Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Табиғат пен адамға зиянды шығарындылардың әсері



Биосфераға атмосфераның төменгі қабаты және су мен жер бетінің жоғарғы қабаты жатады.

Атмосфераға тек ЖЭС шығарындылары ғана емес, сонымен қатар басқа да өндірістік кәсіпорындардың, моторланған көлік және адам іс-әрекетінен пайда болатын басқа да зиянды шығарындылар түседі. Бұл шығарындыларды антропогендік деп атайды, одан басқа табиғи шығарындылар да болады.

Атмосфераға түсетін табиғи және антропогендік компонентердің масштабы шамалас. Дегенмен, өнеркәсiп халықтың көп шоғырланған аудандарында атмосфераға ауаны ластайтын заттарды шығарады. Өндірістік ластану жердің бірлік ауданында табиғи ластанумен салыстырғанда көп болады.

Компонент Табиғи, т/жыл Индустриялық, т/жыл
Көміртек екі тотығыСО2 7∙1010 1,5∙1010
Көміртек тотығыСО - 2∙108
Күкіртті газSO2 1,42∙108 1,09∙108
NOх 1,4∙109 6,5∙108
Шаң (0,77ч1,2) ∙109 (0,1ч0,2) ∙109

Таза ауа деген не? Бұл 78,03 % азот, 20,99 % оттегi, 0,04 % көмiрқышқылының қос тотығы және шамамен 1% инерттi газдар. Атмосфералық ауада әр түрлi ластағыштардың жоғары дәрежеде болуы оттегі құрамын төмендетумен бүкіл тірі ағзаға кері әсерін тигізеді. Атмосфераның ластануының кері әсерi адамдар және жануарлар денсаулығының нашарлауымен, ауылшаруашылығының өнімділігінің төмендеуімен байқалады. Зиянды заттардың әсеріне орманды қоныстар да ұшырайды. Атмосфераның ластануы құрылыс конструкцияларының коррозиялық процестеріне, ғимараттар мен құрылғылардың бұзылуына әсер етеді.

1.1 кесте - Атмосфераның ластануына әр түрлi салалардағы кәсiпорындардың рөлі

Кәсіпорын Атмосфераға зиянды заттардың түсуі, %
ЖЭС жәнеқазандықтар  
Қараметаллургия  
Мұнай өндірісі  
Автомобильдікөлік 12,5
Түстіметаллургия  
Өндірістікқұрылыс материалдары  
Көмір өнеркәсібі 2,5
Химияөнеркәсібі 1,3
Басқалар(с/х қондырғылар, жылытқыш агрегаттар, кептіргіш қондырғылар) 8,7
Барлығы  

1.1 кестеден көрініп тұрғандай, атмосфераның ластануының негізгі бөлігін органикалық отынның базасында жұмыс істейтін технологиялық процестер және ол өндірістің жалпы шығарындыларының 3/4 бөлігін құрайды.

Шығарындылардың әсерінің екi негiзгi түрі бар: локальды және глобольды (жалпы).

Локальды әсер қоршаған ортаға және адамға диаметрі 20-50 км болатын ауданға таралады (биік түтін құбыр кезінде).

Глобальды - берілген ЖЭС және одан кез келген қашықтықта орналасқан кәсіпорынның әсері биосфераға таралады.

ЖЭС-тен шығарылатын зиянды затардың локальді әсерінің сұрақтарын қарастырайық.

Күкiрт оксидтерi. Өсiмдiктердiң хлорофилі, жапырақтар мен қылқан жапырақтар бүлінеді.

Қылқан жапырақты ағаштар күкірт диоксидіне өте сезімтал болып келеді.
Ауада құрамында 0,08-ден 0,23 мг/м3 дейін күкірт диоксиді немесе шаңның болса фотосинтез қарқындылығының кемуі мен қылқанның баяу солуы жүреді. 0,23-0,32 мг/м3-ден күкіртті газ болса, онда фотосинтездің бұзылуы мен қылқанжапырақтың тынысы 2-3 жылда қарағайдың кеуіп кетуіне әкеледі. Жапырақты ағаштар SО2 -нің концентрациясы 0,5-тен 1 мг/м3-ге дейін болса бүлінеді.

Күкiрт диоксидiнiң және шаңның орташа жылдық концентрациясы атмосфералық ауада 0,08 мг/м3 құрайды, ол адамдарда көру мүшесін өзгертіп, жайсыздық күйін шақырады. 0,1 мг/м3 концентрация кезінде тыныс симптомдарының нашарлауы болады. Одан әрi күкiрт диоксидінің және шаңның ауадағы құрамы 0,25-0,5мг/м3 жоғарылағанда өкпе ауруымен ауыратын науқастардың күйі нашарлауы байқалады. Жоғарыда айтылған заттардың атмосферада орташатәуліктік концентрациясы 0,5 мг/м3 жоғары болса, адамдардың жиі ауруына және өлiм-жiтiмнiң өсуiне алып келеді.

Атмосфераға түсетін күкiрт триоксиді ауа ылғалдылығымен әрекеттесіп, қондырғылар мен конструкцияларды белсенді тоздыратын күкірт қышқылын түзеді.Атмосфералық ластанудың адамдарға алғашқы әсері - атмосферадағы ластағыштардың концентрациясы күрт өскенде және қолайсыз метеорологиялық жағдайда улы тұман. Екiншi әсер етуі - созылмалы ерекше аурулар.

Азот тотықтары. Көздiң шырышты қабатын және тыныс алу жолдарын кенет тітіркендіретін қасиеті бар. Олар сұйық ортада нашар ериді, сондықтан олар өкпеге жеңіл өтіп, бронхтардың зақымдануына әкеледі. Концентрациясы 2 мг/м3-қа дейін азот оксидінің ұзақ әсері өсімдіктердің хлорозына алып келеді. Азот тотықтары атмосфераның мөлдiрлiгiн төмендетеді және фотохимиялық тұман мен смогтың пайда болуына әсер етеді.

Ванадий оксидтерi. Өте улы. Ванадий пентаоксидi мазуттың күлiнің құрамына кiредi. Бұл зат адамдардың және жануарлардың тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, терінің бүлінуіне, қанайналымы және жүйке жүйесінің, зат алмасудың бұзылуына әкеледі.

Бензапирен. Канцерогендi қасиеттерге ие болады, яғни қатерлi ауруларды шақырады (қатерлі ісік).

Көмiртек оксидi. Қан құрамын өзгертедi, жүйке қызметінің бұзылуына әкеледі, өмір сүру уақыты бес тәулiкке дейiн.





Дата публикования: 2014-10-17; Прочитано: 2382 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...