Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. ҚР Заң қызметін ұйымдастырудың қайнар көздері



“ҚР Заң қызметін ұйымдастыру” пәнінің қайнар көздері болып мемлекет тарапынан қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Ол құқықтық актілер құқыққорғау қызметінің жүйесiн ұйымдастырады.

Заң қызметін ұйымдастыру туралы, олардың қызметі туралы көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданған. Сондықтан Заң қызметін ұйымдастыруының және қызметтерінің негіздерін оқып білу көптеген құқықтық актілерді қарастыруды талап етеді.

Заң қызметін ұйымдастыруды реттейтiн нормативтік құқықтық актілерді мазмұнына байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады:

1. Жалпы сипаттағы актілер (Конституция, ҚК, ҚІЖК, АІЖК)

2. Сот билігі, сот әділдігі туралы актілер

3. Прокурорлық қадағалау және прокуратура органдары туралы актілер

4. Ішкі істер органдары және қылмыстарды тергеу туралы актілер

5. Заң көмегі және оны ұйымдастыру туралы актілер.

Мемлекеттiң және оның органдарының қызметi қоғам және мемлекет өмiрiнiң көптеген салаларын қамтиды. Оның iшiнде адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелер мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға және құқық тәртiптi қамтамасыз етуге байланысты мәселелер маңызды мiндеттердiң қатарына жатады. Бұл мiндеттер Қазақстан Республикасы Конституциясының 11,31,39 баптарында және т.б. баптарында көрсетiлген.

Заң қызметін ұйымдастырудың өзiне тән ерекшелiктерi бар. Бұл қызмет түрi конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Заң қызметін ұйымдастырудың қағидалары деп—құқық қорғау қызметiнiң мәнi мен мазмұнын анықтайтын және жалпы басшылыққа алынатын тұжырымдар мен ережелердi айтамыз.

Сот әдiлдiгi- мемлекеттiң құқыққорғау қызметiнiң бiр бағыты. Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде сотқа мемлекеттiк мәжбүрлеу құқығы берiлген. Сот шешiмдерi мен судьяның талаптарын орындамау немесе өзгедей құрметтемеу заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Жалпы алғанда, сот әдiлдiгi дегенiмiз — қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк және өзге де iстердi қарастыруды және шешудi заңда бекiтiлген тәртiптi сақтай отырып және мемлекеттiк мәжбүрлеу шараларын қолдану негiзiнде соттардың жүзеге асыратын құқыққорғау қызметi. Сот әдiлдiгiнiң мақсаты — соттардың құзiретiне жатқызылған барлық iстер бойынша әдiл талқылауды қамтамасыз ету.

Судьялардың тәуелсiздiгi және олардың тек Конституцияға және заңға бағынуы сот төрелiгiн жүзеге асырудың қажеттi шарты, iстiң ақиқаттығын ашудың кепiлi болып табылады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде судьялар сот әдiлдiгiнiң конституциялық қағидаларын басшылыққа алулары қажет. Республиканың 1995 жылғы Конституциясының 77 бабында сот әдiлдiгiнiң мәнi мен негiзiн құрайтын аса маңызды қағидалары бiрiншi рет нысандалып, бекiтiлдi.

Сот әдiлдiгi қағидалары — Қазақстанда бiрегей сот жүйесiн ұйымдастыру мен оның қызметiн тiкелей реттейтiн жалпы құқықтық нормалар болып табылады.

Сот әдiлдiгiнiң қағидалары сот және сот құрылысы туралы заңдарды дамытуда, Қазақстан Республикасында заңдылықтың сақталуын, адамдар мен азаматтардың құқықтардың қорғалуын қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде конституциялық қағидаларды бұзу әдiл төрелiкке қайшы сот қаулыларын шығаруға әкеп соқтырады және сот әдiлдiгiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келедi.

3-тақырып. «ҚР Заң қызметін ұйымдастыру»





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 11428 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...