Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Практика міндеттері. Кәсіп бойынша алғашқы дағдылар және білімдерді алу үшін практика міндеттері ретінде студенттердің жалпы



Кәсіп бойынша алғашқы дағдылар және білімдерді алу үшін практика міндеттері ретінде студенттердің жалпы кәсіптік және арнайы цикл пәндерін терңдетіп оқуы, мамандық бойынша практикалық және кәсіптік білімдер алу.

Өндірістік практика студенттердің практикалық оқуының келесі сатысы болып табылады. Өндірістік практиканың негізгі міндетін келесі түрде топтастыруға болады:

q ақпараттандыру объектісі ретінде практика базасының ұйымдастырушылық құрылымын оқыту, объектінің функционалдау ерекшеліктері, ұйымдастырушылық құрылымды схема түрінде көрсету;

q кәсіпорын, бөлімше, қызмет функцияларын талдау, бөлімшелердің функционалдау құрылымын көрсету, функционалды құрылымдарды схема түрінде көрсету;

q тәжірибе өтетін жұмыс орнынана автоматтандырылған жұмыс орнын, ақпараттық ішкі жүйе, анықтамалы-ақпараттық сайт құру;

q кәсіпорында бар ақпараттық жүйелердің ерекшеліктерін оқыту, сонымен қатар ақпаратты жинау, өңдеу және беру құралдары;

q ақпараттық жүйелер мен ақпараттар банкін құру үшін ақпараттық және есептеу техникасының құралдарын таңдау және пайдаланушы тәжірибесін оқыту;

q деректер базасын құру принциптерін, оның міндеттері мен функционалдау ерекшеліктерін оқыту, сонымен қатар оларды құрастырудың практикалық тәжірибесін алу;

q ақпараттық жүйелердің құрылымымен, элементтерімен танысу;

q ақпараттық процестер сипаттамасын талдау және оларды жобалау үшін алғашқы деректерді құру;

q нақты программалау құру жолымен алгоритмдік тілдер мен программалау білімдерін бекіту;

q нақты қаржылық, инвестициялық, қорды, өндірісті және басқа іскер құжатнаманы оқыту;

q қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау сұрақтарымен танысу;

q мамандық бойынша ары қарай оқу процесінде теориялық материалдарды жақсы меңгеруге көмектесетін белгілі бір практикалық білімдерін алу;

q курстық жұмыстар мен жобаларды орындау үшін қажет материалдарды дайындау және жүйелендіру;

q өндірістік ұжымда сөйлесудің бірінші тәжірибесін алу.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 749 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...