Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Магнезитті циклдiк тәсiл



Тәсiлдiң мәнi: Күкірт диоксидінің магний оксидінің (магнезитпен) суспензиясымен байланысы келесі реакция арқылы анықталады

МgO + SO2 = МgSO3

Пайда болған магний сульфиді қайтадан күкірт диоксидімен және сумен өзара әрекеттесіп, магний бисульфидін түзеді.

МgSO3 + SО2+ Н2О = Мg(НSO3)2

Пайда болған бисульфид магнезитті қосу арқылы бейтараптанады

Мg(НSO3)2 + МgO = 2МgSO3 + Н2О

Температурасы 800-900 °С кезінде күйдiрудiң процесiнде пайда болған магний сульфиді келесі реакция өнімдерін түзіп, термиялық жіктеуге ұшырайды:

МgSO3 МgO + SO2

Магний тотығы процеске қайтып келеді, ал концентрирленген күкiрттi ангидрид күкірт қышқылына немесе қарапайым күкіртке өңделуі мүмкін.

Түтіндік газдар (4.4 сурет) күкірт қышқылынан скрубберде 1 0,03 %-ке дейін тазаланады, пайда болған концентрациясы 50-70 г/л болатын магний бисульфид ерітіндісі циркуляциялық жинаққа кіреді 3,одан ерітіндінің бір бөлігі тегеурінді бакке жіберіледі 2 және скруббердің сулануына қайтып келеді, ал қалған бөлігі бейтараптандырғышқа 4 магний сульфидін бөлу үшін өтеді.

ТГ - тазаланған газ; ТГ - түтiндік газдар

1 - скруббер; 2 - тегеурiндi бак; 3-циркуляциялық жинақ; 4 - бейтараптандырғыш; 5 - гидроциклондар; 6-таспа вакуум-сүзгiш; 7 - сығымдау-сүзгiсi; 8 - тазартылған ерiтiндiнiң жинағы; 9 - күйдiру пешi.

4.4 сурет – магнезитті тазалау әдісінің сұлбасы

Әдiстiң артықшылықтары: түтіндік газдардың алдын ала салқындатуынсыз газдардың жоғары дәрежеде тазартудың (90-92 %) мүмкіндігі. Магний сульфитiнiң күйдiруi ЖЭС-тан тыс химиялық кәсiпорында өндiруі мүмкін, өйткенi кептiрiлген және құрғаған кристалдар жеңiл тасымалданады.

Кемшiлiктері: көлемінің үлкен болуы, күкiрт қышқыл өндiрiсiнiң және қатты заттармен әр түрлі операциялардың болуы; кристалдардың кептіруі және гидратты ылғалдылықты жою үшін жылудың көп мөлшері қажет.

Аммиакты - циклдiк тәсiл. Тәсiл қайтымды реакцияға негізделген


(NH4)2SO3 + SO2 + Н2О 2 NH4НSO3

30-35 °С температура кезінде реакция солдан оңға қарай жүреді, ал ерiтiндiнiң қайнатуы кезінде 97 °С болғанда - керi бағытта жүреді.

Артықшылығы: аммиакты - циклдiк тәсiл сұйытылған 100 %-дық күкіртті ангидрид және амоний сульфатын алуға мүмкiндiк бередi.

Кемшiлiктері: үлкен экономикалық шығындар, көлемінің үлкен болуы, процестiң қиын жүруі, күкірттің абсорбциясы алдында түтiндік газдарды алдын ала терең салқындатудың қажеттiлiгі.


Күкiрттiң тотықтарының шығуларын есептеу

Әр қазанның түтіндік газдармен атмосфераға шығарылатын күкiрт екітотығына г/жыл, г/с қайта есептегенде SO3 және SO2 күкірт тотықтарының жалпы саны.


мұндағы
В – қаралатын мерзім ішінде тұтынылатын отынның шығыны; т/жыл, г/с;

SР - жұмыс массасына отын құрамындағы күкiрт мөлшерi, %;

з' - қазанда ұшпа күлмен байланысқан күкiрт оксидтерiнiң үлесi;

з'' - сулы күлұстағышта жолшыбай қатты бөлшектердi ұстаумен жүретін күкірт тотықтарының үлесі.Құрғақ күлұстағыштардағы күкiрт тотықтарының үлесi (құрғақ инерциялы, электрофильтрлер, маталы сүзгiлер) нөлге тең. Бұл үлес сулы күлұстағыштарда суғаратын судың және әкелінген күкіртті отынның ортақ сiлтiлiгінен тәуелді;

зС - күкiрт тазалағыш қондырғыларда ұсталатын күкірт тотықтарының үлесі:

зОС және зК - күкiртұстағыш қондырғы мен қазанның жұмыс істеу сағ/жыл.





Дата публикования: 2014-10-17; Прочитано: 1184 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...