Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ділет органдарының жүйесі



Жүйесі, әдісі

Заң қызметін ұйымдастырудың түсінігі:

Азақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз құзіретінің шегінде құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Әділет министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті құқықтық көмекті, құқықтық түсіндіру жұмыстарын және халыққа заңгерлік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Комитеттің құрылымы: басшылық; заң қызметін ұйымдастыру басқармасы; құқықтық түсіндіру жұмыстары бөлімі; лицензиялау және әділет аттестаттау комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бөлімі.

Қазақстан Республикасының әділет органдары (бұдан әрі - әділет органдары) Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жауапты және Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін, өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы өкімет органдары болып табылады.

Әділет органдары құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету, құқықтық насихат салаларында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік нотариаттың кадрларын іріктеу, аттестациялау және орналастыру, заңдармен белгіленген тәртіппен адвокаттар мен нотариустардың лицензияларын беру, кері қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату;

2) мемлекеттік нотариаттық кеңселердің қызметін басқару, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, нотариаттық іс жүргізу және жеке нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі жөніндегі қағидаттарын сақтауын бақылау;

3) нотариаттық және адвокаттық қызметті, ақылы заңгерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау, адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заңгерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау, бағалау қызметін лицензиялау;

4) азаматтық хал актілері жазу органдарының қызметін қамтамасыз ету;

5) орталық атқарушы органдардың заңгерлік қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;

6) нотариаттық кеңселердің, АХАЖ органдарының, адвокатураның заңды және жеке тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметтерінің сапасын бақылау;

7) АХАЖ органдарының кадрларын аттестациялау, іріктеу және орналастыру, АХАЖ органдарын ұйымдық, әдістемелік басқару, олардың қызметіндегі бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету.

ділет органдарының жүйесі

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Комитеттері;

3) аумақтық әділет органдары;

4) қылмыстық атқару жүйесінің органдары мен мекемелері (ұйымдары);

5) өзге де ведомстволық бағынысты органдар (ұйымдар) кіретін бірегей

жүйені құрайды.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 3202 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...