Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрістер комплексі



Дәрістер комплексі

Инженерлік экология пәні бойынша

5В071700 Жылуэнергетика мамандығының студенттеріне арналған

Астана 2012

Кіріспе.

Бұл бағытта жылу энергетиялық қондырғылардың жұмысы кезінде атмосфераға зиянды шығарулар зерттеледі, шығарулардағы зиянды заттардың мөлшері мен концентрациясына режимді факторлардың әсері, жылуэнергетикалық қондырғылардың эксплуатациясына технологиялық режимдердің енгізуі кезінде төмендету жолдары, өндірісте зиянды заттардың құрамдас бөлiктерiн пайдалану зерттеледі

Пәнді оқыту мақсаты қоршаған ортаны қорғаудың төңiрегiндегi өнер-бiлiмдерiнiң қалыптастыруы және табиғи қорларды тиiмдi пайдалану, әр түрлi отындарды жағу кезінде пайда болатын зиянды қоспалардың жасалу процестерi туралы, жылутасығыштарды пайдалану кезінде пайда болатын зиянды заттардың және көмекшi материалдардың пайда болу процестері. Жылуэнергетикалық қондырғылардан шығатын газдарды және ағынды суларды тазартуда қолданылатын схемалық шешімдер мен технологиялық режимдердi зерттеу.

Адамзат қоғамының әлемдiк дамуының объективтi нақтылығы ретінде өнеркәсiптің дамуы, көлiктiң және ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға әсерi болып табылады. Қоршаған ортада әр түрлі ластағыштар көбеюі мен жиналуы биосферада пайда болатын табиғи процестерді бұзуы қабiлеттi.

Адамның, өсімдік және жануарлар әлемінің биосферамен өзара iс-әрекетiнiң мәселелерiмен айналысатын ғылым экология деп аталады.

Табиғатты қорғау табиғи-ғылыми жүйені, өндiрiстiк-техникалық, экономикалық және әкiмшілік - құқықтық іс-шараларды, табиғи қорларды тиiмдi пайдаланудың қамтамасыз етеді.

Қоршаған ортаға энергетиканың әсерi қандай? Еңбектiң энергиямен қарулануының өсуi және тұрмыста электр қуатын тұтынуы, электроэнергетиканың одан әрi дамуына бағытталады, ал демек, қоршаған ортаға және биосфераға әсерін арттырады. Атом энергетикасы дамуын жалғастырады. ТМД елдерінде электр энергиясының өндiрiсiнiң құрылымы 2000 ж.,млрд.кВт*сағ: ЖЭС - 1530, АЭС - 520, СЭС - 300, барлығы - 2350.

Адам үшiн ең үлкен қауiп-қатер қалалардағы атмосфералық ауаның ластануы болып келеді.





Дата публикования: 2014-10-17; Прочитано: 1118 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...