы және кәсіпорын құрылымы мен онымен басқару, құрылымы мен шешілетін есеп және кәсіпорында ақпаратты өңдеу туралы жалпы көріністі береді. Студентті практикант ретінде жұмыс орнына отырғызған уақыттан бастап, оларға кәсіпорындағы еңбекті қорғау ережесі мен ішкі тәртіп ережесі таратылады, онымен танысу керек.

Практика орын бойынша бөлу және барлық практикамен жетекшілік ету кәсіпорынның нақты бөлімшелері мен қызметтерінде жүзеге асады.

Практиканың бірінші бөлімі студенттің кәсіпорынмен жалпы танысуын, оның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымын, экономикалық ақпараты сипаты мен мазмұнын қарастырады. Жеке тапсырмаларда көрсетілген бөлімшелерде зерттеледі.

Өндірістік практиканы өту кезінде студент мыналарды білуі қажет:

q шаруашылық қызмет субъектісі ретінде өндірістің және мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық жағдайын немесе статусын ұйымдастыруды меңгеру;

q кәсіпорын, мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық жағдайын немесе статусын басқаратын нормативті-заңнамалық актілерін меңгеру;

q мекеме құжаттарын меңгеру;

q кәсіпорын құрылымын меңгеру, қандай функционалды бөлімшелер кәсіпорын құрамына кіреді, олардың әсерлесу және өзара бағыну моделін құру, кәсіпорын құрылымының ары қарай даму мүмкіндігі бойынша нақты ұсыныстар беру.

Екінші бөлім нақты жұмыс орнында жұмыс істеуге, жұмыс істеу тәжірибесін алуға, сонымен қатар жұмыс орнында зерттеу материалдарын өңжеу және есеп құруға арналады.

Төменде өндірістік практиканы өту мерзімінде студенттермен меңгерілетін, өндірілетін типтін сұрақтар теземі мен практика бойынша есепті безендіру келтірілген.

1. Кәсіпорынмен, оның өндірістік, ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымымен, экономикалық сипаттамасымен және кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерімен танысу.

2. Кәсіпорында қолданылатын ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялық құралдарды меңгеру.

3. Кәсіпорында (мекемеде) ақпараттық жүйелер бойынша негізгі жобалық шешімдерді меңгеру.

4. Ақпараттық жүйелерді жобалау, енгізу және эксплуатациялау әдістемесімен танысу.

5. Берілген кәсіпорында ақпаратты жинау, тіркеу және өңдеу технологиясымен меңгеру.

6. Жүйенің ғылыми-техникалық деңгейінің бағасын берумен кәсіпорында ақпараттық жүйе жағдайын меңгеру.

7. Кәсіпорында ақпаратты жүйені ендіру кемшіліктерін, олардың бағасы мен оларды ортану бойынша нақты ұсыныстарды шығару.

8. Ақпараттық жүйе бойынша, сонымен қатар жаңа жүйелерді ендіру бойынша ұсыныстар құру. Нақты жұмыс орындарында жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін алу. Ақпараттық технологиялар құру кезінде информатика облысында жобалау әдістерін пайдалану.

9. Ақпараттық жүйелерді жобалау практикасында жүйе теориясы әдісін пайдалану.

10. Ақпараттық жүйелер мен олардың бағыныңқы жүйелерін жобалау кезінде қазіргі қолданбалы программалар пакетін, программалау тілдерін пайдалану.

Практиканы өту периодына студентке тәжірибелі инженерлі-техникалық немесе инженерлі-экономикалық жұмысшылар санынан өндірістен жетекші тағайындалады. Практика программасының орындалуына жетекші және бақылау кәсіпорыннан практика жетекшісі жүзеге асырады.

Практикамен жетекшілікті жүзеге асыратын кәсіпорыннан практика жетекшісі:

q нақты жұмыс орнында студенттерді жұмысты ұйымдастырумен таныстыруға;

q практиканттар жұмысын тұрақты бақылауды жүзеге асыру, оларға берілген жұмыс орнында барлық тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектесу, өндірістік сұрақтар бойынша кеңес беруге;

q студент-практиканттарды жұмыс істеудің қауіпсіз әдістеріне оқытуға;

q күнделіктерін жүргізуді бақылау, есептің дайындалуы және практика программасының және студенттердің жұмысқа қатынасы туралы, жеке тапсырмалардың орындалуы туралы деректері бар, студент-практиканттарға мінездеме құруға міндетті.

Практиканың өтуіне жалпы жетекшілігі, кеңес беру және бақылау кафедрадан практика жетекшісі жүзеге асырады.

