Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саласындағы функциялары



1) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды жазалауды орындайтын органдар мен мекемелер орналастыруды ұйымдастыру;

2) сотталғандарға қатысты соттар үкімдерін, қаулылары мен ұйғарымдарын бақылау және орындау, жазалауды орындайтын органдар мен мекемелерде режимдiк талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

3) жазалауды орындайтын органдар мен мекемелердi қорғау, сотталғандар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Жазалауды орындайтын органдар мен мекемелерде оперативтiк жағдайды бақылау;

4) сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқаруды, жазалауды орындайтын мекемелер мен органдардың басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен сотталғандарды түзеу нәтижелерiн бекiту, оларды еңбек және тұрмыстық жағынан орналастыру жөнінде іс әрекет жасасуын қамтамасыз ету;

5) жазалауды орындау мекемелерiнде жедел-iздестiру қызметi;

6) қылмыстық-атқарушылық жүйенi дамыту, нығайту және жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;

7) қылмыстық жазалауды орындау саласындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 2540 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...