Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Атмосфераны қорғау



Ауаны және су қоймаларды ластайтын заттардың шекті мүмкін концентрациясы (ШМК) санитарлық заңнамамен бекітілген. ШМК әрбір зиянды зат үшiн бекiтiледi.

ШМК – бұл адам денсаулығына күнделікті ұзақ уақыт бойы әсер еткенде организмге аурулық өзгерістер және оның ұрпақтарына тұқым қуалаушылық ауруларды туғызбайтын, ауаның бірлік көлемінде немесе массасында зиянды заттардың максималды мөлшері.

ШМК -нің екi түрі бар:

1) ШМК максималды бiр жолғы, сынамаларда 20 минут ағымында өлшенеді;

2) ШМК ортатәуліктік, яғни ортаөлшемді концентрация 24 сағатта.

ШМК адамның тыныс деңгейімен анықталады, мг/м3-мен өлшенедi.

2.1 кесте - кейбiр зиянды заттардың ШМК

Зат ШМКорт.тәул./ ШМК макс.б
Азот диоксидіNO2 0,04/0,085
бенз(о)пирен C20H16 0,000001/–
Ванадий пентаоксидіV2O5 0,002/–
Күйе 0,05/0,15
Шаң, күл 0,15/0,5
Күкіртті ангидридSO2 0,05/0,5
КүкіртангидридіSO3 0,1/0,3
КүкіртсутекH2S 0,008/0,008
Көміртек оксидіCO 3/5

Фондық ластану - қаралатын кәсiпорынның шығаруларының есептеуінсіз болатын ластану.

Әр лақтырып тасталатын зиянды заттар үшiн келесi шарт сақталу керек

мұндағы, Сi - i-шi зиянды заттың жерге жақын концентрациясы, мг/м3;

ШМКi - i-шi заттың ШМК мағынасы,мг/м3.

Атмосферада зиянды заттардың қатар кездесуі олардың улылығын арттыруы мүмкін. Мұндай заттар бiр жаққа бағытталған әрекетті зиянды заттар деп аталады. Соған сәйкес, сондай заттар тізімінің жалпы әсерінің есептеудің қажеттілігі туралы талап енгізілген, яғни атмосферада бір уақытта бiр жаққа бағытталған әрекеттi бiрнеше зиянды заттардың болуы келесі шартты қанағаттандыруы керек:

Осы уақытқа жиынтық әрекетке ие келесі зиянды заттар бекітілген:

1) күкірт диоксидi + азот диоксидi;

2) күкірт диоксиді + күкірт қышқылының аэрозолі;

3) күкірт диоксиді + фторлы сутек;

4) күкірт диоксиді + күкiртсутек;

5) күкірт диоксиді + фенол;

6) күкірт диоксиді + күкірт оксиді + аммиак + азот оксидi;

7) күкірт диоксиді + азот диоксиді + фенол + көмiртек оксидi.

Аталған қосылулардан жылуэнергетиктер үшiн ең маңыздысы бірініші топ ие болады, өйткенi күкiрт диоксидi және азот диоксидi жану өнiмдерінде iс жүзiнде әрқашан бiр мезгiлде кездеседі.





Дата публикования: 2014-10-17; Прочитано: 2234 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...