Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Билет 2. 2. Translate the text: “Royal family”



1. Grammar: Adjective. Degrees of comparison

2. Translate the text: “Royal family”

3. Speak on the topic: “Internet in modern life”

1. Grammar: Adjective. Degrees of comparison

The Adjective – сын есім

The Adjective – сын есім


The Adjective (сын есім) – заттың сын-сипатын, көлемін түр-түсін, сапасын білдіретін сөз табы:

beautiful day – әдемі күн
big apple – үлкен алма

Ағылшын тілінде сын есім қазақ тіліндегідей септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді:

a large tree – үлкен терек;
large trees – үлкен теректер;

his young wife – оның жас әйелі;
his young wife’s dress – оның жас әйелінің көйлегі;

Ағылшын тілінде сын есім мағынасына қарай бөлінеді:

1. Сапалық сын есімдер (Qualitative Adjectives)

Сапалық сын есімдер – заттың әр алуан белгісін (түр-түсін, көлемін, сапасын, дәмі мен иісін т.б.) білдіретін сөздер.

big – үлкен
red – қызыл
young – жас
old – кәрі
difficult – қиын
important – маңызды т.б.

Сапалық сын есімдердің негізгі белгілері:

а) шырайының 3 түрі бар (Degrees of comparison):

1) жай (the Positive Degree);
2) салыстырмалы (the Comparative Degree);
3) күшейтпелі (the Superlative Degree);

б) үстеулермен қолданылады:

very, too, so, rather, fairly
very big – өте үлкен

2. Қатыстық сын есімдер (Relative Adjectives)

Қатыстық сын есімдер – зат белгілерінің басқа бір зат қатысы арқылы анықталуы.

wooden – ағаш; a wooden house (made of wood)
American – американдық; an American boy (a boy from America)
grammatical – грамматикалық; a grammatical exercise (an exercise on grammar)
rural – ауылдық
iron – темір т.б.

Қатыстық сын есімдер шырайының түрі жоқ, үстеулермен қолданылмайды.


Сын есімнің шырайлары (Degrees of comparison)

Жай шырай – бұл оның сөздіктегі формасы.
Басқа екеуі осыдан туындайды.

Салыстырмалы және күшейтпелі шырайлардың жасалуының екі жолы бар:

1) жай (бір буынды сын есімдер: hot, thin, fat және кейбір екі буынды: happy, busy, pretty т.б.);

2) құрамды (барлық көп буынды: difficult, beautiful т.б.);


Жай түрі

Салыстырмалы шырай -er, -r жұрнақтары арқылы жасалады:

young – younger
old – older
John is younger than George. – Джон Джорджға қарағанда жасырақ.
Doctor Bell is older than his wife. – Доктор Бэлл әйеліне қарағанда кәрірек.

Орфографиялық ерекшеліктері:

y әрпімен аяқталатын сын есімдерде yi өзгереді:

happy – happier
busy – busier

Егер алдында екпінді буында тұрған дауысты болса сөз соңындағы дауыссыз қайталанады:

hot – hotter
thin – thinner

Егер жай шырайдағы сын есім -e аяқталса, онда тек қана -r жалғанады:

fine – finer

күшейтпелі шырай -est, -st жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Күшейтпелі шырайдағы сын есімнің алдында міндетті түрде the белгілі артиклі тұрады:

young – (the) youngest
old – (the) oldest
Jack is the youngest member of the family. – Джек – отбасындағы ең жас мүше.
He is my oldest friend. – Ол менің ең бұрынғы досым.

Орфографиялық ерекшеліктері дәл сондай:

y әрпімен аяқталатын сын есімдерде yi өзгереді:

happy – (the) happiest
busy – (the) busiest

Егер алдында екпінді буында тұрған дауысты болса сөз соңындағы дауыссыз қайталанады:

hot – (the) hottest
thin – (the) thinnest

Егер жай шырайдағы сын есім -e аяқталса, онда тек қана -st жалғанады:

fine – (the) finest


Құрамды түрі белгілі бір сөздердің көмегімен жасалады.

салыстырмалы шырай more – көбірек и less – азырақ сөздерінің көмегімен жасалады:

difficult – more difficult, less difficult;
beautiful – more beautiful, less beautiful;
Family and friends are more important than money. – Жанұя және достар ақшаға қарағанда маңыздырақ.

күшейтпелі шырай алдында the белгілі артиклі бар most және least сөздері арқылы жасалады:

difficult – (the) most difficult, (the) least difficult;
beautiful – (the) most beautiful, (the) least beautiful;
This exercise is the most difficult one in the textbook. – Бұл жаттығу оқулықтағы ең қиыны.


Бұрыс сын есімдер

Кейбір сын есімдер шырай түрлері ережеге сай жасалмайды, оларды есте сақтау керек.

good – жақсы, better – жақсырақ, (the) best –ең жақсы;
bad – жаман, worse – жаманырақ, (the) worst – ең жаман;
little – кішкене, less – кішірек, (the) least – ең кішкене;
many, much – көп, more – көбірек, (the) most – ең көп;
far – алыс, further – алысырақ, (the) farthest, furthest – ең алыс;

Your neighbourhood is better than mine. – Сіздің ауданыңыз менікіне қарағанда жақсырақ.
Laziness is the worst of his faults. – Жалқаулық – оның кемшіліктерінің ішіндегі ең жаманы.

3. Speak on the topic: “Internet in modern life”





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 475 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...