Кафедрадан практика жетекшісі міндетті:

q практикадан өтудің жоспар-графигін құру;

q студенттермен практикадан өтуінің жоғары сапасын және оның оқу жоспары мен программаларына сәйкестігін қамтамасыз ету;

q практика бойынша сынақтарды қабылдау бойынша комиссия жұмысына қатысу;

q студенттердің практика бойынша есептерін қарастыру, олардың жұмысы туралы пікір беру және студенттердің практикалық дайындықтарын жетілдіру бойынша ескертулер және ұсыныстарымен бірге практикадан өту туралы жазбаша есептерін кафедра меңгерушісіне беру.

Практикаға дайындықты студенттер сессия басына дейін 4,6 семестр (2-3 курстан) аяғында және 7 семестр (4 курс) аяғында бастайды. Топ старостасы кафедрадан практикадан өту мерзімін біледі. Практика басталғанға дейін 2 жұма бұрын кафедрада топ жиналысы жүргізіледі. Студенттер жиналысында практика мақсат ымен міндеттері туралы ақпараттандырылады. Практикадан өту реті мен ұйымдастырушылық сұрақтар, есептің дайындалу сұрақтары қарастырылады.

Практикадан өту периодында студенттер толықтай ішкі тәртіп және жұмыс режимінің қойылған ережесіне бағынады. Студенттер практикадан өтуге қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж өткеннен кейін ғана жіберіледі.

Практикадан өту кезінде студент міндеті:

1. Практикадан өткенге дейін студент кафедрадан практика жетекшісімен әңгімелесуді өту керек.

2. Практиканың қойылған мерзімін қатаң ұстау.

3. Практиканы өту периодында: еңбекті қорғау ережесін қатаң ұстау және меңгеру, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі, еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтау; орындалатын жұмысқа жауаптылығын беру және оның нәтижелері штаттық жұмысшылармен тең болсын; кәсіпорынның қоғамдық жұмыстарына қатысу.

4.Күнделік ұстау, практика программасын және кафедра мен кәсіпорыннан жетекші тапсырмаларын толықтай орындау, уақытында оны тапсыру және кафедрада қорғау.

Практикадан өту 5 сатыдан тұрады.

Біріші саты – практикаға дайындалу. Практикадан өтуге дейін барлық студенттер:

- практикадан өтер алдында нәтижелі кеңес алу мақсатымен берілген әдістемелік нұсқауларды өзіндік қарап шығу;

- кафедрада жалпы инструктаждан өту: практика мақсаты мен міндеті, практикадан өту реті, кафедрада практиканы ұйымдастыруға жауапты байланыс формасы, практика жетекшісінен практика тапсырмаларын алу;

- қажет құжаттарды алу және безендіру: практикаға тапсырма, практикадан өтудің берілген үлгідегі күнделік және жоспар-график (күнтізбелік жоспар).

Екінші саты. Практика орнына келгеннен кейін студент кафедра жетекшісін байланыс құралымен инструктажда көрсетілген бойынша өзінің жұмысқа орналасқанын хабарлайды. Ары қарай барлық туындаған қиыншылықтар мен келіспеушіліктер, егер ондай болса, жетекшімен байланысу керек.

Үшінші саты. Өндірісте жұмыс істеу. Бұл периодта барлық студенттер (жұмыс орнында отырғандар, стажерлер мен дублерлер) есепке материалдарды жинайды және өңдейді, күнделік және жоспар-график жүргізеді, есеп бөлімдерін жазады, өндіріс құрылымымен танысады. Студенттердің барлық қызметі үшінші сатыда өндірістен жетекші бақылауында өтеді, оған студенттер практиканың барлық сұрақтары бойынша барады.

Төртінші саты. Практиканың аяқталуына дейін 2-3 күн есепті безендіруге, өндірістен берілген жетекшіге тексертуге беру, олар бірінші бетінде қол қояды және мөрмен бекітеді, мінездемені безендіруге (мінездеме формасы С қосымшасында келтірілген), алынған материалды құнды заттарды өткізуге, әдебиеттерді тапсыруға, есеп айырысу мен шығуына арналады.

Бесінші саты. Кафедрада есепті қорғау (қорғау процедурасы ары қарай сипатталған) жас маманды дайындау элементінің бірі болып табылады. Практиканың аяқталуынан кейін бір апта мерзімінде студенттер кафедрадан берілген жетекшіге (жетекшілер көрсетіледі) есептерін тексертуге берулері және оны кафедра комиссиясына қорғауы керек.

Өндірістік практика бойынша бағасы теориялық оқыту бойынша бағаға теңестіріледі және студенттің жалпы үлгерімінің қорытындысын жүргізу кезінде есепке алынады.

Практика программасын қандайда бір жағдайлармен орындамаған студенттер практикаға сабақтан тыс уақытта қайта жіберіледі.

Практика программасын орындамаған немесе қорғауда қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер академиялық қарызы бар сияқты оқу орынан шығарылуы мүмкін.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1757 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...