Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жеке тапсырмалардың мазмұны



Практика кезінде студент барлық жұмыс түрлерін, оларды орындау мерзімін, сонымен қатар осы жұмыстарды тексеру және бақылауға жауаптылар фамилияларын көрсететін практика күнделігін жүргізу керек.

Жеке жоспар-графигі практика басталған уақытқа дейін 3-5 күннен кешіктірмей өндірістен практика жетекшісімен бірге университеттен практика жетекшісі құрастырады. Өйткені студенттерді пайдалану бірнеше жұмыс орындарында ғана мүмкін, бірақ жеке жоспар-графикте әрбір студентті жұмыс орындары бойынша уақыттың жалпы бюджетін бөлуді көрсету керек.

Әрбір студент практикаға кетер кезде, программа және жоспар-графиктен (күнтізбелік жоспар) басқа, өзінің практика жетекшісінен жеке тапсырма алады,

Жеке тапсырмаларда практикадан өтетін жеріне байланысты практика уақытында студентке өндіріс бөлімшелеріне қолданылатын есептерді шешуге қажет сұрақтар тізімі келтірілуі керек. Жеке тапсырма студентті материал жинауға және есепті орындау кезінде шешуге қажет сұрақтарды шешуге бағытталуы керек.

Жеке тапсырмалар мазмұны мен оларды орындау мерзімі кафедрамен құрастырылады және кәсіпорынмен мақұлданады. Практикаға жіберілген кезде кафедрадан практика жетекшісі әрбір студенттің практика күнделігіне оны орындау мерзімін көрсету арқылы жеке тапсырмалар жазады.

Жеке тапсырмалардың мысалға алынған тематикасы оқудың әртүрлі периодтарында оқылатын пәндердің жұмыс программаларына сәйкес келеді. Жеке тапсырмалар тақырыбы практика базасы есебінің спецификасы есебімен түзетілуі мүмкін.

Студенттерге практикаға берілетін тапсырмалар:

q Экономикалық процесс моделін құру.

q Жеке модуль немесе экономикалық ақпараттық жүйенің кішігірім есептерін программалау тілінде программа құру.

q Есептеу машинасында программа кітапханасының құрылымын ұйымдастыру.

q Құрылымды, қолдану облысын және ақпараттық-іздеушілік жүйелерді меңгеру.

q Нақты қолданбалы экономикалық программалар пакетін зерттеу.

q Экономикалық ақпараттық жүйенің бар деректер базасын оқыту және оны дамыту бойынша ұсыныстар.

q Жаңа ақпараттық технологиялар, базалық ақпараттық үрдістер моделін ендіруді оқыту.

q Ақпараттық жүйе есептерінің бірнеше алгоритмдерін салыстырмалы талдау жүргізу.

q Нақты экономикалық немесе ұйымдастырушылық үрдістің имитациялық моделін құру.

q Кәсіпорынның ақпараттық жүйе шартында нақты қолданбалы программалар пакетін (немесе пакет бөлігін) байланыстыру (генерация жүргізу).

q Кәсіпорынның ақпараттық жүйесі үшін деректер банкінің құрылымын құру.

q Сәйкес талқылаулар және есептеулермен ақпаратты жинау, тіркеу және беру жүйесін құру.

q Бағыныңқы жүйенің біреуінен есеп қойылымын құру.

q Басқарудың нақты процестері бойынша операцияны зерттеудің оптимизациялық есептерінің математикалық моделін құру.

q Жергілікті есептеу желісінің схемасын оқыту және құру.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1130 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...