Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Практика мазмұны. Диплом алдындағы практика кезінде студенттер дипломдық жұмысқа материал жинақтаумен қатар ағымдағы



Диплом алдындағы практика кезінде студенттер дипломдық жұмысқа материал жинақтаумен қатар ағымдағы кәсіптік есептерін шешуде қатысу керек. Олар экономикалық ақпараттық жүйелер есептерін құрушылар, экономикалық есептер программистерінің, маркетинг бойынша экономистер және т.б. жұмыс орындарында қызмет істеуі мүмкін.

Студенттер қарастыратын негізгі мәселелер шеңбері:

qкәсіпорындағы басқару негізгі принциптері және әдістері, оларды жетілдіру бойынша мәселелермен танысу;

qэкономикалық ақпараттық жүйелер құрылымы және функционалдық мүмкіндіктерімен танысу;

qкәсіпорындағы экономикалық ақпаратты жинақтау, алмасу және өңдеу технологиясын зерттеу;

qэкономикалық ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған перспективті жобаларды зерттеу;

q ақпараттық жүйелер ішкі жүйелерін жобалау әдістерін зерттеу;

qақпараттық жүйелердегі жаңа техника функционалдық мүмкіндіктерімен техникалық сипаттамаларымен танысу;

qқұрылатын жүйелер және программалық қамтаманы патентті жасау;

qақпараттық жүйелер экономикалық тиімділігін есептеу әдістерін зерттеу;

qлокальды есептеу желісінің құрылымын зерттеу жіне құру.

Студенттерге ақпаратты жинақтаудан басқа дипломдық жобалау кезінде қолданылатын арнайы әдебиет және басқару материалдарын алу үшін кәсіпорын библиотекасымен, техникалық ақпарат бюросымен, стандарттау бөлімімен тығыз қарым-қатынас орнату керек.

Кәсіпорын қажеттіліктеріне және мамандық профиліне байланысты дипломдық жұмыс тақырыбы және дипломдық жұмысқа тапсырма практиканың бірінші аптасында қалыптасады. Дипломдық жұмыс тақырыбы практика өтетін кәсіпорын үшін нақты және өзекті болу керек. Практика өту кәсіпорынына байланысссыз дипломдық жұмыс тақырыбы кафедра отырысында бекітілу керек.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1659 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...